Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  247


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Генералға бергісіз, биік тұлға Қабдырашқа

(ғұмырнамалық дастан)
Қажымайтын қара нар,
Қобыландыға пара-пар.
Асылдар ел бағалар
етті-ау, талай ағалар.
– 1 –
Туған жердің таңы алтын,
тола тарих бар мұнда,
Себи келген сары алтын
Сексен жылдың алдында.
Мың-мың жасап, түп-түгел,
Жүрер – дейсің – тұтас кім?!
Қабаң сынды мықты да ер,
туды үйінде – Мұқаштың.
Күзететін ай түнін,
Қытай қазған алтынын,
Құйғанында туыпты
«Сүңгіті» мен «жолтының».
Қаптап аю, бұғысы,
Тола түлкі, құнысы,
ну ормманнан білінбес,
батысы мен шығысы.
Бал жемісін теріп жүр,
ел қызығын керіп жүр,
Тоғайына сыймайды
аң қорада еріп жүр.
«Жолты » барсаң бір рет,
Тұнып тұрған – сурет.
Сұлулықты аямай,
берген екен құдірет!
Әсем жері шалқытты,
бала болды тертіпті.
Аумай Қабаң ағай да
Табиғатқа тартыпты.
Ата-анасын тыңдайды,
балапан құс сілкінді.
Шаруаға ыңғайлы
бала болған сүйкімді.
Алтай, Қобда бетінде,
бел шешіне кіріскен,
Жүріп желдің етінде
бас тартпаған бір істен.
Жасық болу ұлтқа жат,
Мінез-құлқы күміс кең.
Майын жалап, құрт қажап,
Земзем сусын – су ішкен.
Бал деурен де жетіпті,
басылмаған ептігі.
«Сүңгітіде» етіпті
балалықтың шат күні.
Асау тағдыр бұлқына,
Кенбей емір ырқына,
Жанталасып жан бақты
Бұзылсада шырқы да.
Теп-терт бұрыш дембелше,
Кез салсаңыз тұрқына,
Сом алтындай тұлғасы
Қарасаңыз сыртына.
Бірде жастай қой жайса,
бірде ие жылқыға.
Жана берді лыпылдап,
Жалын атып жұлқына.
Үлкендерден үлгі алып,
Үйренеді ынтыға.
Қазанында емірдің
Есті сана, жылты да.
Отау тікті арманы
балалықтың жұртына .
Кек жиекке қол созды
алға қарай ұмтыла
– 2 –
Емірдің заңын мақұлдап,
Шоғырқан, Шемкей, үшеуі,
Әкеден ерте жетім қап,
Қиындық басқа түседі.
Асырап, сақтап бағады,
Рези сынды анасы.
Мал жайып зыр-зыр қағады
Шоғырхан, Шемкей ағасы.
Екі жүз малы жұтаған,
Алтайда «Бурыл тоғайда».
Күйінді қатты құсадан!
Қу тағдыр оған қарай ма?!
Моңғолға сонау қиырдан,
Жиюға кешті жұрт есін.
Бір атпен , екі сиырмен,
келеді артып күркесін
Күзетіп түнде жатады,
Шоғырхан жолда үш малын.
Басына сүйек батады
Тастауға қолмен ұстады.
Ішінен сол бір сүйектің,
бір нерсе түсіп қалады,
астына қойып білектің
таңертең байқап қарады:
– Сап-сары еңі тас ауыр,
Жып-жылтыр үлкен асықтай.
Ұқыппен зер сап аса бір
таныды шешей асықпай.
Ішінен шыққан сүйектің
сом алтын жойды күменды.
Терінен терең жүректің
Керемет қатты қуанды.
«Елмеген құл қас қағымда,
табылған елі балығы-ай».
Қиналған осы шағында,
құдайдың берген бағын-ай!
Кеш келіп Уланхусынға,
Жетеді ерең «Білеуге»,
«Кісі ұстап » – жүрген тұсында
сатады орыс біреуге.
Алтынға кезі қызарды,
керді де , дереу бас салған.
Терт сиыр берді бұзаулы,
екі атпен, қалың ақша алған.
Қорқады : «кісі ұстаудан»,
ақшаны тығып қояды.
Жалшы боп, кешпей қыстаудан,
азғана малын аяды.
Ақшаға кейін мал алды,
тіс жарып, түк те демейді.
...Құлашын еркін жая алды
алтыннан тынысы кеңейді.
***
Біреуге кесіп даладан,
біреуге кесіп қаладан.
Біреуге кесіп тауда екен,
біреуге кесіп сауда екен.
Біреуге кесіп молда екен,
біреуге мынау қолда екен.
Біреуге езен, келде екен,
біреуге жүрген жолда екен.
Кесібі бірдің елде екен,
кесібі бірдің жерде екен.
Кесібі бірдің кенде екен
Непақа дайын пенде екен.
Болған соң пенде ырғай бас,
Еңешке лайық құлдайды ас,
Болсаң да бақтан жұрдай бас,
Жаратқан құдай құр қоймас.
Берді де алтын асылды,
Жетімдер бағы ашылды.
... Аспа да , таспа! Ойлап жүр:
– бұрыңғы – соңғы жосынды.
– 3 –
Босқа етпей бір күні,
басқаға ойын лақтырды.
Жүдеубастау тірлігі
байдың малын бақтырды.
Туузин урианхайда осы,
жоқ зебірі, айласы.
Бір қой телеп ай басы ,
болғанымен пайдасы.
Ақ қар, кек мұз тесенген,
жайы қиын малшының.
Кір-кір тулақ теселген
Күні құрсын жалшының!
Ез басыңда жоқ ерік,
Күзетесің, бағасың .
Тезек теріп кезеріп,
Қожайынға жағасың.
Кезі ашылды осы кез,
не – десе де моңғолды.
Емір керді қатігез,
Әжептеуір тіл білді.
Есігінде моңғолдың,
зулап екі жыл етті.
Жан жігерін құм қылды
Жалшы тағдыр жүдетті.
Сырқап, суық еткенін,
аямайды ешкімі.
Ақбалшықтың мектебін
аяқ асты естіді.
Оқуға ауды аңсары,
түсті нұры шуақтың.
Тұрып ерте таңсері
қашып кетті бір-ақ күн!
Тықыршыды неше күн,
кетуге зар елердей,
Алып киім-кешегін
жоғалады мал ермей.
Ақбалшыққа келді де,
кеңілі есіп, марқайған.
Мектепке кеп енді де,
сабақ алды Шолтайдан.
Оқу үшін күні-түн,
жүгіреді дедектеп.
Шокең мақтар «жігітін»,
−Машай* – сынды зерек деп.
Білім алды қорғанбай ,
Күтіп құрал, дептерін.
Жазу – деген маржандай
Хат таныды кеп-керім.
Оқи берді талпынып,
Етті кектем, кыс қыстар.
Бар сабақтан артылып,
бала болды бетке ұстар.
* − Машай – Шолтай ұстаздың сез салты
***
Мұғалім боп шықты да,
кетті емірді бет алып.
Ел сүйсінді мықтыға
«бала ұстаз» атанып.
Ақбалшықтан бастапты,
білім нұрын сепкенін.
Әкім болып жақсартты
Ақкел, Тұлба мектебін.
Ауыр жауап! Сақ болды –
аянышты тағдырлар.
Чекистлік атқарды
Шекарада сан жылдар.
Сіңді іскерлік бойына,
жұмыстамай ат үсті.
Жиырма бес жыл тойына
делегат боп қатысты.
Озаты боп озаттың,
болды тойдың қонағы.
Куелікті ғажап күн:
Маршалдан кеп алады.
Жүрген қазақ батыста,
Кеп, қолдаған теңірді.
Бірінші боп атыста,
астанаға танылды.
Келабірмен сыйланды,
сары дұрдын он метр
Чойбалсаннан сый алды!
Кеңіл –деген кел кесір!
Осы жолы пір қонды,
Әбдіғажы «піл» болды!
Он үш екіл ду болды
Емір бойы жыр болды...
– 4 –
Партияның мектебін,
Кілең беспен тауысқан.
Ақталып тер теккені,
басшылыққа ауысқан.
Қолдап үлкен қолбасшы,
Тапсырма алды Отаннан.
Аймағымның алғашқы
полковнигі атанған.
Орыс , моңғол құрметті
шекарашы даңқы бар.
Орындауда міндетті
Кемектесер халқы бар.
Орыс, моңғол ардақты,
Чекистісі екі елдің .
Атқарды істер жан-жақты,
алған міндет етелді.
Шекарада жұмыстау –
Қиын шаруа ісі ердің.
Ебін тауып ұғысты-ау
Комиссары үш елдің.
Бұзбай ешбір ереже,
Жұмыстаған шынбайлы.
Қырық жылғы , атақ-дереже
романға сыймайды.
Орден , медаль тау тебе,
сыйлық қалың үюлі .
Кеп сый алған тер теге,
Жүректерге түюлі.
«Соғыс Қызыл ту» да бар,
«Алтын жүлдыз» қос қостан.
«Еңбек Қызыл ту» да бар,
талай декей достасқан.
құптай берген бас шұлғып,
Ешкімі ауыз ашпастан...
Жарқырап тұр тесінде
«Соғыс даңқы» ордені.
Барлығы елдің есінде
ер еді ғой зерделі!
***
Сыйға оранып кепсіз-ау,
Халық қамын жепсіз-ау!
Кеңілің кел дария,
Мейірімің шексіз-ау!
– 5 –
Увслық ескер «қолбала»
Қушыкеш жігіт болатын.
Жұмысты жылдам қозғала
тындырып істей алатын
Бір күні келсе үйіне,
Парадтық форум киіне,
Ол : – Жолдас шерік ата –деп,
рапорт берді иіле.
Ұлымен ойнап бір жүрген,
Үйде де, түзде күлдірген.
Ойынмен ойын білдірген,
бұл жолы тертіп бүлдірген.
– Адамға жай бір теңейсің,
Полковник неге – демейсің?
– Балаң боп кеттім үш жылда,
ез балам , мені – дегейсің.
Дегенмен ескер қорқады.
ал,ағай ақыл айтады...
... Баласы болып шынында
үйіне кейін қайтады.
Қызығы мұндай ете кеп,
Тіл қатпас ешкім тете кеп.
Меуе боп бері салбырап,
Сыйлайтын : – Шерік ата! – деп.
***
Әр ісі сетті басталды,
Жүргізді жұмыс астарлы.
Ете бір шебер едіспен
Отрядтарды басқарды.
Табысы таудай тасқындап,
Шекара алған тас қымтап.
Жүзеге асты бұйрығы
Офицер тыңдап, жас тыңдап.
Елінің сақтап іргесін
аямай жанын жүргесін,
Отрядтарға үкімет
Ұсынды талай жүлдесін.
Моңғолда жалғыз мұсылман
Комиссар еді ысылған.
Лувсангомбо министр
Мылтықты сыйға ұсынған.
– 6 –
Шығу да зейнет ақыға,
Емірде жалғас сахна.
Ұсынды сыйлық ер түрлі
жүрсін – деп , қалмай қапыда .
Сыйлады алты ат, жау дүргі,
ел- жұрты алғыс жаудырды.
Ән шырқап, тетті күй тегіп,
Құлақтың құрышын қандырды.
– Шыққанда зейнет ақыға,
шықтыңыз биік шоқыға.
Дүргімен – депті, – елі де
Шекараңызды бақыла!
Жүреміз сізді ес керіп ,
Сыйладық еңбек ескеріп:
– үш аяқ мотоциклмен
Қайттыңыз күзет тексеріп.
Ұстаңыз тіп-тік еңсені!
Кеңесің шексіз елшемі!
Шекара алған жоқпыз ғой,
алсақ та сізден кеңсені!
***
Сіңірді еңбек еліне,
Зар емес арман, мұраттан.
Генерал болар шеніне
Жан екен қалған бір аттам!
Күлдари жары аяулы
Серігі болды сая бақ.
Есірген сегіз баланы
Мепелеп , күтіп, аялап.
Толтырса нұрмен пек жанын,
балалық парыз ақталар.
Әкенің қуып ақ жолын
ұядан қанат қақты олар.
«Талапты ерге нұр жауар»,
табанды таймай тең түсер.
«Әкені керген оқ жонар»,
«Шешені керген тон пішер».
***
Сағынды ауыл-аймағы,
бұлақ – жасы саулады.
Терең ойға батып тұр
Қабаңды ойлап таулары.
Аңсап бұлты кешеді,
Сабазды ойлап кешегі.
құйып-құйып кетеді
Сағынғанда несері.
Сабазды ойлап кешегі,
Самал желі еседі.
Шыңы да аңсап ширығып,
бұлтқа маңдай теседі.
Берімізге ес еді,
аға да еді, дос еді.
– Артта қалған ұрпақ бар,
елі елмеген – деседі.
***
...Толарсақтан саз кешіп,
Қабаң ағай «шешті етік».
... Қырда жүр ғой із кесіп,
келіп қалар кештетіп...
***
Естімеген сенгісіз,
еңіреген ер едің!
Генералға бергісіз.
биік тұлға дер едім!
26-27.06.2003 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу