Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  1046


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айту бұл күні керек екен

Алғыс айту бұл күні керек екен,
Шын жүректен сыйластықпен үн қатып.
Ассалаумалейкум, елім, халқым,
Өтейінші мен де бүгін жырлатып.

Армысыздар ағайын, туыс бауырлар,
Әпкелерім, ағаларым ардақты.
Асқар таудай әкелерім бармысыз,
Ақ жаулықты аналарым салмақты.

Дос-жарандар жанымыздан табылар,
Сәлем бердім жақсыларым жанашыр.
Көрші-қолаң, ауыл аймақ баршаңа,
Алғыс айтам тілегіммен ең асыл.

Қызметтерін жасайтындар аянбай,
Дәрігерлер ел үмітін ақтайтын.
Ұстаздарым армысыздар мейрімді,
Шәкірттерін болашаққа баптайтын.

Баршаңызға айтарым алғысым көп,
Сіздерменен жанымыз жанданады.
Өміріміз мәнді де, сәнді болып,
Бар жақсылық біз үшін қамданады.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу