Өлеңдер ✍️
Алтынның сынығы туралы жыр немесе кісі ұстаған ‒ қырғын жыл қайғысы
(Толғау)
I
Күні құлап, кектен ай түсті!
Тебеден жасын жай түсті!
Жақсы мен ұстап жайсаңды,
Торлады тұман тал түсте!
Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн!
Бақ тайып бастан сырғыр күн!
Зересі ұшқан халықтың,
Запыран толы тұлдыр күн!
Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдырды!
Жүректі қайғы тілдірді!
Бейуаз бейғам Ерді ұстап,
Кек қалпақтылар бүлдірді!
Кегендеп қойшы ұстапты!
Зауал боп тиді күш қатты!
Жер таппай жанды қоярға,
Жалмауыз темір тіс батты!
Қарадай қан, жас тегеді!
Аһ! ‒ ұрып, қайғы шегеді!
Ішкені елдің ірің боп,
Зер болды ‒ желім жегені!
Ертейді үрей езегін!
Үстінде жаны шеженің!
Қорыққанда халық қан сиді!
Күтумен күнде кезегін!!
Жүрсе де үйден қашқақтай ,
Тосады ажал қас қақпай!
Ерлердең шығып естері,
Кеудеге қалды ас батпай!!
Ұсталған хабар таратып!
Ел гу-гу есек боратып!
Аяқ, қол, кезі байлаулы,
Таңылған теріс қаратып!!
Кекірек қарс айырылған!
Қалың жұрт қажып, қайғырған!
Ұсталды Себет жеті адам!
Қырғындай тиіп Ойғырдан!
Болмасқа қайтсін бекінді ел!
Себетке қатты екінді ел!
Ұлар-шу қалды артында,
үш ейел, тірі жетімдер!
Оқиға сұм, шым-шытырық!
Жан алғыш алған құтырып!
Қарамай жетім-жесірге
мал мүлкін кетті сыпырып!
Бірегей батыр нарға тен,
Ұсталып Себет молда атаң,
Шырылдар қалды қалың қыз,
Бес ағасымен Қобдахан!
Бұғанасы да қатпаған,
Он жаста тағдыр таптаған!
Қобдаған қатігез емірдің,
Есігін солай аттаған.
II. Алтынның сынығы
Ағасы Шолтай аялап
Бауырына құшақ жаяды-ақ!
Енеге үлгі алумен
Қобдахан есті саялап.
Білініп бала жалыны
Жігерін қайрап жаныды.
Ағадан еріп үйреніп,
Кез ашып, қара таныды.
Үлкеннен алғыс, бата алды,
Сүрінбей сыннан ете алды,
Қаршадайынан еңбекқор,
Зерделі бала атанды.
Бағада жүріп, бай малын,
Оралды арман, ой қалың.
Бір-ақ күн қашты мектепке,
Қайырып тастап қойларын.
Сабаққа кеңіл беліп, тек,
Тербие, телім керіп кеп,
Емірге қанат қағады,
Ағасына ол еліктеп.
Білім де алып, кеп керім,
Етіп те емір еткелін
Алғашқылардың бірі боп,
Тауысты кадр мектебін.
Еңбекте ерен мақталған
Абыройы биік сақталған,
Аймақтың орынбасарын
Увсда жақсы атқарған.
Талай жыл бастық болды аға,
Еңбекпен есіп, толды аға.
Идеология хатшысын,
Істеді сан жыл Қобдада.
Менсапқа талай ауысты,
Арманын алға ала ұшты.
Бірлестік курсын ту сонау
Мескеуден аға тауысты.
Елгейде туған елінің,
Басқарды кадр белімін.
Бірлестік құрды «Туяа» деп,
Орындап алғаш ел үнін.
Емірден талай сыр ұқты,
Биікке ерлеп шығыпты.
Еркендетуге қосты үлес
Қазынашаруашылықты.
Берген соң жүктеп ел сенім,
Отырмай терінде кеңсенің.
Станцияларда бастық боп
Қамдады халық жем-шебін.
Қолпаштап қолдап жастарды,
Еңбеке баулап астарлы.
Коммуна шаруашылығын
Ногоонуур сұмында басқарды.
Емірлік мектеп тауысты,
істеді мықты ер істі.
Қолданып озат едісті
Қондырды қолға табысты.
Биікке қомдап қанатын.
құздарға самғап қонатын
Арманның асса асуын,
Кеңілі солай толатын.
Тасыса теңіз телегей,
Аға жоқ кеңілім жүр егей.
Қайырлы болсын берген ас,
Бірегей еді, бірегей!
* * *
Кемкерген жыр мен атасын
Жырлаған бабаны ет асым,
Ас берген асыл ағаға,
Болаттай мақтап батасын.
Шалқыған шалқар тамызда,
Айналған асқақ аңызға.
Ұмытып неге кетті екен,
Шақыру бермей абызға?!
Мойындар ма екен қатесін?!
Жырлады ерді ет асым,
Қайырлы болсын осы Асың
Сыйласын бізге батасын!!
20 тамыз, 2006 ж.
Тыныш болсын айналам, теңірегім
Қандай ыстық жайқалған емір − егін.
Сақта құдай соғыстан, алапаттан
Бала-шағам сақта! ‒деп еңіредім.
Не жетеді туған қара мекенге
Биік керсең «Бес Теңір» деп ұға бер,
Талпына бер, ермеле де, шыға бер.
Ел, жеріңді сағынғанда сарғайып,
Есіңе алып, кез жасыңды сыға бер!
Дария керсең Қобда езен екен де!
Сондай терең, тұнық болып етем – де!
Бір Қобдаға жетпейді екен мың езен!
Не жетеді туған қара мекенге!
Дария керсең Қобда езенді есіңе ал!
Арындап ал! Ақ жал толқын тасып ал!
Асаулығын ен бойыңа сіңіріп,
Дария бол – аяғы егін, басы мал!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter