Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  139


Автор: Берімбай Ысқақұлы

АШЫЛБҰЛАҚТАҒЫ ТОЙҒА ШАШУ

Жайлауы ауылымның «Ашылбұлақ»,
ағады Ашылбұлақ таудан құлап.
Ардақтап ағалардың тілеуінде
Айтайын алты ауызды елең құрап.
Жайлауы ауылымның Қаракелді,
Әскерден аман-есен бала келді.
Елгейден ағалары тосып алып
Дайынға зор қуаныш ала келді.
Осында отырғанда ауылым жайлап,
ескерге аттандырдық тойын тойлап.
Ақсарбас жібергеміз ақ жол тілеп,
ақ құйып, үш жыл бұрын ақтық байлап.
Қос бауырым аман-есен келіп қалды,
Аңсаған арманымыз орындалды.
Ақ бата беріп асыл ақсақалдар
Ағалар сойып жатыр айтқан малды.
Комиске бүгін тойды басқартамыз,
жамбасқа таластырмай бас тартамыз.
Ағалар тілеулері қабыл болып
ұлассын дастарқаның дастарқанға.
Әскерде құрылысты қолға ап келді,
Батасы кепшіліктің қолдап келді.
Беделхан, Оңалханым екі бауырым
Отанын аман-есен қорғап келді.
Біреу екеу, үшеу... кеп-кеп болсын,
ұрпағы сусындайтын мектеп болсын.
Тілеуі ағалардың қабыл болып
басына жақсылықтың құсы қонсын!
Жайлаған Ашылбұлақ ауыл болсын,
Ақ тілек тілеп келген қауым болсын.
Жыл құсы қос қарлығаш аман келді
Тілеуі ағалардың қабыл болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу