Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  152


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Мың жылан

Жау жатқанда мұндалап,
Жатады екен кім қарап?
Суыт хабар келеді
таяп қалды сын сағат.
Шекарадан аттаған,
Жерімізді таптаған,
Келе жатыр мың жауыз,
Қара құрттай қаптаған.
Қалың қолын ендіріп,
Отымызды сендіріп,
тас-талқан ғып қайтпақшы
бізге қауіп тендіріп!!
Темір тертіп ұстанып,
Мұздай қару күшті алып,
Жалаңдайды айдаһар
Мың жалмауыз сұстанып!!
Үлес алып жерінен,
бірақ, шықпақ терінен...
Қара тас та балқиды
Жалмауыздың зерінен!!
Қолда дайын айғағы,
Сол Хужирт сайдағы,
Ұстағаны қытайдың
Америка сайманы!
Жатып алды асуда,
Аспанға уын шашуда!
бекініп ап, асуға,
Кеңілі кел тасуда!
Тігіп алып тасқа «үйін»,
бекініп ап, «кеш-құйын»!
Шекарада жау жатыр
дайындалып тас түйін!!
Соғыс – деген тең тұру,
елу, елде, елтіру.
менменсіген дұшпанды
теубасына келтіру!
Маусымында доңыздың,
Шиырын сап, сан іздің
ойы жаман қаптаған
Қара қытай қоңыздың!
Қарамай құз, қар, суға!
бізді қырып тауысуға.
Шабуылға шықпақшы
бесі күні маусымда.
Жау келеді анталап,
Кез қызарған қанталап!
Жерімізге анталап,
Сұстанады сан талақ!!
Жылан басы қақшиып,
Ысқырады шақшиып!
Менсінбейді сұмырай
Кекке қарап шекшиіп!
Еркінсиді қол қалың,
Мекендемек жау зелім!
Әкесінің үйіндей
Моңғол жерін, тауларын!
Кеңілі неткен ектем ед!
Киіп-жарып кектемек!
Айға шауып үреді
Мың жалмауыз кек тебет!!
Хужирт сай шатқалын,
Тас-талқан ғып атқалы!
Жалмауыздай жұтқалы!
Мың жылан тұр шаққалы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу