Өлеңдер ✍️
Алтын аймағым
Базыналы шуағым,
Бай-Елгейім тұрағым.
Құт мекені қазақ пен
Ұранхай, Дервет, Туваның.
Кернеген күй, сыңғырлы ен,
Керкі кезді тұндырған.
Жасыл бағы жайқалып,
Малы ерісте мыңғырған.
Сайын дала. Ну орман,
Құлпырады қыр алдан.
Земзем – езен, келдері,
Бұлағы мың бұралған.
Бақ, деулеті тасыған,
Аңы қойдай жосыған.
Арасаны шипалы
Май ағады тасынан.
Жерұйықтың атасы ‒
Алтай таулы жотасы.
Халығыма дарыған
Қыдыр Ата батасы.
Адамдары періште,
Алтын толы теріскей.
Қорғағанда Отанын
Беріспеген еліспей!
Қазақстан ірі елі,
Ажырамас бір елі!
Орын тепті берінің
Бауыр еті, жүрегі!
Еселі еңбек тынбаған,
Күнде елемді тыңдаған.
Дарияда балығы
Асау тайдай тулаған.
Ендірістер сап түзеп,
Тың игерді текпілеп!
Еркен жайды аймағым,
Ғимараттар кек тіреп.
Шабыт сыйлап «Бес теңір»,
Шаттана алға басты емір.
Тау қопарып, ерлерім,
Қазып жатыр тас кемір.
Таулы жерде қырқадан,
Күнге жақын бір табан.
Шаттандырып кеңілді
Кекте құсы шырқаған.
Милиондап мал басы,
Енерде кеп олжасы.
Қанат жайды қалықтап,
Білім, ғылым ордасы!
Ұланғайыр ұлысым!
Атамекен тынысым!
Алпыс жылда асқақтап
Арта берсін ырысың!
Ақсақалдар данышпан,
Ғылым жеттік, тауысқан.
Елгейімнің ақ шаңын,
Швейцарияға ауыспан!!
Сауық құрған халқы үшін,
Жалын нұрың шарпысын!
Гүлденетін дер шағың ‒
Тамылжысын тал түсің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter