Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  1761


Автор: Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күні

Күні алғашқы көктемнің ашты есік,
Ай-жұлдызым шынайы күлімдесіп.
Көкжиектен күн шықты шуақ шаша,
Ән-жырына көктемнің үнін қосып.

Жаратушы иеге алғыс шексіз,
Таңымызды атырып, батыратын.
Амандықты біздерге нәсіп етіп,
Имандықтың күйіне шақыратын.

Табиғатқа мың алғыс көк майсалы,
Бұл көктемде бүршіктеп, оянатын.
Бау-бақшаға, тіршілікке көп рахмет,
Жасыл желек күйіне боялатын.

Ата-анаға көп рахмет, алғыс айтам,
Балаларын жақсылыққа баптайтын.
Бауырларға, туыстарға көп рахмет,
Ағайынның сенімдерін ақтайтын.

Көп рахмет құрбы-құрдас, достарға,
Шын жүректен сәлемдерін жолдайтын.
Ұстаздарға рахмет барша адамға,
Біздер үшін бар жақсысын таңдайтын.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

жанерке
жанерке 24.02.2022 22:01
өлеңің өте әдемі жазылған, бұданда әдемі өлеңдер шығара бер алдағы уақыттта мақсат ,мұраттарыңа жете бер,

Пікір жазу