Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  141


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Шарлау

Үлкенің ап, батасын
Бола қалып жас себи
Ойнайсың да жатасың
Кейде тігіп тастан үй.
Кейде қуып жылғаны,
Тасқын болып ағасың.
Кейде тартып шырғаны
Таудан түлкі қағасың.
Кейде тулап жар тасты
Тасқын болып тебесің.
Кейде кезіп тау-тасты
Болджырып-ақ келесің.
Ақ кептерге еліктеп,
Абзал жанға сүйініп,
Құйқылжисың теніп кеп
Қыран болып түйіліп.
Ойға шомып қаласың
Кез жібертіп алысқа.
Кейде қажып қаласың
Қожайын боп марсқа.
Кейде бірге белісті
Ғашықтардың сырларын.
Сен де бірмен кемісті
Құшақтасып тұрғаның.
Қарыс жері қалмаған,
Баспаған да, бармаған.
Бұл ‒ ақының қиялы ғой
Шабыты ғой шарлаған.
28.XII.1965г
***
Саған түсім айтып барлық жейтты,
Ар жанымды ез алдыңа жайыпты.
Оған сіре мен емеспін турасы
Кешіргейсің, жан жүрегім айыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу