Өлеңдер ✍️
Шешесі Тоғайдың зары
Жайраңдап жүрсе тұстасы-ай,
бұйырмай ез жер үш тасы-ай!
Жарығымды жалмаған
Қу жалғанның қысқасы-ай!
Қан болып жасым құйылды-ай!
Сүйегің қалды қиырда-ай!
Топырақ жалғыз балаңнан
бұйырмай калды-ау, бұйырмай!
Қыршының кектей қиылды-ай!
Кел болды кез жас тиылмай!
Қолымнан қарғам бір уыс
топырақ қалды-ау, бұйырмай!
Қасірет бұлтын сиырмай,
қайғылы жыл жоқ биылдай!
Жанындай керген екеңнен
топырақ қалды бұйырмай!
Қанішер сұмдар жауыз-ай!
Тоймады қанға ауызы-ай!
Таусылар емес арманым,
аузына сусын тамызбай!
Суалып шалқар айдыным,
түнек боп жарық ай, күнім!
Кеудеде шерім шемен боп
Жүрекке құйды-ау, қайғыны!
Кепірдің діні қатты екен!
Аққуды қайтіп атты екен?!
Жалғызын ойлап етерде!
Жапанда қайтіп жатты екен?!
Кезімнің жасын келдеттім,
Қара тас қайғы меңдетті!
Алмайды неге құдайым,
аққуды атқан жендетті!
Қай жауыз оғы тиді екен?!
Қандай сыр ойға түйді екен?!
Балауса балғын баламды
Елімге қайтіп қиды екен?
Батты ғой қайғың жанға аса,
арманым жетпес самғаса?
Зар болдым жалғыз иіскеуге,
Киімің қалды-ау, қан жоса!
Аузына түстің қасқырдың!
Ажалға неге бас бұрдың!
Шегінбей қойдың сен неге?!
Бакелді кімге тапсырдың?!
Қалуға досты құтқарып,
Шайқастың жаумен сұқтанып!
Керсеттің ерлік! «Арғымақ
аунаған жерде түк қалып»!..
Қиды екен қайтіп жаныңды?
Сапырып судай қаныңды!
Қарғам
-ау, кімге тапсырдың
Жас қалған жайсаң жарыңды?
Таусылды
-ау, шіркін амалым!
Қарғамды қайдан табамын?!
Үш ұйықтасам ойда жоқ!
Келеді
-ау,
- деген «хабарың»!
Есіктің алды қара су,
Жалғанда жоқ
-ау, жаны ашу!
Естіртед
– деген ойда жоқ,
К
етеріп келіп қара ту!
«Топырағыңды
к
ермедім!*19
Е
з қолымнан
к
ембедім!
Артыңда сорлап қалғанша Езіңнен бұрын елмедім!!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter