Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2022
198

Ағайынды үш алып
Мешағаңның алдағы,
орындалып арманы.
Әзікей мен Нежікей,
палуан болды Борбаны.
Күреспен жаз, қыс алып,
бір- бірінен күш алып.
Тартып туған екеге,
ағайынды үш Алып!
Күш, қуаты орасан,
бұқа мойын, бура сан.
Қызып кетер жүйріктей,
айғай салып шуласаң.
Тойларда кеп алысты,
қолдан бермей намысты.
Кедімгі асау жамбаспен ,
талайларды жанышты.
Саусағымен салалы ,
қылтасынан шалады.
Кезек-кезек сан рет,
Бас бейгені алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇