17.02.2022
  6586


Автор: Алғыс айту күні

Әкеге алғыс айту сөздері

Мейірімді әкешім баға жетпес,
Адам бол деп қолымнан жетелеген.
Еркелетіп өсірген, тәрбие беріп,
Жастайымнан әлпештеп, мәпелеген.

Сіздей ерек дара жанға бас иемін,
Алғыс айту күнінде рахмет айтып.
Жан әкешім асқаралы айбынымсың,
Көңлімізді жүретін әркез жай қып.

Әр сөзіңіз әкешім жанға азық,
Қуат беріп жүреді, шуақ беріп.
Рахмет пен сізге айтар алғысым көп,
Маржан сөзді жүректен сізге теріп.

Алғыс айту күнінде тілерім тек,
Жан әкешім әрдайым болшы аман.
Жаратқаным жар болып өзіңізге,
Ортамызда жүріңізші сіз дін аман.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айша
Айша 01.03.2024 00:44
Алғыс айту

Пікір жазу