Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.02.2022
242
![](/uploads/shorttexts/author_image/bez-nazvaniya-5.jpg)
Мүсәпір ақын ба, мүсәтір ақын ба?
Жыр мүшейра салтанатпен басталып,
Ел жиналды. Қазақ жырға еш халық.
Оқылуда арнау елең телегей:
бірі інісін, бірі досын еске алып.
«Жылайды» ақын езен тасып, тау құлап!
Тыңдайды жұрт ұйып, тынып, маужырап.
«Егіледі» ол, мүлейімсіп, сиқырсып,
«Жасқа» толы жанары тұр жаудырап.
«Несер жасы» ‒ нақ жас болса жанбыр-ақ!
Ақша болса, алдап тұрса сандырақ!
Тірісінде етіп еді тіресіп,
Елгенінде «еңірейді қан жылап»!
«Жылай, жылай» ақын, ене, бейге алды,
Кілем жапқан қастерленген тайды алды.
Тамшы жас жоқ! Жымың-жымың қағады,
Сахнадан түсіп келеді айбарлы!
Бейге үшін «еңіреген» кекшілің,
Керек емес, енді, оған ешкімің.
– Момын елді сендірдім ‒ деп, ішінен,
Мардымсиды дүниеқоңыз жексұрын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter