16.02.2022
  451


Автор: Гүлсім Оразалықызы

БІР ҒЫЛЫМ ЕДІ ІҢКӘРІҢ... - Үшінші Тарау

Сонымен, 1960 жылы бар жоғы 33 жастағы Есенов Шах- мардан Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орын- басары болып тағайындалды. Данышпан Абай айтпай ма:


 


Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің.


Бір ғылым еді іңкәрің, Әр қиынға сермедің. Көзіңді салдың тұрғыға, Бейнетін қиын көрмедің. Бірге оқыған құрбыға


Бас бәйгені бермедің... – деп.


 


Тура бір болашақты болжап, Шахмардан туралы айтып отыр-ау деп қаласың! Абай айтса жәй айтпайды. Қазақтарды қанша жерден «надансыңдар, білімсізсіңдер!» деп сынағаны- мен, Шахмардандай жастардың өсіп-өніп шығатынына бәрі- бір сенді...


Шындығына келгенде, Шахмарданға шын сенген Қазақ КСР Геология министрінің орынбасары Жарқын Айталиев еді. Бұлталақсыз бұл сөзіміз түсінікті болу үшін басынан бастайық.Қашанда бір нәрсеге бір нәрсенің себеп болып жү- ретіні өмір заңы ма дерсің. Шахмарданның Жезқазғанда бас геолог болып жүрген кезі. Бірде Свердловск қаласында өте- тін геологтардың одақтық ғылыми конференциясына шақы- рылды. Алматыдан жеткен Геология министрінің орынбаса- ры Жарқын Айталиев екеуіне мейманханадан бір бөлме ти- ген. Жүз таныстығы болмаса, бұрын жақын араласпаған. Үш күн бір бөлмеде жатып талай әңгіменің басын қайырды. Ал- пысты алқымдап қалған геология ғылымының докторы, Ғы- лым Академиясының корреспондент-мүшесі, көпті көрген Айталиевқа Шахмардан қатты ұнады. Жас та болса білері


 


көп, кішіпейіл, келбетті, ұстамды мінезі ұнады. Конферен- ция бітіп, бірі пойызбен Жезқазғанға жүргелі, екіншісі Ал- матыға самолетпен ұшқалы отыр. Жүгін жинастырып жат- қан Айталиев бір кезде тосын ой оралған адамдай:



  • Шахмардан, осы сен Алматыға неге ауыспайсың? – деді.

  • Ағасы-ау, кен іздеген геолог үшін Алматыңызда жұ- мыс бар ма? – деді, Шахмардан ағасына қарап жымиып.

  • Әй, қысыр сөзді қой, мен жақында пенсияға шығамын, орныма сені ұсынамын. Жоқ, мен оларға айтамын, Есеновті әкелмесеңдер пенсияға кетпеймін деймін, – деп, қарқылдай күлді.

  • Ағалар айтса, Алматы емес, жердің түбі Магаданға да барамын, – деді Шахмардан да ағасынан қалыспай жарыса күліп. Осыдан әрі әңгіме өрбіген жоқ, тез жиналып, мейман- ханадан шығып кетті.


Шахмардан Жезқазғанға келіп, мың сан шаруасына ара- ласып кеткен-ді. Кім қай жерде қандай әңгіме айтып, кім-кім- ге уәде бермей жатыр дейсің, тәйірі. Сондай әңгіменің бірі де, деп Шахмардан Айталиев ағасының бұл сөзіне соншалықты мән беріп, үміттенген жоқ-ты. Бір жарты жыл өткен кезде Айталиев ағасы телефон соғып тұр:



  • Әй, Шахмардан, мен мыналарды көндірдім, егер сені шақырмайтын болса, пенсияға кетпеймін деп қорқыттым, – деп, өзі бұнысына рахаттанып күліп алды, сосын әрі қарай сөзін жалғап, – енді олар, ЦК-дан саған хабарласады, слу- шай, сен сонда бармаймын деп шалқақтап жүрме, – деді, әділ, тік сөйлейтін әдетіне басып.


«Асатпай жатып құлдық деме» деген, Шахмардан не де- рін білмей, «жарайды, жарайды» дегеннен басқа ештеңе ай- тпады. Айтқандай-ақ көп ұзамай ЦК-дан бөлім бастықтары хабарласып, Алматыға шақырды. Шақырудың мақсатын ашып айтпады, сөздерінде «келіңіз» деген бұйыру басымдау сезі- леді. Ол кезде Орталық Комитет адамдарының сөз саптасы солай болатын.


Орталық Комитеттің өнеркәсіп бөлімінің бастығы Есе- новті өзіне шақырып, әңгімелесіп, Геология министрінің орын- басарлығына ылайықты көріп отырғанын айтады. Сөйтіп тұр- ғанда анда-санда кабинеттерді аралап жүретін әдетімен Бірін- ші хатшы Дінмұхамед Қонаев бөлім бастығының бөлмесіне кіріп қалады. Сасып қалған Шахмардан апыл-ғұпыл орнынан


 


тұрып, бұрын даңқын естігені болмаса жақыннан көрмеген Бірінші хатшымен жалбырап амандасты.Алып тұлғасы, сым- батты жас Шахмардан Қонаевтың назарын өзіне бірден ау- дарды. Бұны сезе қалған бөлім бастығы Шахмарданды таныс- тырып, Жезқазғаннан келіп тұрғанын, геолог екенін айтты. Жәй шақырып отырмағанын түсінген Қонаев:



  • Қандай мәселе қарап жатырсыңдар? – деді бөлім бас- тығына қарап.

  • Геология министрінің орынбасарлығына, Айталиев зей- неткерлікке кетпекші... Соған Шахмардан Есеновті... Жезқаз- ған геологиялық барлау басқармасының бас инженері, ком- мунист... – дей бергені сол еді, бөлім бастығының сөзін иша- рамен іркіп, Қонаев Шахмарданға қарап:

  • Қалқам, шыға тұршы, біз ақылдасып алайық, – деді. Түкке түсінбеген Шахмардан ауызғы бөлмеге шығып кет-


ті. Сол-ақ екен Қонаев бөлім бастығына өктемдеу үнмен:



  • Қайдағы зам.министр! Бұл тұрған бойы министр ғой, сендер не істеп отырсыңдар... – деді, Шахмарданды бұрын танып-білмесе де, сырт келбетін ұнатып қалған ол. Көпті көрген Қонаев бұл тұста халықтың: «түсі келгеннен түңілме, жаратушы да түр-тұрпатты сүйген құлына береді» дегеніне сеніп, сүйеніп тұр еді.


Артынан бөлім бастығы мен көмекшілері: «...Богатырев кеткелі жүр... әзірге орынбасарлықты істеп көрсін... үлкен коллективті басқарып көрмепті...» деп, Қонаевты көндірген. Қисынды істі қыңыр ғана түсінбейді. Қонаев бұл да дұрыс екен деп, олардың пікірімен келіскен-ді.


Міне, осы сәт, осы күннен бастап отыздан енді ғана ас- қан Шахмардан абырой-атағы бір ғана республика ішінде емес, жалпы Одаққа белгілі, беделді Дінмұхамед Қонаев на- зарына ілігіп еді. «Кездейсоқтықтың» адам өмірін мүлдем өзгертіп, адам сенгісіз дәрежеге жеткізетінін ешкім жоққа шығарған емес, біз де шығара алмаймыз. Мүмкін Шахмар- данның алдынан шыққан «қырықтың бірі – қыдыр» – қазақ халқының мақтанышы Қонаев болған шығар, кім білсін?! Біздің ойымызға баяғыда, іс сапармен Лениногорға кел- ген Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов Қонаевты бір көр- геннен ұнатып, танып, ақырында Алматыға келісімен Бірін- ші хатшы Скворцовқа «өзіме өнеркәсіп басқаратын орынба- сар тауып келдім» деп, ақырында он жыл оның орынбасары


 


болғаны еріксіз түсті. Бірде, бұл «қызметін» өмірі Қонаевқа бұлдамай, тіптен аузын ашпай өткен Оңдасыновқа таң қалған ол кейіннен, ол кісі зейнеткерлікке шығып, Мәскеуде тұ- рып жатқан кезінде кездесіп: «Нұреке-ау, үлкен ортаға се- ні әкелген мен едім деп, ең болмаса бір рет айтсаңыз қай- теді?» дегенде ол: «Е, сені үлкен ортаға әкелсем, сен үшін емес, халқым үшін әкелдім де» деп сөзден тосқан екен. Міне, сол өмір өрнегі қайта қайталанып тұр. Ел басшысы Қонаев халқының болашағы үшін, республиканың абыройы үшін жас Шахмарданды дөп басып, танығандай халде. «Бұлақ көрсең көзін аш!». Халық даналығы. Сол даналыққа құлақ асқан Ел басшысы Қонаев санасында сол сәтте: «республика бо- лашағы осындай жастар қолында...» деген сенім мен үміт қа- тарласа шауып бара жатқан-ды.


Қазақта «отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» деген сөз бар. Қонаевтың: «қайдағы зам.министр! Бұл тұрған бойы министр ғой» деген бір ауыз сөзін сол жерде тұрған бір- екі адам ғана естіген-ді. Алайда, ертеңіне-ақ ауыздан-ауызға тарап, біртіндеп-біртіндеп Шахмарданға да жеткен-ді. Қазақ ырымшыл халық емес пе, Шахмардан да ойламаған жерден алдынан Қонаевтың шыққанын жақсыға жорып, жолым бола- тын шығар деп іштей топшылап, «тон пішіп» қойған-ды.


Себепсіз салдар жоқ. Айтты-айтпады не керек, Қонаев- тың бұл сөзі біраз адамның құлағына жетіп, құдіреттеніп, астана есігін он бір жылдан кейін қайыра ашып тұрған жас Шахмарданның абыройын көкке көтеріп-ақ тастаған-ды. Ол жаңа қызметке құлшына кірісіп, қанаттана жүріп, бойын- дағы бар іскерлігі мен қабілетін, Жезқазғанда жинаған мол тәжірибесін жарқыратып көрсете білді, аямай жұмсады. Бұ- ған дейін ұстазы, өзінің пір тұтар тұлғасы Қаныш Сәтбаев сенімінен шыққысы келіп, құлшына еңбек етсе, енді респуб- ликаның бірінші басшысы, абырой мен атағы Одақ көлеміне белгілі Дінұхамед Қонаевтың ойынан да шығуды ойлады. Бұрын аралас-құраласы жоқ, бірін-бірі жыға білмейтін ел басшысының ыстық ілтипаты, бірден лауазымды қызметке тартқан қамқорлығы жас Шахмарданның көңілін толқытып еді. Өз-өзіне: «денім сау, бас аман болса Сізді ұятқа қалдыр- маймын!..» деп, ант бергендей де болған-ды іштей.


Міне, осындай көңіл күйде Шахмардан Есенов Геоло- гия министрінің орынбасары қызметіне кірісті. Жасыратын


 


несі бар, Алматыға келу Шахмарданның көп армандарының бірі болатын. Алматыны аңсамайтын кім бар, жер жаннаты Жетісудың бір жауһары емес пе ол?! Онда тұру мен қызмет істеуді табан астынан тағдырдың өзі осылай оған сыйға тарт- ты. Бұны орысша айтқанда: «Господин случай» дейміз бе, басқаша қалай айтуға болады. Қазақ мұндайда «таудай та- лап бергенше, бармақтай бақ бер» дейді. Шахмарданда та- удай талап болатын, енді міне, табан астынан бақ та келіп қонды.


Кеше, Орталық Комитетке келмей тұрып ұстазы Қаныш Сәтбаевқа кіріп, бар жағдайды, Алматыға шақырғалы жат- қанының шет жағасын айтқан-ды. Сондағы Сәтбаев ақылы да есінде. Ол: «ұсақ-түйек қызметтеріне келіспе, берсе үлке- нін берсін. Болар-болмас қызметті Жезқазғаныңа айырбас- тап жүрме, өзіңнің кәсіби геолог екеніңді ұмытпа!» деген- ді. Шахмардан талайға дейін екі алып: Сәтбаев пен Қонаев- тың ойының бір жерден шығып жатқанына таң қалып, өз тағ- дырының соларға келіп тоқайласқанына риза көңілде жүрді. Мұндай жағдайда тасымаған көңіл, көңіл ме, шалқымаған сезім, сезім бе?!


Содан Шахмардан рахатынан көрі тәтпіші мол министр- лік жұмысының ортасынан бір-ақ шықты. Дала геологының мақсатынан да, күнделікті жұмысынан да басқашалау, ауқы- мы кеңдеу екенін түсінді. Әлгіндей,басшы Қонаев пікірінен кейін, арқа тұтар асқар тауы – Сәтбаев ақылынан соң қандай қызметті, қандай бір тапсырманы болса да өңгеруге әзір еді. Республикадағы екі алып тұлғаның екеуі де өзіне қолдау көрсетіп, ақ пейілдерін ақтарып тұрғанда Шахмардан неден жасқансын, батыл, өзіне-өзі сенімді түрде министрліктің есі- гін ашты. Табиғатынан байсалды Шахмардан асыр-тасырға салмай, министрліктің ішкі құрылымына байыппен көз жі- берді, іс жүргізіп отырған бөлім бастықтарымен, қызмет- керлерімен жеке-жеке сөйлесті, жақынырақ танысты. Же- тістігін мақұлдады, кемшілікті жоюға жол іздеді. Аз уақыт- тың ішінде-ақ министрліктің көп шаруасына қанық болды. Дала төсіндегі барлау мен министр орынбасары кабинетін- дегі қызметтің арасында көк пен жерше айырма бар екенін ұқты. Сол айырманың арасын түсініп, кедергілерді кемітуге, жаңаша іс бастауға ұмтылды. Қалай болғанда да дала мен қа- ладағы геологтардың илеп жатқаны бір терінің пұшпағы бол-


 


ғанмен, міндеттері, қызмет әрекеттері басқа-басқа. Мұнда қағазбастылық, жиналыс-кеңес көп. Біріншіден, маңызды мә- селе болмаса, ұсақ-түйекке бола «Күлтөбенің басында күнде жиынды» тоқтатты. Екіншіден, ақырын байқастап қараса, бүкіл министрлік бойынша бар-жоғы екі-ақ қазақ бар екен.


«Ия, қалған қазақтар қайда жүр?». Іштей ой түйіп қойды. Бұ- рынғыдай емес геология мамандығын меңгерген жастар ол кезде аз болмайтын, тек оларға жанашырлық көрсетіп, жер- гілікті жердің ұлт өкілдері еді-ау деп, қызмет ұсынып жатқан ешкім болған жоқ.Байыппен бұл кемшілікті жоюға да жол із- дей бастады.


«Бұрын геология саласында жергілікті ұлттың өкілдері қызмет бабында көбіне жай инженер, аға геолог деген атақтан әрі аса алмайтын. Бастықтар, жетекші кадрлар негізінен орталықтан, Мәскеуден жіберілетін. Шәкең ми­ нистр болған соң жергілікті мамандарға өте қатты көңіл бөле бастады. Аз уақыттың ішінде көптеген ұлттық кадр­ лар есепке алынып, олардың өсуіне қолайлы жағдайлар жа­ салды.Осындай шаралардың нәтижесінде өзінің іскерлігіне сәйкес көптеген жергілікті геологтар басқарушы, жетек­ ші маман болып жұмысқа тағайындалды. Осылардың ішін­ де мен де 1964 жылы 32 жасымда астанамыз Алматыға


«Қазақгидрогеология» тресінің бас инженері болып кел­ дім...» – дейді академик Әбдіғаппар Жәкелов.


Министрліктің біраз шаруасымен танысып, проблемала- рымен қанығып қалған тұста бастығы, министр А.С.Богатырев Мәскеуге, жаңа қызметке ауысып кетті. Оның орнына Шах- марданның тағайындалатынын саяси орта баяғыда–ақ біліп, топшылап жүрген-ді. Топшылау шындыққа айналып Есенов Шахмардан республикадағы ең жас министр атанып шыға келді.Рас, жастығына қарамай үлкен сенім білдіргеніне Ди- маш ағасына Шахмардан іштей: «Сізді ұятқа қалдырмаспын, сеніміңізді ақтармын» деп, өзін-өзі қайрағандай болып жүрді. Шын көңілден туған бұл ойын министр болып алғаш тағайын- далған күні жасырмай көптің алдында ақтара айтты-да.


Шын мәнінде «Біріншінің» бұл шешіміне біреу қуанып жатса, екіншісі, «тым жас қой» деп, көңілдері толмай, күдік- тене қарады. Дегенмен басым көпшілік, зиялы қауым қазақ жастарының мұндай күрделі лауазымға ие бола бастағанын жақсылыққа жорып, өзімізді өзіміз басқаратын болармыз


 


деп, Димаштың батыл шешіміне дән риза болысты. Өйткені бұған дейін мұндай орынға Мәскеудің «жолдамасымен» бас- қалар ғана келетін-ді. Ал, нар тұлғасына жаратушы сымбат пен келбетті келістіріп берген, оның үстіне парасатын, ақыл- ойын, адамгершілігін, сөзге шешендігін білетін қарапайым геологтар мен барлаушылар, инженерлер ортасы Шахмар- данды осындай биік, лауазымды қызметке ылайық көріп, со- ны күтетіндей де еді. Армандарының орындалғанына олар да шын жүректен қуанды. «Ол әлі көрсетеді, мойындатады та- лайды» деп, әсіресе, достары:Далабай, Ғазиз, Темеш тұрды төстерін қағып, мақтаныштан масайрап.


Бар билік бөліп-жарылмай өз қолына тиген соң Есенов бар шаруаға бақылау жасады, кейбіреулердей орынбасар- ларына тапсырма беріп қойып, жылы кабинетте отырма- ды. Министрліктің құрамын қайта қарады, ұлттық кадр- ларды көтеруді көздеді, Орталық Комитетке, Министрлер Кеңесіне қосымша қызмет орнын беруді сұрап арнайы хат жазды. Басты байқағаны, бар мәселеде әңгіме ашық болып, істі әділ шешсең, бұл қызметті игеру аса қиынға түспейтін секілді. Бұл қағида қашаннан-ақ бар-ау, бірақ қолға мөр, ас- тына тақ тиген соң халықтың қамын жеудің орнына туған- туысын ойлап, айналасына жинап, бармақ басты, көз қысты болып кететінін қайтерсіз. Осыған орай бір әңгімені Кәмила апай еске түсіреді: «Бірде бір жас жігіт көптің ортасынан суырылып шығып, ғылым кандидаттығын қорғағалы жүр- ген болуы керек, «Шахмардан аға, мен сіздің жерлесіңіз бо- ламын, туысқан боламын» деп тақылдап қоймады. Шыдай алмаған Шахаң: «Шырағым, маған ағайын емес, азамат ке- рек, азаматтығыңды таныт, отырған орнымды босатып бе- рейін!» деді. Ол өмірде де осынысынан танған жоқ. Кім жақ- сы жұмыс істесе, кім ғылымның соңына түсіп ізденсе, сол Батырдың досы болатын, ондайлардан көмегін аямайтын».


Министрліктің ішкі құрылымымен әбден танысып ал- ған соң Қазақстанды, оның ішінде кен байлықтары мол ай- мақтарды аралауға, жетістіктер мен проблемаларды өз кө- зімен көруге шықты. Геологиялық барлау жүріп, кен қазы- лып жатқан аймақты аралады, Үшаралдағы мұнай мен газ іздеушілерге барды, Жамбылдағы фосфор зауытында бол- ды, Қаратау, Кентау өндірістік ауданындағы «Үлкен хи- мияны» көтеруге байланысты жүргізіліп жатқан гидро-гео-


 


логиялық зерттеулердің жайымен танысты. Қантағы, Ащы- сай... қойны толған кенді Алтай, Орталық Қазақстан төсін- дегі мыс-мырыш кені Жәйремді көріп бір-ақ оралды. Оралда болды, Ақтөбедегі мұнай мен газ, хром... кендеріндегі гео- логиялық, гидрогеологиялық іздеу, барлау жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Маңғыстау мұнайының барла- нуы толғандырды ... Бәрінде де қайнаған жұмыс үстінде, қоршаған кеншілер мен геологтар ортасында болып, мәсли- хат құрып, іздеу мен барлау жұмыстарының барысын, нә- тижесін, геологиялық, гидрологиялық ерекшеліктерін білу- ге құмартты. Күрделі-күрделі проблемаларды сөзбұйдаға салмай, тез арада шеше де білді. Міне, ол құрылғанына көп болмаған жаңа минстрліктің тағанының мықтап қалануына бар жиған білімі мен тәжірибесін жұмсап бақты. Сонымен қатар өзінің биліктегі қабілет-қарымын да байқатты.


Ол министрлікке келісімен Орталық Комитеттің бір жиынында «Аралға көңіл бөлмесек, ертең айрыламыз!» деп, мәселе көтерді. Маңызды мәселеге көңіл аударып, шешудің жолдарын іздеудің орнына, сол кездерде-ақ тұзы аспанға кө- теріліп, апатты аймаққа айналған Аралды көрмеген, Алма- тыдан асып ешқайда шықпаған бір шенеунік «Аралға келер қауіп жоқ, Есеновтікі жершілдік!» деп, айыпты етіп тастады. Сол Аралдың тағдырын айтпасақ та, елдің бәрі біледі ғой.


Жезқазғанда жүргенде жазған бір мақаласында Шахмар- дан: «...біз болашақ алыптар Теңіз мұнай кеніші мен Қарашы- ғанақ газ конденсаты жөнінде сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Олардың көрсетер қызығы әлі алда...» демеп пе еді. Бұл ойды айтқанда ол бар-жоғы жиырманың ішінде ғана болатын. Жас- тығына қарамай Жезқазғанның жер асты байлығының «гео- графиясын» бұрынғыдан да кеңейтіп, зерттеп, небір керемет кен көздерін ашып жатқан кезі болатын. Жас барлаушы-геолог- тың Маңғыстау болашағына деген көрегендігін көрмейсіз бе?! Жоқ, көрегендік емес бұл оның ғылыми тұжырымдамасы! Ол мұндай ой айту үшін аға буын – ғұлама ғалымдар ашқан жаңа- лықтар мен тәжірибелеріне арқа сүйеді, солар салған соқпақ жолмен жүріп, оны әрі қарай дамытуға әрекеттенді.


«Шахмарданның Маңғыстау мұнайын ашуға, оны халық игілігіне пайдалануға сіңрген еңбегі ұшан­теңіз. Мұнайды іске жаратудың қаншама қиын екенін мұнай мамандары жақсы біледі. Осы бір өте күрделі жұмысқа Шахаң білек­


 


ті сыбанып кірісті және асқан қажыр­қайрат көрсетті. Бір сүйсінерлік жай, Шахмардан «мен министрмін» деп тұмсығын көтермейтін. Ол әрдайым қарапайым, жинақы, ақжарқын еді. Талапты өзінен бастайтын. Сылбырлықты, енжарлықты көтермеуші еді. Ол жақсы іске, пайдалы ұсы­ ныс­пікірлерге ұдайы құлақ асатын, кесек тұлғалы, тас­ түйін жігіт еді ғой, шіркін!» – дейді, артта қалған күндер мен Шахмарданды еске алған Шалабаев Саламат.


Иә, Есеновтің көп әріптестері бізге де оның жаңашыл болғанын, егер ұтымды ұсыныс айтсаң, қолдай кететін бел- сенділігін баса айтты. Жаңашылдық деген не? Ол қол жеткіз- ген табыстарды қанағат тұтып отыра бермей, жаңадан ізде- ну, іздену және іздену деген сөз. Бұл әрбір ғалым атаулының ұстанатын басты ұстамы болмақ. Бұнсыз ғылымда жаңалық ашып, нәтижеге жетем деу құр әурешілік, өзіңді өзің ал- дау. Есеновтің жаңашыл болуының бар сыры оның ізденім- паздығында, ғылымға деген қомағайлығында жатты. Және ол қарапайым геологтар ортасынан өсіп шыққандықтан олар- дың проблемаларын, не жетіп, не жетіспей жатқанын жете білді, білген соң оны шешуге әрекет етті. Оның бойында ұс- тазына ұқсаған жаңашылдық көзқарас, ауқымы кең ой ай- ту, көтеріп отырған мәселесінің болашағын болжау, бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, жеріне жеткізу қасиеті басым еді.


Республиканың шикізат қорын молайтуға бір кісідей ат салысқан байырғы геолог Б.С.Зейлик Шахмарданның сыр- сипатын, шынайы бейнесін көз алдымызға әкелетін, барша- мызға үлгі болатын іскерлігін, жаңашылдығын, кісілігін көр- сететін мәні зор естелік айтады:


– Шахмардан Есенұлы Есеновпен менің бірінші кезде­ суім Орталық Қазақстан геологиялық басқармасының Бал­ қаш кешенді геологиялық­географиялық экспедициясына басшылық жасап жүрген кезіме тап келді. Ол уақытта Шахмардан Есенұлы Қазақстанның геология министрі бола­ тын. Экспедиция алдында Балқаш кен­металлургия комби­ натының шикізаттық базасын нығайту міндеті тұрған. Осы міндетке сәйкес комбинатқа мейлінше жақын орна­ ласқан кенді объектілерді заманауи әдістемелер негізінде қайыра бағалау қажет болды.


Сондай объектілердің бірі Бөрлі кен орны еді. Бұл жер­ дегі геологиялық­барлау жұмыстары көп жылдар бұрын


 


аяқталған, ол кездегі бұрғылау ескі әдістермен жүргізіліп, рудадағы металл үлесінің шынайы көрсеткіштері анық­ талмаған екен. Кен орнын қайыра барлау үшін сол кез­ де жаңа ғана өндіріске енгізілген прогресті алмас бұрғы­ ларды қолдану арқылы оның шын мәніндегі көлемін, руда­ дағы металл үлесін айқындап, руданың технологиялық ерекшеліктерін анықтау керек еді. Бір сөзбен айтқанда жаңа скважиналар бұрғылап, терең шурфтар жасап, кө­ лемді технологиялық үлгілерді таңдап алып зерттеу мін­ деті тұрды. Ал, мұның өзі жаңа техниканы: бұрғылау ста­ ноктарын, вахталық автомашиналарды, су таситын көлік­ терді қажетсінді. Кен орнындағы алғашқы бұрғылауымыз бізді үміттендіргендей болған соң, мен Шахмардан Есен­ ұлына өтінішпен шықтым.


Шахмардан Есенұлы біздің өтінішімізді жедел қабыл­ дап, Балқашқа ұшып келді де, кен орнымен танысып үлге­ рісімен, тиісті бөлімге біз сұраған техниканы жеткізуді тапсырды. Шындығына келсек, біз сұраған техниканы бөлу мәселесін министрліктегілер түгел қолдаған жоқ. Кейбіре­ улері министрдің пәрменін ұзақ сонарға салғысы келді. Бі­ рақ министр өз тапсырмасын бұлжытпай орындатты.


Тағы бір естелік. Балқаш көлінің Солтүстік жағалауын­ да орналасқан мыстың ірі кен орыны Саяқтан кен шы­ ғару үшін карьердегі жаппай және тұрақты жарылыс­ тар салдарынан ұшқан ірі тас сынықтары геолог­барлау­ шылардың үйлеріне дейін жетіп құлап жатты. Адамдар­ дың өміріне қатер төнді. Елді мекенді көшіру қажет. Бұл мәселе Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде талқыланды. Саяқ геологиялық­барлау партиясының қыз­ меткерлері үшін жаңа жерден тұрғын үйлер салу туралы шешім қабылданды. Бұл партия Алматыда орналасқан Оң­ түстік Қазақстан геологиялық басқармасына бағынатын. Шахмардан Есенұлы Саяқ геологиялық барлау партиясын Балқаш экспедициясының құрамына беру туралы шешім қабылдады. Ол Балқашқа келісімен мені, тағы бірнеше қыз­ меткерді, сондай­ақ, Қарағандыдан арнайы жеткен Ор­ талық Қазақстан басқармасының өкілдерін ұшаққа отыр­ ғызып, Саяққа алып барды.


Жаз. Ми қайнатар ыстық. Министр қалыптасқан жағ­ дайды сол жердің өзінде сараптады. Бұрғышылардың үйле­


 


ріне бас сұқты. Қатарда тұрған үйлердің біріне кіргені есім­ де. Шахмардан Есенұлы – ірі, ұзын бойлы азамат, кірер есік төмен, ол еңкейіп кірді. Барлығымыз кірдік. Үй иесі төрге шақырды, бір қора бала, үйелмелі­сүйелмелі, тар, жұпыны үйдің ішіне су құбыры тартылмаған. Шахмардан Есенұлы сол тұрған бойда жайлы коттедждер құрылысын бастау туралы пәрмен берді. Ол Саяқ партиясын Балқаш экспе­ дициясына қосып беру жөніндегі шешімінің дұрыстығына тағы бір рет көз жеткізді. Қажетті құрылыс материал­ дарын сонау Алматыдан арқалағанша, Қарағандыдан дор­ балап жеткізу анағұрлым тиімді еді. Алматыдан тасу үшін Балқаш көлін айнала жүріп өту керек болатын. Әри­ не, министр қабылдаған шешім Алматыдағы Оңтүстік Қа­ зақстан геологиялық басқармасының қарсылығын оятты. Олардың өкілдері Балқашқа келіп, қалалық партия комите­ тінде түсіністікке қол жеткізеді. Мені қалалық партия ко­ митетінің хатшысы шақырып алып, бүкіл экспедициямен бірге Алматы қарауына өтуді ұсынды. «Бізге Қарағандыдан гөрі Алматы тартымды» дейді ол. Хатшыға көнсек, елді мекеннің құрылысы күрделіленеді, Саяқ партиясын Балқаш экспедициясының құрамына беру мәселесі мәнін жоғалта­ ды. Қысқаша айтқанда, жедел құрылысқа қауіп төнді. Мен қарсыласып бақтым. Министр де хатшының алдында мені қорғады.


Алматыда жаңа жоспар пайда болыпты: экспедицияның тентек бастығын орнынан жұлып тастап, Алматыдан басқа, көнбіс бастық жіберу туралы. Бұл әрекеттерден Шахмардан Есенұлы бейхабар. Мені Қазақстан Компартия­ сы Орталық комитетінің ауыр өнеркәсіп бөліміне «кілем үстіне» шақыртты. Бұл бөлімді мығым, іскер, бірақ тоқ­ пақтай қатты партия өкілі басқаратын. Кабинет толған адам. Қыспаққа алсын­ай келіп. Мәселе қиындады. Сол кезде менен кабинеттен бір сәтке шығып тұру сұралды. Соңынан естідім, Шахмардан Есенұлы алдын­ала ойластырылған, ре­ жиссурасы пысықталған конструкцияның быт­шытын шы­ ғарыпты.


Оның мәлімдемесі: «Мен министрмін. Балқаш кешен­ ді геологиялық­геофизикалық экспедициясы республика гео­ логия министрінің ғана номенклатурасы емес, КСРО Гео­ логия министрлігінің де номенклатурасы. Б.С. Зейликті бұл


 


экспедицияның басшылығына тағайындаған біз ғана емес, оны КСРО Геоология министрлігі де бекіткен. Ол Мәскеу­ де тағайындалған. Мен, министр бола тұра, бастықты ауыстыру туралы пиғылды қалайша ең соңғы боп естимін. Бұл экспедиция министрліктің аса маңызды құрылымы, ал ондағы кадрлық өзгерісті қазір тура осы арада мәлімдеп тұрсыздар. Экспедиция басшысына менің ескертуім де, ша­ ғымым да жоқ». Әбден ойластырылып, дайындалған ша­ буылға тойтарыс берілді. Қазақстанның ауыр өнеркәсібін түгел қол астында ұстап тұрған қатаң хатшы мен гео­ логия министрінің қарсыласуы Шахмардан Есенұлының жеңісімен аяқталды. Бұл эпизодты өз деңгейінде бағалау үшін сол уақыттардағы Коммунистік партия органдары­ ның, әсіресе басшыларының шексіз билігі туралы білу ке­ рек. Олармен қарсыласып, дауласу үшін биік азаматтық ұс­ таным, асқан ерлік пен қисынды дәлелдер керек болатын.


Тағы бір мысал. Бұл оқиға Балқаш экспедициясындағы барлық қызметкерлердің мүддесін қозғайтын әлеуметтік мәселелерге байланысты туындады. Бұрынырақ, Балқаш экспедициясына мен келмей тұрғанда экспедиция қызмет­ керлеріне далалық төлемақы беріліп тұрған. Оның негізде­ месі – ауыр климаттық жағдай, қала күн күйдіріп жібер­ ген тасты жерде орналасқан, өсімдік жоқ. Балқашта суа­ русыз ештеңе өспейді. Шөл даладан жел тынымсыз уілдеп­ ақ тұрғаны.


Бұған кен­металургия комбинатынан тұрақты будақ­ тайтын зиянды түтін, т.б. тастандыларды қосыңыз, сон­ да экспедиция қызметкерлерінің жалақысына қосымша тө­ лемақы әділетсіз боп көріне қоймас.


Мен экспедицияға келуден 15 жылдай бұрын қалада тұра­ тындарға қосымша төлемақы тоқтатылыпты. Төлемақыны қайта бергізу үшін мен күреске кірістім. Ш. Есенов министр болғанға дейін менің өтініштерім аяқсыз қала берді.


Ал, ол министр болысымен, бұл мәселе өзінің оң шеші­ мін тапты. Бір жағынан алғанда Қазақстан үлкен ел, экспе­ дициялар дегенің жеткілікті, сонда бір ғана экспедицияның өтініші үшін онсыз да күнделікті күрделі мәселелердің күр­ меуін іздестіретін министр үшін мұның қаншалықты маңыз­ дылығы бар дейсің. Оны байқамауға да болар еді. Басқа ми­


 


нистр басқаша ойлар, бірақ Шахмардан Есенұлы адамгер­ шілігі жоғары, асыл азамат еді ғой. Мәселенің бәрі осында!


Нақты бір маманға қатысты тағы да бір оқиға есімде қалыпты. Минстрліктің төралқа отырысында Балқаш кен­ металлургия комбинатының шикізат базасының проблема­ сы қаралды. Біздің экспедицияның бас геологы М.И. Жу­ ковтың қойылған мәселе бойынша баяндамасы біте са­ лысымен, оған кейбір төралқа мүшелері дүрсе қоя береді. М.И. Жуковтың сасқалақтаған, қынжылған түрін көріп, Ш. Есенов коллегия отырысы аяқталысымен, оны өз каби­ нетіне шақырып алып, сынды көтере білу керектігін, эмо­ цияға жол бермеу қажеттігін байсалды түрде айтып, жет­ кізіпті. Геология саласындағы көпжылдық тәжірибемде мен мұндайды кездестірмеппін. Бір сәттік әлсіздік танытқанға көмекке тек Ш. Есенов қана қол ұшын бере алар еді.


Шахмардан Есенұлының түр­тұлғасының өзі лидерлікке сұранып тұрғандай көрінетін. Ұзын бойлы, мығым денелі, шы­ мыр ашық жүзінен мейірімділік пен жұмсақ талапшылдық белгілері байқалып­ақ тұратын. Ол шешен еді, үлкен ау­ диторияны лезде баурап алатын. Жетпісінші жылдардың орта шенінде Алматыда Бүкілодақтық петрографиялық жиын өтті. Қазақстанға Одақ түкпірлерінен көптеген гео­ логиялық ұйымдардың делегаттары келді. Жиынды Шах­ мардан Есенұлы ашты. Ол қолына ешқандай қағаз алмас­ тан, залға қарап тұрып, өзінің түр­тұлғасымен­ақ үлкен аудиторияны тыныштандырып, отырғандармен сәлемде­ сіп, жұмыстарының жемісті болуын тілеген тартымды кіріспе сөз сөйледі. Ғылымға өндірістен келгендер кейде ғы­ лыми­зерттеу институттарына студенттік партадан кел­ гендерге мұрын шүйіре қарайтынымыз өтірік емес. Респуб­ лика Ғылым Академиясын басқарған жылдары Шахмардан Есенұлы әртүрлі бағыттағы ғылыми ізденістерді, ең алды­ мен геологиялық ізденістерді бір арнаға тоғыстырып, тиім­ ді ғылыми іс­әрекеттерге даңғыл жол салды.


Оның жаны жаңаға жақын болды. Ол маған да жәр­ демін аяған жоқ Менің «Соқпалы­жарылғыш тектоника және плиталар тектоникасының қысқаша очеркі» тақыры­ бындағы монографияма рецензия жазып, 1991 жылы жа­ рыққа шығуына көмектесті.


 


Жаңаға, жаңалыққа көзқарасы маман өрісінің кеңдігін анықтайды дейтініміз бар. «Ірі маман» деген айдар тағы­ латын кейбір ғалымдар бір бағыттағы жұмыста едәуір нә­ тижелерге қолы жеткені сол екен, өзінің бағытынан өзгеше жаңа идеяларды қабылдауға даяр емес болып шығады. Он­ дайлар туралы: «Ол өз дүниетанымының шектерін мына фәни дүниенің шектері ретінде қабылдайды» деп айтып жа­ тамыз. Өкінішке қарай мұндайлар біздің қатарда да аз емес. Шахмардан Есенұлы жаңашыл еді. Ол политехникалық ин­ ститутта кафедра меңгерушісі қызметін атқарып жүрген кезде мені «Соқпалы­жарылғыш тектоника» бойынша бір­ екі лекция оқып беру үшін шақырғаны бар.


Осы очерктің соңында айтарым: Шахмардан Есенұлы менің жадымда ірі, бірегей тұлға болып қала береді. Өмірінің қиын сәттеріндегі оның табандылығы мен ержүректігі елік­ теуге тұрарлық қасиеттер деп санаймын.


* * *


Бірде академик Велиховтан тілші: «Өткен, ХХ ғасыр де- генде ең алдымен кімді, я болмаса нені айтар едіңіз?» – деп сұрағанда: «Ол Махатма Ганди ...жоқ, Эйнштейннің салыс- тырмалы теориясы... жоқ, ХХ ғасыр, ол – Мұнай!» – деген. Бәріміз де дұрысы осы шығар деп ойлаймыз. Себебі, ХХ ғасырда жер бетінің жер-жерінен мұнайдың мол табылуы адамзат тіршілігін күрт өзгертті. Өмірдің түрі өзгерді. Қайбір мемлекеттерде қоғамдық қатынастар сол үшін шиеленісе бастаса, қайсыбірінің қақтығысын мұнай шешіп жатты. Не керек, домалақ жер бетінің «ауа райын» жер астының «қара мұнайы» басқара бастады. Бұл қандай құдірет? «Мұнай!»


дегенің не өзі?


Адам миына да маза бермей келе жатқан мына сұрақтар:


«Мұнай қайдан, қалай, қашан?» пайда болды. Егер турасын айтсақ, бүгінге дейін мұнай «мына заттардан жаралған» де- ген толық ғылыми жауап жоқ. Мұнайдың химиялық құ- рамы да белгісіз, қайдан, қашан шыққаны жайлы нақтылы дәлел жоқ, тек әртүрлі болжамдар ғана бар. Бірақ, адамдар мұнайды өз қажетіне сонау-сонау мыңжылдықтарда пайда- лана бастаған көрінеді. Тіптен археологтар оны әрі ұзатып, тас пен қола дәуіріне апарып қояды. Кім білсін?


 


Ертек-аңыз, сосын тарихтан білетініміз: көне дәуірлерде адамдар жанып тұрған табиғи газ алауына табынып, өзін жа- ратқан солдай-ақ, жалбарынып-жалынып отырған. Дүние жүзі дәрігерлерінің атасы Гиппократ жазбаларында мұнай және табиғи битум негізінде рецепт жазылып, оның түзілімі берілген. Ежелгі римдік А.Феликс деген ғалым алғаш рет мұ- найды ажыратып, дәрі жасаған. Үнді мен Иран халқының ауыз және жазба әдебиеттерінде де мұнайды емге қолданған мағлұматтар бар. Айта берсек мұнайда алып қашпа әңгіме аз емес. Қысқасы, әлемдік мұнайшылар арасында мынадай пікір бар: химиктердің ден қойып мұнай түзілімін іздеуіне кәдімгі дәрігерлер түрткі болған деген. Рас та шығар, әйтеуір, Бірін- ші Петр тұсында Бакудың қара майынан ақ мұнай ажыраты- лып, кішкентай құтыларға құйып, аптекаларда сатылыпты.


Химиктер керосин тапқаннан кейін мұнайға деген сұра- ныс күрт көтерілген. Польшада бірінші керосин шамын тап- қан адам Лукасевичке ескерткіш қойылған. Ал, инженер Степанов шамның жану теориясын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды. Осыдан кейін, орыс теңізшісі Костович 1880 жылы бензинмен істейтін мотор ойлап тапқанша, керо- син дәуірі ұзақ уақыт жүрді. Неміс өнертапқыштары Даим- лер, соңынан Бенц бензинмен жүретін автомобиль жасал- ғаннан кейін мұнай «бағы» аспанға бір-ақ шықты деуге бо- лады. Бұдан кейін адамзат автомобильді де, бензин шығатын мұнайды да тоқтату мүмкін емес жағдайға жетті. Керісінше, мұнай әлемдік экономикаға қожалық ету «тағына отырды».


Бұдан кейін мұнайдан бөлініп шығатын пластмасса дә- уірі туды. Одан капрон, нейлон, силон...дейсіз бе, әйтеуір, тоқыма өндірісі, доңғалақ жасайтын шина зауыттарында он- сыз, мұнайсыз тіршілік тоқтайтын болды. Бұдан кейін кау- чук, полиэтилен дәуірі келді. Неміс ғалымдары Карл Циг- лер мен Джулио Натта каучук өндіруді тапқаны үшін Но- бель сыйлығын алды.


Нобельдің өзі ше? ХІХ ғасырда ағайынды Нобельдерді со- нау Англиядан Атырауға ешкім шақырып келген жоқ, олар мұ- найдың «исін» сезіп, өздері келді. Доссордың таза майын ар- бамен теңізге, одан әрі кемемен тасып, елін қара маймен қамта- масыз етіп, бүкіл Еуропаға цивилизацияның «шырағын» жақты емес пе?! Ал, ХХ ғасырда мұнай адам тіршілігіне қажетті зат- тардың жартысынан көбін өндіретін әлемдік үстемдікке жетті.


 


Сөйтіп, мұнай барлық пайдалы қазбалардың ішінде- гі ең тиімдісі, пайдалысы болып шықты. Бар мәселе де, бар проблема да мұнайдың аса пайдалы шикізат болуында! Ол өндірістің наны, оған дау жоқ. Және жасанды талшық жіп, полиэтилен, синтетикалық қағаз, каучук, асфальт, битум, хи- миктердің көмегімен өндірілетін көптеген заттардың арғы атасы – мұнай екенін қазір елдің бәрі біледі. Білгендіктен де мұнайдың бағы аспанға көтеріліп, қолы жеткеннің – ырысы, жетпегеннің – арманына айналып тұрғаны.


Адамзат мұнайдың «хабарын» қашан білгендігі жөнінде жоғарыда айттық. Қазіргі айтпағымыз, Адам ойымен жары- сып, қосарлана шауып келе жатқан техникалық прогрестің


«наны» – мұнайсыз бүгінде күн жоқ. Бір күннің бір сағатында ол жоқ бола қалса, тіршіліктің соңғы сәті соққандай жер беті улап-шулап, беймазалыққа түседі. Жер шары адамдарының жартысы жатарда «ертең мұнайдың бағасы түссе екен» деп, құдайдан тілеп жатса, келесі жартысы «өссе екен» деп ұйқ- тайтын халге жетті.


Міне, академик Велиховтың сөз астарында осының бәрі- бәрі бар секілді...


Ақыр соңында Қазақстанда мұнайдың бұлай дамып, өн- дірістің ірі бір саласы болып қалыптасуы жаңа облыс Гурьев- тің құрылуына әкелді. Сөйтіп, 1938 жылдың 15 январын- да КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен жер көлемі 200 мың шаршы километрді алып жатқан, жалпы халқының саны 375 мың, ал, облыс орталығында 61 мың халқы бар Гурьев об- лысы құрылды. Облыс құрамына алты аудан: Еспол, Бақсай, Теңіз, Мақат, Жылой және Маңғыстау аудандары енді. Бұл аудандарда мұнай маңызды мәселеге айналды.


Қазақтар үшін мұнай нағыз құбылыс болды. Жиырма- сыншы ғасырдың басында мұнайды күрт өндіруге кіріскен Ресей өкіметі қазақ даласының батысын өндіріс ошағына ай- налдырды. Талай мұнай кендері табылып, мұнаралар бой кө- терді. Бұрын қазақ түсінігінде болмаған мамандық: геолог, барлаушы, бұрғышы, геофизик, гидролог, инженер... тағы да толып жатқан басқалар секілді жаңа кәсіпке икемделе баста- ды. Қазақ жастарын, әсіресе, қырқыншы-алпысыншы жыл- дары мемлекет өз қаражатымен сол мамандықтарды игеру үшін Мәскеуге оқуға жіберді. Келе-келе мұнайшы маман- дығын дайындайтын институттар мен факультеттер ашы-


 


лып, оған қазақ жастары көптеп тартылып, Отанға аса қажет- ті жаңа мамандықтарды меңгерді.


Солардың бірі болып геолог мамандығын меңгерген Есе- нов Шахмардан. Жезқазған жерінен түсті металдар кенін із- деп, молынан тауып, тәжірибе жинаған оған Геология ми- нистрі міндеті жүктелді. Министрліктің атқаратын қызметі ауқымды, ұшы-қиырына көз жетпейтін қазақ даласындағы, жер қойнауында жатқан бар байлықтың қожайыны. Табиғат- ананың берген несібесін, байлығын шашып-төкпей адам игі- лігіне жарату осы министрліктің міндеті. Жастығына қара- май өзіне тапсырылған қызметтің осындай парқы мен пары- зын, ел басшыларының сенімін түсінген Есенов іске кірісті. Жас министрдің кен байлықтарының ішінен мұнайға ба-


са көңіл бөлуінің сыры мен себебін жоғарыда айттық. Мұнай өз үстемдігін адамзат атаулыға жүргізіп, минералды кен бай- лықтары ортасынан озып тұрғанын, құнының қымбат екенін барша адамзат біледі. Бұл бірінші себебі. Ал, оның екінші себебі бар, соңғы жылдары межеленген мемлекеттік жос- парлар орындалмай, геологиялық барлау жұмыстары бо- жырап, жаңадан кен көздері ашылмай, Геология министрлі- гі атына біраз сындар айтылып жүрген. Қалай да қалай, бұл сала бір серпілісті, оны ұйымдастыратын ерік пен жі- гері мол, қайсар басшыны, білімді адамды күтіп тұрғаны рас болатын. Ел басшысы Д. Қонаевтың министрлік жұмысын, оның ішінде мұнайға тікелей басшылық жасайтын кәсіби маманды, ылайық адам табуын көптен-ақ сұранып тұрған. Ғалым-геолог Сейітмұратова өзінің Есенов туралы есте- лігінде Шахмарданды алғаш көргенде Қонаев: «...орынбасар емес, министрдің өзі ғой!» дегенін жазады. Қонаевтың осы сөзінен–ақ оның бұл қызметке, яғни, Геология минстрлігіне ылайықты адамды шынымен-ақ іздеп жүргенін анық байқай- мыз. Оның жөні де бар еді. Ел басшысы министр А.С. Бога- тырёвтың Қазақстанды жерсінбей, кеткісі келіп, министрлік ісіне аса жанашырлықпен қарамай жүргенін көптен сезетін. Қонаев Шахмарданды бір көргеннен-ақ үміт етіп, сол орын- ға ылайық көріп қалады. Ақырында, министрдің өзі етіп та- ғайындайды ғой.


Бір қызығы, бяғыда, Жезқазғанда жүргенде-ақ Шахмар- данның «Теңіз мұнай кеніші мен Қарашығанақтың көрсетер қызығы әлі алда!» деп болжағаны есімізде, енді сол болжам-


 


ды шындыққа айналдыру өз үлесіне тиіп тұр. Бұны қызық демегенде нені қызық дерсіз. Содан, жас министр: «Қара алтынның» қоймасы – Маңғыстаудың болашағы зор, оны игеру, оның байлығын халық игілігіне, ел қажетіне жарату біздің адамдық та, азаматтық та борышымыз болуы керек» деп, көп алдында айтып, ант бергендей іске кірісті.


* * *


Қазақстан Жазушылар және Сәулетшілер одағының мү- шесі Сайын Назарбек сол бір кезеңді төмендегіше баяндайды:


...Маңғыстау ояна бастады. Форт­Шевченко қаласында трест, Ералиевте әр түрлі басқармалар, Жетібай мен Өзен­ де геологиялық барлау экспедициялары, Ақтауда неше түрлі мекемелер, не керек Маңғыстаудың ойы мен қырында, сайы мен саласында неше алуан өндіріс орындары пайда болып, өркендей бастады.


Сол мекемелерде жұмыс істеп, жақсы жалақы тауып, тұрмысты түзеуге болады екен деген аңыздай әңгімелер ел арасына тез тарап кетті.


Өндірісті көтеріп, халық жағдайын жақсартамыз де­ ген қазақ халқының небір марқасқа азаматтары осы өлкеге келе бастады. Солардың бірі – Геология министрі Шахмар­ дан Есенов еді.


... «Министр келеді екен!» деген хабар Қызылсайдағы жертөледе тұратын ауыл адамдарына тура «Айдан адам келеді!» дегендей құдіретті естілді.


Мен ол кезде (1962 ж.) бар­жоғы жирма бір жаста­ мын, Өзен геологиялық барлау экспедициясының бастығы Үсенов Дүйсеннің жүргізушісімін, астымда «ГАЗ­69» деген машина бар. Бір күні бастығым «ертең министрді күтіп аласың» деді. Кесе­кесе жолдармен машинаңды тулатпай, қия­қия жолдармен қатты кетпей, ақырын­ақырын, жай­ лап жүргіз деп, күнұзақ ақыл айтумен болды. Дүйсекеңнің ақыл айтуының жөні бар, Қызылсайдың маңында машинаға арнайы салынған жол жоқ. Бұл далада әр шофер қалаған жерінен жол салып жүре береді. Таңдау көп. Сондықтан да даланың беті әжім басқан кемпірдің бетіндей тарам­та­ рам, мондалақ шұбыртпасы түскен адам бетіндей айғыз­ айғыз. Борпылдаған бос топырақ. Шамалы жел тұрса­ақ болды, аспан мен жердің арасында құм боран тұрып, дү­


 


ниенің бәрі ақ тұманға айналады. Қолқа мен танауың шаңға толып, тұншығып, өлердей боласың.


Дүйсекең қатты уайымда. Өзінен де маза кетті, біз­ ге де маза беруден қалды. Қайтсін, министрді күнде күтіп жатыр дейсіз бе?! Мүмкін, өмірінде «министрді» бірінші көрейін деп тұрғаны шығар. Өз үйінде, және есімі жадым­ да қалмапты, министрді танитын бір танысы, не керек екі үйде қонақты күтіп алуға жандары қалмай дайындалды.


Ауылдың батыс жағындағы қолайлы жерді беларус тракторымен күнұзақ тегістетіп, ұзын, темір трубаға ала қалта байлатып, Дүйсекең Өзеннің «аэропортын» дайын етті. Күткен күн де келді, АН­2 самолетімен министр де ұшып келіп, қонды. Бастығым Дүйсекең елпелеңдеп, жүгіріп жүр. Біз де қобалжып тұрмыз, өйткені министрді көруіміз бірінші. Министр ұзын бойлы, батыр тұлғалы, аққұба өңді, көркем де нұрлы жүзді, қысқасы, «Министр» деген атына заты сай екен.


Министр дастарқанға шақырған ұсынысты қабылда­ май, буровой станоктарын (түрікмендер бұны «бұрау құры­ лымдары» деп атайды екен) аралайық, көрейік деді. Бірін­ ші бұрауға жол тарттық. Күн желкемдеу еді, оның үстіне қырсық қылғандай тура артымыздан соғып тұрмасы бар ма. Машинаның қойнынан да, қонышынан да қуалай соққан майда тозаң ішін толтырып, демді тарылта бастады.


Менің қатарымда, алдында отырған министр алғаш тіл қатты:



  • Атың кім?

  • Сайын.

  • Машина айдау білесің бе?

  • Білемін.

  • Онда неге айдамайсың.

  • Айдап келемін ғой. Сақтанған түрім ... Министр маған қарап күлді де:

  • Сайынжан, аударылып өлеміз деп қорқып, тұншығып өлетін болдық қой. Айда машинаңды! – деді. Бұл маған ер­ кіндік берді. Мен шамам келгенше шаң мен желді «алдап», кейде бұрыла қашып, машинаны зуылдата бастадым.


Біраздан кейін тіптен батылданып алдым, сосын ми­ нистр мен бастығыма ақыл айтуға көштім: «әуелі ық жақ­


 


тағы, өзеннің ойындағы бұрау құрылымына соғып, одан әрі ылғи желге қарсы жүріп, шығыс жақтағы №22­ші ста­ нокқа соғайық» дедім. Екеуі де маған жалт қарап, «дұрыс» деді. Екеуінде де түрден түр жоқ, шаңға бөккен. Тап­та­ за, мұнтаздай боп келген министрді Маңғыстаудың асау желі мен шаңы бір сәтте­ақ ұйпа­тұйпасын шығарды. Қа­ расам күлкім келеді, жастықтың жыны ғой. Осылай ста­ ноктардың біразын араладық... Өлдім, талдым дегенде Қы­ зылсайға да жеттік­ау!


Көп әңгіме қозғалды. Елдің әлі жертөледе отырғанына министрдің көңілі құлазып қалды. Үйлер салу керек, бел ағаш­ тар таппасаңдар трубаларды қойып, үйдің еңсесін биіктеу етіңдер деді.


Міне, мен сол жолы алғаш рет министр дегенді, ми­ нистр тағына отырған адамды көріп едім. Сол күннен бас­ тап «министр» деген сөз ести қалсам болды есіме, көз ал­ дыма алып тұлғалы, жүзінен нұры төгілген Шахмардан Есенов келе қалады. Сосын, қайсыбір министрді көрсем де Шахаңмен салыстырам да, көңілім толмай, ойым ор­ тайып, құлазып қаламын. Мұндай сезім талай болды. Бәрі де Шахаңа жете алмайтындай...бәрі де нағыз министр бо­ ла алмайтындай сезім билейді. Таным мен талғамы таудай, азаматтығы асқақ сол Шахаңды сағынатыным рас! Әлі са­ ғынамын!


Бірақ тағдыр мені екі жылдан кейін ғана бір көруге жазды. Ол кезде мен студентпін, Қазақ политехникалық институтының екінші курсында оқимын. Абай атындағы опера және балет театрының алдында бір досымды күтіп, әрлі­берлі ұзақтау жүріп қалдым. Қасымнан өтіп бара жат­ қан екі кісінің сөзіне еріксіз құлақ түрдім. Бірі:



  • Анау тұрған Шахмардан Есенов емес пе? – деді.

  • Дәл өзі, кімді күтіп тұр екен?

  • Шахаңды осынша күттіріп қойған адам да осал бол­ мас?!


Екі адамның бұл әңгімесі менің баяғы Өзенде алғаш ми­ нистрді көргенім, оны Маңғыстаудың шаңына бөктірген кезім ойыма оралды. Еріксіз жымидым. Бірақ, «Аға, мені танисыз ба?» деп баруға батылым жетпей, қасынан ары­ бері жүріп, көз қиығыммен қарап қойдым. Әлі өкінемін, сә­ лемдесуге болушы еді ғой. Қазақтың салтында бар емес пе,


 


танысын­танымасын жасы үлкен адамға кез­келгеннің сә­ лем беретіні...


* * *


Шахмардан ағаның кісілігі мен көсемдігін, білімі мен ше­ шендігін досы да, қасы да, барша замандастары мойындаған ғой. Оның бағы мен тағы, білігі мен көркі көрген жанды қызықтырмай қоймайтын. Тағдырыма ризамын, жас ке­ зімде бір кездестіріп, ұмытылмастай тұлғасымен көңі­ лімде қалды. Есейіп, ер жеттік, 1969 жылы Қазақ поли­ техникалық институтын ойдағыдай аяқтап, ректор ше­ шімімен инженер­құрылыс факультетіне мұғалім болып қалдым. Содан біраз жыл өткен соң маған институт сая­ жай салуға жер берді. Көршім, институтта электротех­ никадан сабақ берген Псарев деген ұстазым, зейнеткер сая­ жайын сатып, оны Есенов алмасы бар ма. Содан, құдай қос­ қан көрші болдық та шықтық. Шахаң да, жеңгей Кәмила да «көрші хақысы – құдай хақысы» дегенді түсінетін жан­ дар екен. Екеуі де жайдары, қарапайым, мейірбан. Мен «ми­ нистр, президент болып едім» деген кеуде Шахаңда жоқ, қарапайым, көңілі жарқын. Қаншама жас кіші мені «Сәке!» деп, өзімді де, көңлімді де көтеріп қояды. Шахаңның әдемі, орынды қалжыңы таусылмайтын. Отырған жерінде әзілін де, аталы сөзін де айтып, айналасын шаттыққа толты­ рып, тамаша бір мереке жасап отыратын. Бір күні маған:



  • Сәке, сіз бен біз қалада көп тұрып, қазақтың ұлттық дәстүрін ұмытып қалыппыз­ау!. Осы «ерулік» дегенді бұ­ рыннан отырған үй беруші ме еді, жоқ әлде көшіп келген үй беруші ме еді? – деді түк білмегенсіп. Айналамызда тыңдап отырған адамдар орынды қалжыңға, дөп айтылған әдемі әзілге жамырай күлісті.

  • Шаха, Сіздей адамды дайындықсыз шақыруға бола ма? – деп, алдым да, – Біз бір ай дайындалдық, енді дайындық та аяқталды, қозы да пісті! Ерулік келесі жетінің жексен­ бісінде! – дедім.

  • Кәмила, онда екеуміз қонақ болуға дайындалатын бол­ дық қой, Батыр, дайындалуға бір жеті жете ме? – деді, жарқылдай күліп.

  • Інішектерді ұмытып кетпеңіз, бәріңізді шақырамыз!

  • дедім, ер жетіп қалған ұлдарының да келгенін қалап.


 



  • Бауырым­ау! Мынауың ерулік емес, той болды ғой, – деді тағы да күліп.

  • Шаха! Сізді Маңғыстаудан танитынымды, енді көрші болып жатқанымызды айтып, бір ай болды достарыма мақ­ танғаныма... енді, оларды таныстырайын деп едім...

  • А, қалай, біз таныс па едік? – деді Шахаң.


Мен Шахаңа, баяғы 1962 жылғы, Өзен барлау экспеди­ циясына барған сапары туралы айтып бердім...


Ол бір заман екен­ау! Біз демалыс күндерімізді көбіне саяжайда өткізетінбіз. Шахаңдар да жиі келетін. Кездесіп қалса болды, «жүр, Кәмиланың шәйін ішелік» деп, ылғи үйіне алып келетін. Шеті жоқ әңгімелер айтатынбыз. Көбіне көп ашылған кен орындары, Маңғыстау туралы, Жетібай мен Өзен мұнайын өндіру төңірегінде сөз қозғайтын.


Саясат туралы да, өз қызметінің төмендетілуі тура­ лы да естелік айтуға құмар еместігін байқап, мен де ештеңе сұрамайтынмын. Шахаңның Димекең, Дінмұхамед Қонаев туралы пікірі өте жоғары болатын. Бірде: «Димекеңдей азаматты өкпеге қиюға болмайды ғой» дегені әлі есімде.


Шахаңның айтқан бір естелігі есімде қалыпты. Бұл Кеңес өкіметінің ең жоғары билігінің басында болған Леонид Ильич Брежневтің Қазақстанға келіп­кеткен бір бейресми сапары туралы әңгіме еді. Шахаң:



  • Менің Ғылым Академиясының президенті кезім. Ол кез­ де Академияның беделі жоғары, дәрежесі де жоғары болатын. Ұмытпасам, Қазақстандағы ең жоғары айлық­жалақы мені­ кі болатын. Бірақ, шет елдің өзіммен дәрежелес бір қонағы келгенде сол айлық құрмет көрсетуге жетпей жататын.


Америкаға барғанда ол елдің Ғылым Академиясының ма­ ған көрсеткен құрметі туралы айтып, сөзбен жеткізу қиын. Басқасын айтпағанда, жарқыраған аппақ кемемен мұхитқа алып шығып көрсеткен кереметтері, табиғат көріністері, небір құрметтеу шаралары мәртебеңді өсіріп, көңліңді кө­ тереді. Біз қаншама тыраштанғанмен, ондай құрмет пен қо­ шеметті көрсете алмаймыз. Олардың алдында кедейлігіңді амалсыз мойындайсың, сосын намыстанасың. Тіптен өзіміздің


«Волга» автомашинасына екі бүктетіліп мініп­түсудің өзі ұят. Жеріміз бай, бірақ шетімізден кедейміз...


Қойшы, содан, бір күні Орталық Комиттетің бір жауап­ ты қызметкері өзіне шақырып, маған өте құпиялы түрде, бүгін


 


Мәскеуден Леонид Ильич ұшып келетінін, Қонаев дачасында қа­ былданатынын, соған тек менің ғана шақырылып отырғаным­ ды айтты. Қасыңызға ешкімді ертпеңіз деп ескертті.


Дәл уақытында Димекеңнің дачасында болдым. Бір кез­ де Димекең мен мәртебелі қонағымыз Брежнев келді. Аман­ дық­саулық сұрасып дегендей, біршама уақыт өткізіп, дас­ тарқанға отырдық. Бес кісіміз: екі көсем, екі көмекші және мен. Дәмді тамақтар, ләззатты шараптар, әзіл әңгімелер... Уақыт өтіп жатты. Қонағымыз аздап қыза бастады. Біз де көңілдіміз...


Даяшы қыз тағы бір дәмді тамағын алып келді. Лео­ нид Ильичтің назары даяшы қыздың көрікті көркін көріп, байқап қалған секілді. Ол басын шайқап: «какая красави­ ца!» деді де, көмекшісіне қарады. Сол­ақ екен көмекшісі бір қобдишаның аузын ашып, алдына қойды. Іші толған ал­ тын сағат. Ол асықпай қарап, ішінен әдемі деген бір ал­ тын сағатты алып, даяшы қызға ұсына тұрып: «На! Но­ си себя на здоровье!» (Шахаң, Брежневтің дауысын айныт­ пай салып айтты – С.Н.) деді. Отырыс созыла түсті. Бір заманда әлгі оқиға сол күйінде қайталанды. Кезекті тағы бір тамақ келді. Лекеңнің көзі әлгі қызға тағы да түсті. Лекең көмекшісіне қарайды, көмекшісі қызға қарайды, қоб­ дишаның қақпағы ашылды, тағы бір сағат қызға тағылды. (Шахаң мәз болып күліп алды – С.Н.) Екінші рет қызға ал­ тын сағат бергелі жатқанда мен: «жаңа бергенсіз» деп, ескерткелі аузымды аша бергенімде Димекең ажырая бір қарап, тоқтатып тастады. Сол күні сол даяшы қыз үш ал­ тын сағатқа ие болды.


Ал, менің бұл құпия отырысқа не үшін шақырылғаным келесі күні белгілі болды. Келесі күні Орталық Комитеттің жігіттері шақырып, кешегі «көңілді» кештің шығындарын өтеу керек еді деп, есеп­қисапты қолыма ұстатты. «Отыз жеті мың сом!». Менің дауысым қаттырақ шығып кеткен болуы керек, жігіттер таң қалып қарады да, «төлейсіз» де­ ді. Төлемеуге себеп­салдар іздеп біраз күн жүрдім де, бол­ майтын болған соң төлеп құтылдым.


Тағы бірде Шахаң шақырып жатыр деген соң үйіне бардым. Бір кісімен таныстырды, құдам деді. Сөйтсем, құ­ дасы қазақтың зиялы бір азаматы Ықсанов Мұстахим Бі­ ләлұлы екен. Дастарқан жайылып, үйден пісіріліп әкелген,


 


мұздатылған тұтас қой саны мен төстігін қойды ортаға. Әркім өз пышағымен қалаған жерінен кертіп жеп отыр. Шәй ішіліп болған соң Шахаң «Сайын, преферанс ойнаушы ма едің, қол қарауға қалайсың?» деді. Кәмила жеңгей: «айна­ лайын, Сайынжан! Бұларға жолама, ұтылып қаласың...» деп шырылдап жатыр. Онша жанға батпайтындай ұтылдым­ ау деймін, есімде қалмағанына қарағанда.


Шахаңның құдасы, Мүкең (Ықсанов) елімізге еңбегі сің­ ген, ұзақ жылдар билік басында болған, көпті көрген, көп нәрсені ойға түйген ақсақал екен. Екеуі бір­біріне биязы мі­ незімен, асықпай сөйлейтін сабырлылығымен, батыр тұлға­ сымен қатты ұқсайтын. Мүкең Шахаңның үлкен ұлы Мах­ сұттың жары Гүлнардың әкесі екен.


Ойыма Шахаңды алсам, ортаншы ұлы Ескендір түседі. Ол Чернобыльдегі атом реакторы апатқа ұшыраған кезде алғашқылардың бірі болып көмекке кетіпті. Кейде­кейде Ес­ кендір сол Чернобыльге бірге барған төрт­бес достарымен саяжайға келіп, от жағып, гитараға қосылып ән айтып, ұзақ­ұзақ отыратын. Олардың әндері шетінен мұңды, сазды келетін. Жас жігіттер болашақ тағдырларын толық сезі­ нетіндей көрінетін маған сол кезде. Жас өмірлерінің қиылып бара жатқанын сезіп, жүрегім сыздайтын. Шахаң баласын алып қалудың есебін таппаған­ау деп өкінетінмін...


Шахаң туралы ойлағанда, ол кісінің Маңғыстауға, оның халқына сіңірген еңбегі еріксіз еске түседі. Ол Маңғыстау мұнайы жөнінде ойлана сөйлеп, қинала айтатын:


Маңғыстаудың мол мұнайын игеруге өзіміз аздық еттік, жергілікті ұлт кадрлары жетіспеді. Мұнай факультеті ашылғанмен, бітіріп үлгере алмай жатыр. Содан, мұнайшы мамандарды басқа жақтан шақыруға тура келді. Мемле­ кет Маңғыстауға мол қаражат бөлмек. Сол қаражатты өз халқым, қазағым игілігін көрсе екен деген ой Шахаңа ма­ за бермепті. Жоғары жақтағы басшылармен келіспей­ақ, өзі Түрікменстанға адам жіберіп, ол мұнайшылармен, жәй халық өкілдерімен кездеседі. Маңғыстауға қоныс аударуға үгіттейді, қаржылай көмек көрсетуге уәде береді. Халық біртіндеп туған жерге орала бастайды. Бір күні Шахаңды Мәскеуге жедел шақыртады, Орталық Комитет қатаң та­ лап қояды, «Түрікменстаннан бір үй көшіріп алатын болсаң, партбилетті столға қоясың!» дейді олар...


 


Шахаңның осыны қинала отырып, көпке берген уәделе­ рін орындай алмағанына ренжи отырып еске алғаны менің де дәл кешегідей есімде.


Ақыры, олардың орнын елден­жұрттан қашқан қаш­ қындар мен оңай олжа тапқысы келген келімсектер жау­ лап алды емес пе?! Сол кезден бастап Маңғыстау өзінің маң тіршілігінен, ізгілігі мен бір­біріне деген қайырымы мол


«мінезінен» айырылып, өзгере бастады, бұзылды. Мұнай



  • Маңғыстау өндірісін дамытуға қанша пайдасын тигіз­ се, соншалықты зиянын – он төрт республикадан келген


«көмекшілер» түрлі жаман нәрселерді көрсетіп, бізді оған


«тәрбиелеп» те кетті.


Кейіннен бәрібір түрікмендегі қазақтар бірі мәшинемен, бірі түйемен, екіншісі атпен болса да Маңғыстауға көшіп келеді. Көштің басын туған жерге түзеп, астыртын адам жіберіп: «Маңғыстауға оралыңдар!» деп, шақыртқаны үшін ғана Шахмардан Есеновті халық ұлық тұтып еді.


Қазақ халқы, Маңғыстау елі Есенов Шахмардан секіл­ ді ел үшін еңбек еткен, қазағының қамын жеген Ұлы перзен­ тін ұмытқан жоқ! Оны мәңгілік есте қалдыру мақсатында Ақтау қаласындағы ең жоғары оқу орнына Шахмардан Есе­ нов есімі берілді.


* * *


Тоқтаңыз, министр Есеновке дейін мұнайды іздеу, бар- лау жұмыстары мүлдем жүрмеген, болмаған екен деген пікір қалыптаспауы керек. Соғыс жылдарында мұнай өндіретін аудандар фашистер қолында қалып, бар салмақ Қазақстанға түскені тарихтан белгілі. Соғыс жылдарында, дәлірек айтсақ 1944 жылы Қазақстан Үкіметі (басшысы Н. Оңдасынов) мен академик Қаныш Сәтбаев бастаған ғалымдар Одақтық дәре- жеде ғылыми-техникалық конференция өткізіп, мұнай мә- селесін талқылаған-ды. Ондағы айтылған әңгіме мен тал- қыланған мәселе – мұнайды молынан өндіру! Ол үшін әуе- лі барлау, мұнайды іздеу жұмысын жетілдіру керек болды. Ғалымдар Мәскеудегі орталық Үкімет алдына осыны мә- селе етіп қойды. Аяқсыз қалмады, қазақ даласында барлау жұмыстарын жандандыруға байланысты қаулы-қарарлар шы- ғып, қаражат бөлініп, мұнай іздеуге аттаныс басталды десе де болатын-ды.


 


Алайда, соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру совет халқына оңайға түскен жоқ, көп көңіл соған бөлінді, қаржы соған жұмсалды. Осы кездерде мұнай іздеу жұмысы саябырлап, тіптен тоқырап, тұрып қалды де- се де болады. Содан, қайтадан елуінші жылдардың басын- да мұнай іздеуді қайта қолға алып, қаулы-қарарларды қай- та жаңғыртты. Сол қаулыға орай әуелі Мәскеуде Геоло- гия және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылды. Сон- дай министрлік Қазақстанда да ұйымдастырылды.Мақсат


– жер қойнауындағы кен байлықтарын кешенді, әрі жоспар- лы түрде зерттеп, ел игілігіне жарату.


КПСС ХХІІ съезінде қабылданған шешімге сәйкес Маң- ғыстау түбегін еліміздің ірі мұнай өндіруші аймақтарының біріне айналдыру қаулысы шықты. Орталық Үкімет Оңтүс- тік Ембі, Үстірт, Оңтүстік Маңғыстау және Жайық-Еділ аралығы аудандарында геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарын шұғыл өрістету туралы нақты шешім шығар- ды. Үкімет мол қаражат бөліп, аталған аудандарды терең бұрғылап, барлау КСРО-ның және Қазақстанның Геология және жер қойнауын қорғау министрліктеріне жүктелді.


Ия, қаулы шықты, міндеттер айқындалды. Бірақ жұ- мыс өз-өзінен жүріп кетті ме? Қаулыны іске асыру үшін қы- руар жұмыс атқарылуы керек. Басты қиыншылық жердің шалғайлығы мен не темір, не тас жолдың жоқтығы болды. Көктемгі жауын-шашыннан кейін ауыр-ауыр мұнай мұна- раларын тасыған жүк мәшинелерінің жетуі бір мұң. Мәшине түгілі, жаяу адамның өзі аяғын әрең алып жүреді. Сағыздай созылған саз адымыңды аштырмайды. Ауыз су мүлдем жоқ, ұзақтан мәшинемен тасылады. Бір қолға екі шелек су беріледі. Оны қажетіңізге қалай жаратасыз, өзіңіз білесіз. Азық-түлік те Гурьевтен немесе кеме арқылы Әжірбайжаннан аптасы- на бір-ақ рет әкелінеді. Жетіспеушілік, тапшылық көп. Ма- ман мұнайшылардың жетіспеуі дегеніңіз бір дастан. Осын- дай қадау-қадау шаруаны бір ғана облыс хатшысының, неме- се, жаңадан құрылған «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің тындыра алмасы анық еді.


Кен байлықтарын барлау мен зерттеу мәселесі ел басшы- сы Д. Қонаевтың назарынан тыс қалған емес. Өзінің де маман- дығы металлург-кенші болғандықтан, бұл саладағы қол жет- кен жетістіктер мен кемшіліктер оған алақандағыдай анық


 


еді. Соңғы жылдарда кен барлаудың баяулап тұрғаны да шын болатын. Рас, министр Богатырёвтың Қазақстанда қал- ғысы жоқ, жанының күйіп жүргені шамалы. Талай рет талай геолог-мамандармен сөйлесті, кеңесті, бірақ көңілі толмады. Сөйтіп жүргенде ойламаған жерден Шахмарданды кезіктір- ді.


«Жас келсе іске!» Шахмарданның геология министрі бо- лып тағайындалғанына қуанғандардың бірі обкомның бірін- ші хатшысы Н.Оңдасынов еді, жас министрді ыстық ықылас- пен қабылдады.


Сол сәттің куәгері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнай- шысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тағдыр сал- ған ауыр тауқыметті хас батырларша көтеріп, ерлігін елге үлгі етіп, кеше ғана өмірден өткен Өтесінов Рахмет аға бы- лайша толғанады:


– Гурьев облыстық партия комитетінің өнеркәсіп бөлімі меңгерушілігіне ауысқанмын. Негізгі жұмысым осы Маңғыс­ таудағы мұнай барлау қарқынын үдетіп, табылған мұнай қо­ рының мөлшерін анықтап, өндіріске жол ашуға басшылық.


Обкомның бірінші хатшысы Нұртас Оңдасынов пар­ тияның ХХІІ съезінде сөз сөйлеп, Маңғыстау мұнайын те­ зірек игеру үшін керекті жағдайларды Одақ Үкіметі алды­ на мәселе етіп қойып, өзіміздің де аянбай еңбек ететініміз­ ге Одақ басшыларын сендіріп келген.


Осындай қарбалас күндердің бірінде Геология минист­ рі Шахмардан Есенов келді. Ол кісіні алғаш көруім. Оның алдындағы министр Богатырёв Кубаға елші болып кетіп, орнына орынбасары тағайындалды дегенді естігенбіз. Бі­ рақ, дәл мынадай жас жігіт болады деп ойламап едім. Та­ ныса келе екеуміз құрдас болып шықтық. Оқуға да бір жы­ лы түсіп, бір жылы бітіріппіз.


...Шахмардан министр болғанымен, әлі бюрократта­ нып үлгермегені көрініп тұр. Жұмыс жөнінде біраз әңгімелес­ кеннен кейін екеуміз Нұртас Оңдасыновқа кіретін болдық.


Нұрекең бізді тез және жылы қабылдады. Алдында Маң­ ғыстауда уран өндіретін «Каспий аймақтық тау­кен комби­ наты» деп аталатын, тікелей Мәсекуге бағынатын жабық мекеменің директоры Р.А. Григорянды алып барғанымда қа­ былдамай, жарты күн күттіріп қойған. Оның себебін кейін білдім. Алдында сол мекеменің бастығы бір генерал, об­


 


ком жіберген партком хатшысын қабылдамай, өзінің бір қызметкерін сайлатып жіберіпті. Өзін жоғары ұстап, об­ комды менсінбейтін кейіп танытқан, оған жыны келген Н. Оңдасынов тікелей Мәскеудегі басшыларымен сөйлесіп, әлгіні партия органын мойындамағаны үшін орнынан ал­ дырған. Сол жағдайды білетін Григорян уақыт өткен сай­ ын тағаты кетіп, мазасыздана берді. Үсті­үстіне шылым шегіп «қашан қабылдар екен?» деп, сұрай берді. «Кіруге бо­ лады» деген хабарды естігенде лып етіп түрегеліп, менің алдыма түсіп байпаңдай жөнелді.


Партия билеп тұрған елде оның жергілікті органдары­ ның құдіреті сондай еді.


Содан кейін мына Шахмарданды жылы қабылдағанына риза болып, біз де өзімізді еркін ұстадық. Сөз арасында Нұ­ рекең Шахмарданға «балам» деп, барынша жылы шырай танытады. Бұнысы таң қалдырды. Әдетте Нұрекең өзін ресми ұстап, сұсты жүзінен таймайтын. Бұл жерде ол біз­ ге обком хатшысы емес, ақыл айтып, қамқор болып отыр­ ған әкедей көрінді. Расында да, біз оның үлкен баласы Ескен­ дірмен құрдас едік.


Нұрекең жұмыс жағдайын әңгімелей отырып, қазақ жастарының осындай жауапты қызметтерге шыға баста­ ғанына қуаныш сезімін білдіре келіп, Маңғыстау мұнайын барлауға барынша ат салысыңдар, еңбектерің ескерусіз қал­ майды деді. Үлкен ағаның бізден әрі көмек күтіп, әрі талап қойып отырғанын байқадық.


Нұрекеңнен Шахмардан көңілді шықты. Ел арасында абырой­беделі зор ағаның аузынан шыққан жылы сөз қанат­ тандырып жіберді­ау деймін.


Кабинетіме келсек Батыс Қазақстан геология басқарма­ сының бастығы Е. Иванов күтіп отыр екен. Ол министрмен бірге хатшыға, Нұрекеңе кіруі керек еді, кешігіп қалыпты.



  • Жұрт министрді күтсе, біз Ивановты күтеміз, – деп, Шахмардан оны қағытып қойды. Иванов тікелей Мәскеудің жіберген кадры. Сол артықшылығын білдіріп, кеудесін кө­ теріп жүретін. Мәскеуде менімен бес жыл бірге оқып, жа­ тақта бірге жатқан досым еді.

  • Жас қой, үйренеді ғой, – деп мен ара түстім.

  • Мен Сізге түстік дайындатамын деп жүріп кешігіп қалыппын, кешіріңіз, – деп ақталды Иванов.


 



  • Шай ішкіңіз келсе, үйден дәм татуға болады, – дедім қазақтың байырға әдетімен.

  • Жүр, кеттік, – деп, Шахмардан мені қолтығымнан алып, анаған: – А Вы обедайте сами, – деп, оған рұқсатын берді.


Үйге келгесін әкеммен әңгімесі жарасты.



  • Ақсақал, әңгіме айта отырыңыз, – деп, шалға қолқа салды.


Тыңдайтын кісінің табылғанына қуанған шал әңгімені ағытты.



  • Баяғыда бір тентек есейгесін есі кіріп, хазіретке ке­ леді. «Осы жасқа дейін талай күнаға баттым, қиянат та қылдым, кісінің ақысын да жедім. Орынсыз зәбір де бердім. Өтірік айтып алдадым да. Енді үлкейгенде тәубаға келіп түзелейін деп едім, маған о дүниеде жеңілдік бола ма?» – деп сұрайды. Сонда хазірет: «Япырай, күнәң тым көп екен, жасыңда әкең сүндетке отырғызып па еді? – деп, сұрайды.

  • Е, мұсылман болғасын, ол ырымнан құтылмайсың ғой,

  • дейді анау.

    • Ендеше сол мұсылмандық белгіңді ұстап барасың да,



  • депті хазірет.


Бұйырған дәмді талғажау етіп болған соң:



  • Ал, ақсақал, ас қайырыңыз, – деп қол жайды.

  • Япырмай, сен көрегенді бала екенсің, – деп шал көңіл­ деніп қалды. – Сендей жігіттердің көбі ас ішіп болғасын тұ­ рып жүре береді, – деп, шал қолын жайып, асын қайырып, Шахмарданға батасын берді.

  • Баяғы өткен заманда, бір самұрық құс алып бәйтерек­ ке келіп ұя салып, жаз бойы оны пана етіп, балапандарын өсіріп, күзде жылы жаққа ұшады. Самұрық құс қанатын бір қаққанда күншілік жерге ұшады, біраз ұзап кеткен кез­ де ең кіші балапаны: «әке, жаз бойы бізді өзіне паналатқан, қанаттандырған Бәйтерекке біз рахмет айтпай кеттік­ ау» дейді. Баласының ақылды сөзіне тоқтаған Самұрық қай­ та кері ұшып, Бәйтерекке келеді. Баласының айтқанын ай­ тып: «енді мен саған не тілесем екен... биік бол десем өсімдік атаулының биігісің, өсіп­өн десем қанатын кеңге жайған сенен асқан өсімдік тағы да жоқ, терең бол дейін десем та­ мыры тереңге кеткен сенен асқан ешкім жоқ, сондықтан


 


«Жаратушы сені тіл мен көзден, қаңғырған орманшының бал­ тасынан сақтасын!» деп, балапандарын ертіп ұшып кеткен екен дейді. Сол сияқты, Шахмардан шырағым, көркіңе сөзің сай, болайын деп тұрған жігіт екенсің, Аллатағала тіл мен көзден сақтасын! – деп, шал сақалын сипады.



  • Бұрғылау жоспары орындалған жоқ, скважиналарды сынақтан өткізу де мәз емес. Мұнай қорын мемлекеттік ко­ миссияда бекітуге дайындық та баяу. Ертең Орталық Ко­ митетке есеп берерде не деп барамыз. Мұсылмандық бел­ гімізді ұстап барамыз ба? – деп, қалғаны Шахмарданның жауапты басшылармен кездесу кезінде.


Аналар министрге не айтарын білмей төмен қарап тұн­ жырап отыр. Шахмардан маған қарап көзін қысып қойды.


1963 жылы Хрущёв партия ұйымдарын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық деп екіге бөлген­ді. Ақтөбе облы­ сындағы (қаладан басқа) өнеркәсіп, қатынас мекемелерін бі­ ріктіріп, орталығы Қандыағаш етіп, сол аймақтан парт­ ком құрылып, мені соған хатшылыққа ауыстырды.


Дәл осы уақытта, наурыз айында, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидаттар ұсыну науқаны жүріп жатқан. Біздің ауданның үлесіне Қазақ ССР геоло­ гия министрі Шахмардан Есеновтің кандидатурасын ұсы­ ну тиді. Сайлаушылармен кездесуге келген Шахмардан еке­ уміз Шалқардан бастап темір жол бойындағы станция­ лардың бәрінде жиналыс өткізіп, кешке қонақ үйде жа­ тып, емін­еркін әңгімелесеміз. Менің крайкомнан ығысып кеткеніме өзімнен бетер қиналды. Бірде, ол «Біреулер ла­ уазымды қызметке тұра қалса, осы жерге менен басқа лайықты ешкім болмағасын келдім», деп ойлайды. Ондай­ лар өзінен де артық жігіттердің бақ көтермей жүргендері жетіп­артылатынын ескермейді, – деп, қалды. Бұндай қо­ рытынды жасап, оны мойындау үшін қатарынан оқ бойы озып тұратын ақыл­парасат керек.


Көп ұзамай Крайком мені Маңғыстауда ашылған мұнай кен орындарын игеруге жұмсады. «Жазған құлда жатыс жоқ» деген осы. Біздің Шахмарданмен бұрынғыдан да ете­ не жақындасып, жиі кездескен кезіміз осы тұс. Шахмар­ дан уақытының көбін Маңғыстауда өткізетін. Экспеди­ ция басшыларын тоқпақтап отырып бұрғылау жоспарын


 


орындатты. Бәрінен бұрын қысқа мерзім ішінде Жетібай, Өзен кен орындарының мұнай қорын Үкімет комиссиясында бекітуге дайындатты. Бұл дегенің КПСС ХХІІ съезінде қа­ былданған қаулыны орындаудың алғышарты. Шахмардан­ ның бұл еңбегі босқа кетпеді. Маңғыстаулық бір топ аза­ матпен бірге Лениндік сыйлыққа ие болды.


Сол уақытта Есенов Шахмарданның есімі, әсіресе қара­ пайым халық арасында көп аталатын болды. «Білім десең білімі бар, тәжірибе десең тәжірибесі бар, елге жағымды, өзі әлі жас, болашағынан үлкен үміт күттіретін жігіт» де­ ген сөздер жиі айтылатын...


Бұл естеліктен жас министрдің Атырау мен Маңғыстау өңіріне келіп, мұнай мәселесіне алғаш араласқан сәттерін және оның ұлттық дәстүр мен салтты бойына сіңіріп өскен қазақи мінезін, сөз қадірін білетін зерделі жан болғанын кө- реміз, іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін танимыз.


Әуелі министр жер жағдайымен танысты,қатынас құрал- дары мен жолдар жағдайын көрді, мұнай барлаушыларына не жетіп, не жетпейтінін зерттеді, мұқтаждарын білді. Біліп қана қоймай, проблемаларды біртіндеп шешуге кірісті. Шіл- денің аптап ыстығына, қыстың сақырлаған сары аязына қара- май құрал-сайманнан бастап, түрлі-түрлі азық-түліктерді бі- рін құрлықпен, екіншісін теңізбен жеткізуді ұйымдастырды. Алматы мен Мәскеу министрліктеріне маза бермей, теле- фон соғып, мәселенің тез шешілуін қадағалады. Көп іске өзі ұйтқы болды. Жасыратын несі бар, қолынан келмеген, қа- ражат жетпей қалған кездерде Мәскеу мен Алматы басшы- ларына, тіптен кей сәттерде арқа сүйер ағалары – ел басшы- сы Д. Қонаев пен ұстазы Қ. Сәтбаевтан ақыл-кеңес сұрауға арланған жоқ. Білмегенін сұрау, ақыл-кеңес алу да өсем де- ген жастың талабы болса керек.


* * *


1961 жыл! Бір сәт, бір күнде дүниені дүр сілкіндірген жаңа- лық шар тарапқа тарап кетті. «Жетібайдан мұнай бұрқағы ат- қылапты! Не дейсіз, бұрын-соңды болмаған мұнайдың мол қоры табылыпты!» деген қуаныш пен мақтанышқа толы ха- бар жан-жаққа жамырай жөнелді. Жетібайға Мәкеуден ми- нистр Б. Ерофеев, Алматыдан министр Ш. Есенов, Гурьевтен хатшы Н. Оңдасынов, Ақтөбеден Батыс Қазақстан өлкелік


 


халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы Сафи Өтебаев жет- ті. Мұнайшылар суға емес, қара майға шомылып мәз. Ен- ді қайтсін, мұнай іздеп жер кеудесін тескілегелі үш-төрт жыл. Шыдамның да шегіне жетіп тұрған тұсында, міне, ен- ді еңбектері жанып, іздегендері табылып, рахат бір күй ке- шуде. Дәл осы сәтте олардан артық бақытты жандар жоқ еді, әрине. Үлкен жиын да өтті. Сонда министр Есенов өз ұсы- нысын жасады:


– Қазақта «жібекті түте алмаған жүн етеді» деген сөз бар. Мол мұнайдың табылуы бізге үлкен сын. Сондықтан бар мүмкіншіліктерімізді, білім мен жігерімізді жұмсап, табиғат ана берген байлықты ел игілігіне айналдыруымыз керек. Ол үшін мынадай басты мәселелерге назар аударуымыз қажет:


Біріншіден, қажетті көлемде тұрғын үй мен жөндеу-ме- ханика базасын салу керек. Маңғыстау түбегінде шым үйлер- ден басқа ештеңе жоқ.


Екіншіден, еңбекшілерге мәдени-тұрмыстық жағдай жа- сау керек.


Үшіншіден, мұнай мен газ өндіруді қамтамасыз ететін түрлі мекемелерді ұйымдастырып, жұмыстарын жанданды- ру керек. Және жергілікті халық өкілдерін мұнай өндіру жұ- мыстарына көптеп тарту керек.


Төртіншіден, терең скважиналарды бұрғылау техникасы мен технологиясын жақсарту да басты міндет болуы керк.


Бесіншіден, ауыз су мен өндіріске керекті су табу кезек күттірмейтін басты міндет.


Бұл – елдің де, қарапайым халықтың да мұң-мұқтажын жоқтай алатын адамның сөзі еді. Көпті көрген, тәжірибесі мол хатшы Н. Оңдасыновқа Шахмарданның ұсыныстары өте ұнады. Аға буын артынан өртеңге шыққан құрақтай жел- кілдеп осындай жастардың өсіп келе жатқанына іштей қуан- ды, марқайды. Сол ұсыныстарды іс жүзіне асыру үшін Үкі- меттің қаулысы, қаражаты керек екенін, мақсатты барын- ша айқындап алу үшін ғалымдар мен өкімет адамдарының бас қосып, ақылдасуын уақыт пен жағдайдың өзі талап етіп тұрғанын тез пайымдады. Нәтижесінде Қазақстан Компартия- сы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Д. Қонаевқа об- лыстық партия комитетінің хаты шұғыл дайындалды.


Ол хатты біз Президент мұрағатынан таптық.


 


№ 249, 25­ қазан 1961ж.         Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы


жолдас Д.А. Қонаевқа


 


«1959 жылдың мамыр айында Гурьев қаласында геология- лық-барлау жұмыстарының қарқыны мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ Батыс Қазақстанда мұнай кен орындарын іздеу мен өндіру мәселелеріне арналған 1-ғылыми-техникалық конференция болып өтті. Бұл конференцияның жұмысына кеңес Одағының және біздің республиканың мұнай бойын- ша жетекші ғалымдары, кСрО геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты. конференция каспий ойпаты мен Маңғыстау аймағындағы мұнай және газ бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының негізгі бағыт- тарын анықтады. конференциядан кейінгі екі жылда Прорва, Борлыкөл, Жетібай, Өзен сияқты мұнай мен газдың ірі кен орындары ашылды. көптеген геологтар мен ғалымдардың анықтаулары бойынша осы және жақын жатқан құрылым- дардағы мұнайдың алдын-ала анықталған қоры екі милли- ард тоннаға дейін, газ бойынша – бір жарым триллион текше метрден астам көлемді құрайды.


Мұнай мен газдың осыншама ірі қорларының болуы кас- пий ойпатының оңтүстік-шығыс жағалауы мен Оңтүстік Маң- ғыстауды біздің елдегі келешегі зор аудандар қатарына жат- қызуға негіз береді. Партияның облыстық комитетінің пікірін- ше бірінші конференциядан кейінгі екі жылдық жұмыстың қорытындыларын жинақтау және бұл аудандардағы геоло- гия-барлау жұмыстарының бұдан арғы бағыттарын анықтау, мұнай кен орындарын ұтымды пайдалану және бұрынырақ ашылған мұнай және газ кен орындарын үдемелі игеру ша- раларын қолға алу істері пісіп-жетілді.


көрсетілген мәселелерді және жаңа ашылған мұнай-газ кен орындарының көкейкесті проблемаларына байланысты кСрО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің, Қазақ ССр-ы Геология министрлігінің, Қазақ ССр-ы Ғылым академиясының, Мәскеу және Ленинград қалаларындағы геологиялық-барлау және мұнай ғылыми-зерттеу институтта- ры қызметкерлерінің, Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің инженер-техник және геологиялық-барлау қызмет- керлерінің қатысуымен іі ғылыми-техникалық конференция шақыру қажет деп санаймыз.


 


конференцияның күн тәртібіне келесі мәселелерді ұсы- намыз:



  • Оңтүстік Маңғыстау және каспий ойпатының Оң- түстік-шығыс жағалауындағы геологиялық-іздеу және барлау жұмыстарының бас жобасы.

  • Жетібай және Өзен кен орындары горизонттарын мейлінше барлау және сынақтан өткізу жүйесінің жан- жақты жобасы.

  • Оңтүстік Маңғыстау жағдайындағы геология-із- дестіру және барлау жұмыстарының ұтымды кешені.

  • Оңтүстік Маңғыстау және каспий ойпатының оң- түстік-шығыс жағалауының С1 және С2 категориялары бойынша барланған қорын есептеу қорытындылары.

  • Батыс Қазақстанның жаңа мұнай және газ аудан- дарын игеру мен орнықтырудың бас жоспары.

  • Оңтүстік Маңғыстаудағы ғылыми-зерттеу жұмыс- тарының жоспары


 


Облыстық партия комитеті Қазақстан коммунистік пар- тиясы Орталық комитетінен мұнай және газ мәселелері бойынша 1962 жылдың мамыр айында Гурьев қаласында іі ғылыми-техникалық конференция шақыру туралы шешім қа- былдауды сұрайды.


Қазақстан кП Ок бюросының іі ғылыми-техникалық кон- ференцияны шақыру туралы қаулысының жобасы қоса бе- ріледі.


 


Қазақстан КП Гурьев обкомының


бірінші хатшысы                                          Н. ОҢДАСЫНОВ


 


(қ. 708, 34.І. 206. б. 154-155)


 


Хат аяқсыз қалмады, қортындысында Қазақ ССР Гео- логия және жер қойнауын қорғау министрлігіне, Қазақ ССР Ғылым Академиясына, Қазақстан КП Гурьев обкомына... 1962 жылдың мамыр айында Гурьев қаласында ІІ-ғылыми- техникалық конференция шақыруға рұқсат етілсін деген қау- лы шықты.


 


Конференцияда басты баяндамаларды КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрі П.Я. Антропов, Қа- зақ ССР-ы Геология және жер қойнауын қорғау министрі Ш.Е. Есенов жасады, отызға жуық ғалымдар мен мұнай ма- мандары сөйлеп, тың пікірлері мен нақты ұсыныстарын ор- таға салды. Конференция өңір мұнай өнеркәсібінің тағы бір белеске көтерілуіне дем берді.


Шахмардан Есенов үшін бұл бас қосу ерекше болды. Бұ- ған дейін оны тәжрибелі геолог-инженер, барлаушы ретінде біліп келсе, бұл жолы нағыз ұтқыр ұйымдастырушы, іскер министр екенін танытты.


Әсіресе, геология ғылымының атақты білгірі академик А.Л. Яншиннің сөзі оның абыройын аспандатып жіберді десе де болады. Өмір бойы Батыс Қазақстанның кен байлықтарын зерттеп, оның құрылымы мен сипатын жақсы білетін мәскеулік академик Маңғыстау мұнайының тереңдік құрылымын, оған жету мен алудың жолдарын баяндай, жаңа техника мен жаб- дықты қолдану керектігін баса айта келіп:



  • Мен министр Есеновті білмеймін, – деп салды. Мына шал не бүлдірейін деп тұр дегендей жұрт елең ете қалды. – Осыдан оншақты жыл бұрын аяғында керзі етігі, үстінде фу- файкасы бар бір жас жігіт Жезқазғаннан Мәскеуге келді. Ол өзін менсініңкіремей отырған мәскеулік маңғаз ғалымдарды орыс тілін жатық білетіндігімен, геология саласындағы жаңа ойларымен таң қалдырып кеткені бар-ды. Тұлғасы биік, өңі көрікті, «мен боламын!» деп жанарынан ұшқын атып тұрған 26 жастағы жас Шахмарданды сол кезден та- нимын! Ал, бүгін сол жастың «Министр Шахмардан Есе- нов!» атанып, мынадай маңызды жиын өткізіп жатқанын кө- ріп шын қуанып тұрмын. Бұл менің Шахмардан үшін екінші рет қуана тұрып, қол соғуым! Талантты тани білу де талант, сондықтан Қазақстан басшыларына рахметімді айтамын! Осындай дарынды жастарды өсіргеніміз дұрыс. Мына біз сияқты, миы кепкен шалдардан енді ештеңе шықпайды, ке- дергі жасағаннан басқа... сондықтан, осындай жастарға, Есе- новке сәттілік тілейік! – деді сөзінің соңын қалжыңға ұластырып. Академиктің сөзіне риза болған залдағылар дүр етіп қол со- ғып жіберді. Шахмардан дуылдаған елді әрең басып:

  • Александр Леонидович, ұлы Ломоносов Елизавета пат- шайымның таққа отыруына орай жазған одасында:


 


...Науки юношей питают, Отраду старым подают,


В счастливой жизни украшают, В несчастный случай берегут.., –


 


деген еді. Ал, егер «кепкен мидан» әлгінде айтқан жаңалық- тарыңыз шығып жатса, қарттықты қоя тұрасыз, – деді. Көп- шілік мәз болып қол соғып, Яншин Шахмарданның қолын қысып, арқасынан қақты. Осы кезден бастап екі ғалымның арасындағы ресми қарым-қатынас биік бір сатыға көтеріліп, үлкен адами достыққа ұласып кетіп еді. Оған біздің көзімізді жеткізген екеуінің бір-біріне жазысқан хаттары.


Мақтау-мадақ кімге жақпасын, дегенмен соның үлкен мін- детті шешуге ерекше құлшындыратыны да бар. Шахмардан нақ сол күйді бастан өткерді. Бар салмақ «Маңғыстаумұнай- газбарлау» тресіне түсетінін салған жерден пайымдаған ол Форт-Шевченко қаласындағы мекемені жаңадан ашылып жат- қан кен орындарына жақын Ералиев поселкесіне көшіру ке- рек деп ұйғарып, жоғары жақты зорға болса да көндіре алды, діттегеніне жетті. Сансыз проблемаларды шешті. Көлденең тұрып кес-кестеген солардың бетін қайтарды.


Қазақ Республикасы деген атақты аспандатуға да бо- лады, «қазақтар мұнай өндіруді білмейді!» дегізіп, ұятқа қалдыруға да болады. Маңғыстаудың мол мұнайына көздері түсіп, жан-жақтан андыздап, көңілдері кетіп тұрғандар же- терлік екенін сезді, олардың өздері сездірді. Сол-ақ екен ол


«бар шаруаның басы-қасында өзім жүруім керек» деп, Ал- матыдан Маңғыстауға жиі келіп, мұнайшылар ортасында жатып, қос басында жиындар өткізіп, алдағы істерін жос- парлап отырды. Мақсат – туған елінің, халқының несібесін талапайға салдырмау.


Сол кездегі аз ғана ұлттық кадрдың бірі, Өзен геоло- гиялық барлау экспедициясына 1963 жылдың наурыз айын- да келіп, оператор-коллекторлықтан бас геологқа дейін кө- терілген Жылқайдаров Сайлаудың үлгі етіп ұсынуға бола- тын әңгімесі аз емес екен. Соның бірін бізге былайша баян- дады:


– Ол кездің қатынасына дауа жоқ еді. Алматыдан шық­ қан самолет жол­жөнекей біраз қалаларға қонып, жолау­ шылар алып, өлдім­талдым дегенде, Ақтауға он сағатта


 


зорға жететінбіз. Сонда деймін­ау, Алматыдан аптасы­ на екі­ақ рет ұшатын самолеттің бірімен министр Есенов келіп, апталап, айлап Жетібай мен Өзенде, дала қосында, барлаушылар ортасында жататын. Барлаушы, бұрғышы, геологтар...не керек, мамандарды жертөле жанына жи­ нап, жиналыс өткізетін. Бұрын­соңды министрлердің бұлай жүргенін көрмеген халық Шахмарданның қарапайымдылы­ ғына, өз жұмысына деген жауапкершілігіне, мұнайшылар мен барлаушыларға деген құрметіне дән риза.


Әсіресе, 1963 жылдыңқараша­желтоқсанайларында Өзен­ де барлау жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне министр­ лік бар күшін салды. Жұмыстың әр саласына жауапты қыз­ меткерлер, министрліктің басқарма бастықтары, барлауға септігі тиетін басқа экспедициялардың мамандары түгелдей Өзеннен табылды. Ал, минстрдің өзі сол жылы Өзенде қыстады десем, артық айтқандық емес. Ол барлау жұмыстарын өз қо­ лына алып, басқарып, мұнай қоры Мемлекеттік қор комиссия­ сында (Мәскеуде) бекітілгенше Өзеннен шықпады.


Есеновтің бітірген ең үлкен шаруасы – 1963 жылдың соңына қарай Өзен кен орнында мұнай қорының мөлшері анықталып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанындағы Мем­ лекеттік қор комиссиясына (МҚК) бар ақпарат, есеп­қисап түгелімен бекітуге тапсырылды. Және де олардың бекітілуін, Одақ үкіметінің қаулы­қарарын күтіп отырмай­ақ, мұнай өндіруді өзендіктер бастап жіберді. Сол кездегі үрдіс бойынша кен орнының қор мөлшерін «МҚК» бекіткеннен соң ғана мұнай өндіруге жолдама берілетін. Есеновтің ба­ тылдығының, тіптен батырлығының арқасында ақтық ше­ шім қабылданып жатпай­ақ жаңағыдай қадам жасалды. Ал қор 1964 жылдың қаңтар айында ғана бекітілді. Қор мөлшері бойынша ол сол кезде КСРО­дағы ең үлкен үштікке кірді. «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі құрылып, Өзеннің мол мұнайын игеру қарқын алды.


Шахаң тек өндірістің ғана қамын жеген жоқ. Бұрын түбектегі дүйім елге азық­түліктің түр­түрі жетпей жа­ татын. Есенов келгелі оның түр­түрі көбейді, тіптен сонау субтропикалық аймақтан келетін, «Марокко» деген жазуы бар апельсин мен мандарин жеп, қарық болғанбыз.


Сонымен, қор көлемі бекітілді. Ендігі шаруа – мұнайдың өндірістік қорын анықтау, оны «Орталықта» бекіту, ол үшін


 


терең барлап, бұрғылауды ұлғайту, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мұнайшылар қалашығын салу... не керек, бастан асатын жұмыс. Сынақ жұмыстарының басы- қасында Ш. Есеновтің өзі жүрді. Ұңғы сынақ басқармасының бас инженері М. Батырбаевты ертіп, сынақты тездету үшін мөлшерден тыс жаңа техниканы іске қосып, шайқау әдісін, гидромуфтаны өндірісте алғаш пайдаланды. Техниканы жаңарт- ты, көбейтті.


Маңғыстауда мұнайдың мол қорының табылуы көрші түрікпен ағайынның қызғанышын қоздырды. Май шелпек оларды жәй жатқызбады. Мәскеуге, Орталық Комитет пен Геология министрлігіне сөз тасып, «қызыл су» жүргізді. Әсі- ресе, есімі Одаққа белгілі мұнайшы Оружевтің: «Қазақстан мамандарының бұл іске шамасы келмейді. Маңғыстау мұ- найын игеруді Түрікменстанға беру керек» деген қырсық пі- кірі Есеновтің зығырданын қайнатты, намысын қоздырды. Оның ғана емес, Қазақстан басшыларының да намысына тиді. Соның да салдары болар, Ш. Есенов бұрын істемеген қатты шараларға барды. Біраздан бері бір орында отырып, жай- барақаттыққа, салғырттылыққа бой алдырған «Маңғыстау- мұнайгазбарлау» тресінің бастықтарын, бас инженерлерін, бас есепшісін, өндірістік бастықтарын, Жетібай, Өзен экс- педиция бастықтарын түгел орнынан босатып, лауазымда- рын төмендетті.


Есеновтің осындай қатаң шешімдері мұнайшылар орта- сын біраз дүрліктірді, қобалжытты. Өйткені орнынан түскен бастықтар да осал болмайтын. Мысалы, трест бастығы Х. Өз- бекқалиев пен бас инженер А. Хисметов сонау Атыраудағы жап-жақсы қызметтерін қимай-қимай қалдырып, партия жол- дамасымен келген майталман мұнайшылар еді. Жетібай мен Өзен мұнайын игеруге әуелі түрікпендер дәмелі еді, оның үстіне не дейсің Қазақстан мұнайын әжірбайжандарға бе- реді-міс деген де әңгіме тарады. Тіпті Н.С. Хрущев бастаған Одақ үкіметі «Қазақстан мұндай көп мұнай қорын игере ал- майды, сондықтан кен орындарын Түрікменстанға, Әзірбай- жанға және Ресейге бөліп бермекші екен» деген де сыбыс жетті. “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны” бел- гілі ғой.


Осы ауыс-түйістің бел ортасында жүрген, трестің бас инженерлігіне Есеновтің тағайындауымен келген, ал, қазір


 


зейнеткер, қазақ мұнайының ардагері Мырзағалиев Қамыс- бай былай дейді:


– Нақ сол тұста Шахаң мықты геолог қана емес, іскер басшы екенін де байқатты. Терең барлау жұмысын жолға қойды. Жаңа барлау партияларын, экспедицияларын ұйым­ дастырды. Оларды басқару К. Бурлаков, Ж. Даутов, А.Д. Алек­ сандров, Д. Үсенов, М.В. Власов, Х. Махамбетов, А.Ф. Шуран­ дин, С.Д. Саркисов секілді мамандарға тапсырылды.


Х. Өзбекқалиев, А. Хисметов Жетібай экспедициясын басқаруға жіберілетін болған соң, трест басшылығына Л.А. Дмитриев, бас инженерлігіне мен тағайындалдым.


Шахмардан Есенов мұнай мен газ қорларын тез арада сапалы есептеп беру үшін Жетібай, Өзен, Оңтүстік Маң­ ғыстау (Теңге) мұнай барлау экспедицияларын құрды.


Барлау партияларын, экспедицияларын құру бар да, олар­ ға жағдай жасау бар ғой. Сауысқан, Қызылқұм, Түйесу жер асты суының қорын есептеп, оны мұнайшылардың пайда­ лануына беру үшін «Маңғыстаугидрогеология» экспедици­ ясын құрды. Ералиевтен екі автокөлік мекемесі құрылып, Шахмардан Есеновтің тікелей көмегінің арқасында оларға әскери бөлімнен тягач, кран, ауыр машиналар алып беріл­ ді. Талдықорғаннан жүргізушілерімен бірге 200 машина келіп, барлаушыларға қызмет көрсетті. Форт­Шевченко, Жетібай, Өзен автобазалары да құрылды. Бұрғылау станок­ тары көбейтіліп, олардың саны 45 қондырғыға жетті. Бұрғылаушы бригадалар Гурьев, Орал, Ақтөбе, Шымкент­ тен шақырылып, олардың саны 35­ке жетті. Трест қа­ рауында 4500 адам істейтін болды, олардың 230­ы инже­ нер­техник еді.


Тресті Форт­Шевченкодан Ераливке көшірудің арқа­ сында кен орындарына қатынау екі, екі жарым есе қыс­ қарды. Сайып келгенде қыруар жұмыс атқарылды. Нә­ тижесінде Қазақстан Ғылым   Академиясы   президенті Қ. Сәтбаев, Геология министрі Ш. Есенов басқарған маман­ дар тобы дәлелді есептеулері арқасында, Мәскеуге Орта­ лық Комитетке, КСРО Министрлер Кеңесіне барып, сан­ қилы қисынды дәлелдерінің арқасында Маңғыстауды Түрік­ менстанға, басқаларға беру әңгімесі тоқтатылды.


Осы орайда академик С.Сартаевтың мына бір сөздерін келтіре кетудің тіпті де артықтығы жоқ:


 



  • Никита Сергеевич Хрущёв 60­шы жылдардың басында Маңғыстауды, бүкіл мұнай кен орындарымен қоса, Түрікмен республикасына бермек болды, онысын түрікмендер мұнай өндірісімен бұрыннан шұғылданады, тәжірибесі мол деп негіздеді. Мұны естіп­білген Димаш Ахметұлы Қонаев бұл өңірді ешкімге беруге болмайтынын айтып, дәйекті дәлел­ дер дайындауды республика Геология министрі Шахмар­ дан Есеновке тапсырды. Бұл мәселе КСРО Жоғарғы Советі Президиумы мен КСРО Министрлер Кеңесінің біріккен жа­ бық отырысында талқыланады. Н.С. Хрущёвтың кіріспе сөзінен кейін Шахмардан Есенұлы сөйлеп, Қазақстан ауыл шаруашылығымен ғана емес, мұнай өндірумен де шұғылдана алады, бұрыннан шұғылданып та келеміз, бізде тиісті ма­ мандар жеткілікті, қазіргі Маңғыстау өңірінің қоры өзінің көлемі жағынан бес Бакуге татиды дейді. Қысқасы, ұзақ талқылаудан кейін А. Косыгин қазақстандықтарды қолдай­ ды. Сонда Н.С. Хрущев оны жақтырмай: «Сен өзіңнің шы­ тыңмен айналыс» (А. Косыгиннің мамандығы тоқымашы еді) дегенін Л.И. Брежневтің бұрынғы көмекшісі Федюкин Алматыға келген бір сапарында біздің қоғамтанушылар – Р.Сүлейменов, А.С.Елагин және Ж.Ахатовқа (бұл кісі жа­ бық біріккен жиналыстың стенограммасын оқыған) айтып­ ты. Дауыс беру нәтижесінде жабық отырысқа қатысу­ шылардың басым бөлігі Маңғыстау өңірінде статус­квоны сақтау керектігін жақтады».


Бұл әңгімені геология-минералогия ғылымының докто- ры, профессор, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманов Садуақас былай өрбітеді:



  • Шахаңды алғаш рет 1962 жылдың ақпан айында ми­ нистрліктің Гурьев қаласында өткен көшпелі алқа мәжі­ лісінде көрдім. Ол мәжіліске Батыс Қазақстан геологиялық басқармасына қарасты мекемелердің бәрінің бастықтары, бас инженерлері, бас геологтары міндетті түрде қатысуы тиіс деген нұсқауға сәйкес, бұрғылау кеңсеміз орналасқан Доссор кентінен уақтылы жеттік. Марқұм Салтанат Бал­ ғымбаев ол кезде кеңсеміздің бастығы, Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінен жуықта ғана келген марқұм Қапжапар Қал­ баев жаңадан тағайындалған бас инженер, мен бас гео­ логпын. Мәжіліске біздің басқарманың өкілдері ғана емес, өндіру, ғылыми­зерттеу, жобалау мекемелерінің өкілдері,


 


Ақтөбе, Орал қалаларындағы мұнай іздеу, барлау тресте­ рінің басшылары да келіпті.


Алқа мәжілісі облыстық партия комитетінің залын­ да басталды. Оған облыстық партия комитетінің бірін­ ші хатшысы марқұм Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов бас­ тап бюро мүшелері, бөлім меңгерушілері, басқа да жауап­ ты қызметкерлері қатысты. Гурьев ол кезде шағын ғана, провинциялық қала. Сондай қалада республикалық Министр­ лік алқасының көшпелі мәжілісінің өткізілуі гурьевтіктер үшін айта қаларлықтай оқиға. Сондықтан болар, мәжіліске осындағы мекемелердің басшылары тайлы­таяғы қалмай келіпті деуге де болатын еді.


Рас, мәжілістің бірінші күні үш жүздей адам сия­ тын зал тола қоймаған, келесі күні аузы­мұрны лық толды. Үзілістердегі әңгіменің сиқы мынадай: «Ау, бәленшеке, бұнда неғып жүрсің»? «Министрді көрейін деп жүрмін. Өзің неғып жүрсің»? «Мен де министрді көру үшін келдім». «Пай­пай, жігіт ақ екен пәлі». «Жас екен, тек тіл­көзден аман жүрсін».


«Ай, мынау әлі өсетін жігіт». «Мынандай өткір, мынандай тілді адамды бұрын­соңды көрген емеспін». «Уай, шіркін­ ай, алғыр­ақ екен, тусаң ту». «Нағыз нар қасқа, біртуардың өзі екен». «Бұл әлі өседі, түбінде Қазақстанды басқаратын адамың тап осының өзі ақ болар, сірә».


Алқа мәжілісінің күн тәртібінде Батыс Қазақстан өлке­ сінде, оның ішінде Гурьев, Маңғыстау өңірінде геология­ лық басқарма атқарып келген мұнай­газ іздеу­барлау қыз­ меттерінің жәй­күйі, сол жұмыстарды жеделдету, кү­ шейту, әсіресе, іздеу­барлау қызметінің қарқыны тым мар­ дымсыз болып, алға баспай ақ тұрған кез, Өзен, Жетібай сияқты алып кен орындары ашылған Маңғыстау өңірінде сол жұмысты жандандыру шаралары тұр еді.


Есенов басқарманың басшы мамандарының бәріне де сөз беріп, асықпай тыңдап, сауалдар қойып, кейбіреулері­ мен пікір таластырып, ақыр аяғында істің алға баспауының түпкі себептерін ұғынуға, мәжіліске қатнасушыларға да ұқтыруға тырысып бақты. СОКП орталық комитетінің арнайы шешімімен Қазақстанға 1960 жылы жіберілген бі­ рі басқарма бастығы, екіншісі бас инженері болып өздеріне шаң жуытпайтын Евгений Иванович Иванов, Валентин Алек­ сандрович Васильев дегендерге шүйлікті Шахаң. Иванов­


 


ты Шахаң мінберде сағаттан артық ұстап, емтиханға шала дайындалып келген студенттей­ақ етті. Васильев­ ті мінберден түсіріп жіберді. Басқарма бастығының шар­ уашылық жағын басқаратын орынбасары, марқұм Рахым­ жан Сағындықов алғашында ақталуға тырысып, айты­ са кетсе де, министрдің уәждерінен, сұрақтарынан сүрі­ ніп, ақыр аяғында сөз тауып айта алмай, мінберден өзі түсіп кетті. Тек бас геолог, марқұм Нәрен Орынбайұлы Имашев қана, осы уақытқа дейін алынған геологиялық нәти­ желерді, жүзеге асырылмақ шараларды мүдірмей баяндап, министрдің сұрақтарына да әзілі аралас жауап қайтарып, тіпті мәжіліске қатысушыларды күлдіріп, құтылып кет­ ті. «Қазақстанмұнайгеофизика» тресінің басқарушысы Ғалымжан Хакімов те далалық, өндірістік геофизика қызмет­ терінің жай­жапсарын баяндап берді. Оған тресте терең бұрғылауға дайындалатын қажетті құрылымдар жеткілік­ сіз деген талап қана қойылды. Тап сол кезеңде жалпы геофи­ зиктерге тіреліп тұрған қиыншылықтар болмағандықтан, көп сын айтылмады. «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің басқарушысы Халел Өзбекқалиев қиындықтарын баса айту­ мен болды. Мен қаңтар айында ғана басқарманың геологиялық бақылау комиссиясының (геоконтроль) тобымен сол тресте болып, атқарып жатқан қызметтерімен танысқанмын. Ке­ рек жарақтардың не түрінің болса да жетіспеушілігі, қашық­ тық, жолсыздық, сусыздық, елсіздік тағы басқалары трес­ тің әрекеттерін алға бастырмай­ақ тұрған­ды. Ол кезде бұрғылау қызметтерінде «тұрыс» (простой) деп аталатын көрсеткіш болды. Ол – қызметті жүргізіп кетуге қажетті құрал­сайман, материалдық­техникалық жабдық, жанар­ жағар май, тағы басқалардың (кейде тіпті солардың тек кейбіреулерінің) жоқтығына байланысты, соларды күтіп тұру деген мағынаны білдіретін ұғым. Осы көрсеткіш Маң­ ғыстаудағы трестің бұрғылау қызметінде өте көп мөлшер­ де болды. Осыларды ескергендіктен болар, министр Халел­ ді көп әурелемеді.


Оңдасынов ақсақал екі күн бойы мәжілісте сөз сөй­ леушілерді зер салып, аса мұқият тыңдап, тапжылмас­ тан­ақ отырды. Мәжіліс аяқталуға таяғанда сөз де сөй­ леді. Бірақ, партиялық тәртіпті сақтағандықтан ба, ма­ ман болмағандықтан ба, әлде басқа себептермен бе, басқар­


 


маны басқарушылар Иванов пен Васильевтерге көп тиісе қоймады. Есесіне Сағындықов пен біздің Мақат бұрғылау кеңсесін басқарушы Балғымбаевты әжептәуір сынады. Сал­ танаттың ағасы, марқұм Өтеп Балғымбаев деген адам, тап сол кезде обкомдағы қызметінен босатылып, басқа жұмысқа ауыстырылған­ды. Оңдасынов Салтанатқа: «қызметіңді дүзетпесең мен саған да жетем» (до тебе тоже добе­ русь) деп кіжінді. Салтанат пақыр зәре­құты қашып, біраз уақыт бұрғылау алаңдарынан шықпай, қызметті қасынан бақылап басқарған­ақ болып жүрді. Алайда, ақсақалдың ай­ баты жәй көз қорқыту ғана екен. Салтанатқа ештеңе бол­ мады. Қорытынды сөзінде Есенов басқарманың қызметіне толықтай талдау жасап, істің неге алға баспай келген се­ бептерін сараптап, не жасау қажеттігін, өз тарапынан берілетін жәрдемін, тағы басқаларын айтты. Басшы кадр­ лар мәселесі мен ұйымдастыру шараларын түбегейлі қарау қажеттігін, оны облыстық, орталық партия комитет­ терімен ақылдасып шешетінін ескертті.


Естуімізше, Иванов пен Васильевті қызметтерінен алу­ ға Оңдасынов қарсы болыпты. Оның үстіне, тап сол кезде, оларды алмастыра қоятын адамдар да табыла қоймаса ке­ рек. Сағындықов пен басқарманың өндірістік­техникалық бөлімінің бастығы Макарчик қызметтерінен босатылды. Иванов пен Васильевке сөгіс жарияланды. Министрліктің сол алқа мәжілісінен кейін Ивановтар жіптіктей болды.


...1962 жылдың тамыз айында кезекті демалысыма шығып, Алматыдағы туысқандарыма соғып, бір­екі күн де­ малғасын, көше аралап, қыдырып жүріп, «Қазақ ССР Гео­ логия және жер қойнауын қорғау министрлігі» деген тақта ілінген ғимараттың алдынан шықтым. Бұрын­соңды онда болған емеспін. Нақты шаруам болмаса да, ішіне кіріп, көріп шыққым келіп кетті. Өндіріс озаттарының суретін тама­ шалап тұғанымда, біреу иығыма қолын салды. Қарасам, ми­ нистрліктің мұнай мен газ бөлімінің бастығы, біздің геоло­ гиялық басқармада бас инженер болған Федор Павлович Гу­ зов екен. Жақын таныс емеспіз, бір­екі рет іс сапары кезін­ де біздің кеңсемізге жол­жөнекей соғып кеткені бар­ды. Мүмкін содан есінде қалған болармын.


Ол, әңгімесін «сен бұнда неғып жүрсің» деген сұрақтан бастап, «жүр маған барайық, сөйлеселік», деп қызмет ка­


 


бинетіне ертіп әкелді. «Өндірісте жасағаныңа неше жыл болды, қандай кен орындарын барлауға қатыстың, отба­ сыңда қанша адам бар» деген сияқты сауалдарды жауды­ рып, әңгімені қыздырды. Алтыкөл, Каратайқыз, Оңтүстік Қамыскөл, Таңатар, Бакланы, Қаратал, Мартыши, Ка­ мышитовый, Жаңаталап сияқты кен орындарының кей­ біреулерін ашуға, кейбіреулерін барлау қызметтеріне қа­ тынасқанымды айттым. Алтыкөл мен Таңатар кен орын­ дарында өндірістік байқау қызметін атқарғанымды айт­ қанымда, Гузов: «сен тап біздің іздеген адамымыз екенсің» деді. «Біраз уақыт бұрын, бөлімімізге геологиямен қатар, байқау­сынау қызметтерімен шұғылдануы тиіс бас маман­ ның орнын берген­ді. Соған қолайлы адам таба алмай жүр­ геніміз. Мүмкін сені осында тағдыр жетелеп әкелген болар, сол орынға келсең қайтеді?» деген ұсынысын айтып салды. Мен өндірістегі тәжірибем бар болғаны үш­ақ жыл екенін, экспедициямызды Маңғыстауға ауыстырады деген хабар ес­ тігенімді, тәжірибе жинақтауды жалғастырғым келетін­ дігін, сондықтан, сірә келе алмаспын деген жауабымды айттым. Жауабым солқылдақтау болып естілді ме, Гузов:


«әлде де ойланып көрші, тіпті, мен сені министрге ертіп ба­ райын, келмеген күннің өзінде, онымен жүздесіп, аздап болса да сұхбаттасып кетсең, естен кетпейтін, мақтанышпен айтуға тұрарлық әсер аласың» деп үгіттеуге кірісті. «Ке­ летін болсам бір сәрі, келмесем не деп барам, ұят болады ғой» деп қашқалақтап едім, Гузов қоймады. Ақыры министрдің кабинетіне беттедік. Сәтін салғанда қабылдау бөлмесінде хатшысынан басқа адам жоқ, министрдің өзі кабинетінде оңаша екен. Таудай болып отырған Шахаң орнынан тұрып, амандасып, күректей қолын ұсынып, орындықты нұсқады. Алдында кіріп шыққан Гузов келісіміздің мәнісін айтса ке­ рек, «өндірістік тәжрибем аздау деуің дұрыс, бірақ үш жыл өндірісте жүру, онша аз да мерзім емес. Үш жылда кө­ ретіннің бәрін көріп, алатынның бәрін алып үлгеруге әбден болады. Өндіріспен әлде де шұғылданатын ойың болса, мен саған өндірістің көкесін көруге мүмкіндік туғызайын. Сені министрліктің Маңғыстаудағы өкілі етіп тағайындайын. Орындығың министрлікте болса да, Маңғыстау жақта ап­ талап, айлап жүресің, тіпті жылдап жүруіңе де болады. Міндетті қызметтеріңді атқарумен қатар, өндірісте көр­


 


мегендеріңді көресің, білмейтіндеріңді үйренесің. Ең басты­ сы – біздің өкіліміз ретінде ол жақта атқарылып жатқан жұмыстың басы­қасында болып, барысын бақылайсың, маңызды, қажетті деген деректерді бізге хабарлап тұра­ сың. Меніңше осының бәрі саған аса қажетті, тіпті құнды тәжірибе, түбінде өзіңе пайдасы тиетін тірлік болады. Менің ақылым – келісіміңді бер де, қызметке кіріс, – деді Шахаң.


Содан бастап, министрлікте Есеновпен үш жыл, яғни 1965 жылдың күзіне дейін қызметтес болдым. Маңғыстау­ да геологиялық барлау жұмысының кеңейіп, қарқындап тұр­ ген кезі. Ашылған мұнай­газ кен орындарын тездетіп терең барлап, өндірістік игеруге тапсыруға Шахаң жан­тәнімен кіріскен. Ол кезде Маңғыстауға қатынап тұру да оңай іс емес­ті. Темір жол, асфальтталған жолдары да жоқ. Со­ ған қарамастан Шахаң өңірге жиі барып, жағдаймен та­ нысып, көмегін беріп, жұмысты жеделдету, оның сапа­ сын жақсарту, кен орындарын өндірістік пайдалануға бе­ ру ісін қалт жібермей қадағалап отырды. Соның арқа­ сында көздеген мақсаттарын шебер жүзеге асыра білді, Маңғыстаудың негізгі кен орындары – Жетібай, Өзен, Теңге, Тасболат, Қарамандыбас мұнай өндірушілерге берілді. Кейін, соншама қиындықтармен құрылып, аяғынан тұрып кеткен барлау экспедицияларының ең ірілерін мұнайшыларға беріп жіберді деп, Шахаңды жазғырушылар да табылды. Алай­ да, тап сол кезде, бұндай батыл шешімге бару дұрыс та еді, ол мұнайлы өңірдің байлығын ел қажетіне тездетіп жа­ ратуға үлкен септігін тигізді.


Өзенге байланысты Есеновтің тындырған тағы бір ісі туралы айтпай кетуге болмайды. 1963 жылы кен орын­ дарының қорын анықтауға байланысты, Мәскеу, Ленинград ғалымдарының қатысуымен, жарты жылға тарта уақыт, аса көлемді құжат дайындалды. Ол құжат желтоқсан айының ең соңғы күндерінің бірінде КСРО Мемлекеттік қор комиссиясына қарауға, бекітуге табыс етілді. Оны аталған комиссиядан өткізіп алу аса маңызды іс болатын­ ды. Кеніште бұдан әрі атқарылмақ геологиялық барлауды былай қойғанда, өнім өндіруге байланысты барлық жұмыс­ тардың басталуы, жүргізілуі, олардың көлемі, қарқыны тек сол құжатқа тәуелді болатын, тек сол құжаттағы


 


шешімдерге байланысты іске асырылатын­ды. Сондық­ тан кеніш қорын комиссиядан қайткенде де өткізіп алу көкейтесті мәселе. Оның үстіне құжаттарды қарау кезін­ де сарапшылардың бірі: «бұрын­соңды кездеспеген, ерекше құрылымды, алып кен орнын тауыпсыңдар. Енді асығып­ аптықпай­ақ, кенішті тыңғылықты зерттеп, араға екі­үш жыл салып барып, Қор комиссиясына келсеңдер болмас па еді» деген ұсыныс жасаған­ды. Ол сарапшы Кеңес Одағында белгілі де, абыройлы да мамандардың бірі, көбіне айтқанын орындата алатын адам. Бұндай хабарды естісімен Есе­ нов келесі күні­ақ Мәскеуге ұшып кетіп, салмақты кедергіні еңсеріп, құжаттың Комиссиядан өтуін кейінге қалдырмай, сол жолы бекітілуін қамтамасыз етіп оралды.


Есенов Маңғыстау байлығын сол жерден мұнай өң­ дейтін зауыт тұрғызып игеру қажеттігін мәселе етіп кө­ теріп, мәскеулік басшылардың алдына қойды. Кейінірек бұл мәселені «Известия» газетіндегі көлемді мақаласында та­ ғы көтерді. Мұнайды айыру, оның сан түрлі өнімдерін алу, тек олар пайдаланылатын жерде ғана жүргізілуге тиіс де­ ген империялық, отаршылдық тәртіптің бұлжымай тұр­ ған кезінде – бұл тосын да батыл пікір еді. Сол мақаласы үшін Шахаңды ауызша жазғырып, қате көзқарас деп айып­ тағысы келгендер де болыпты. Шахаңның беделінің жоғары болғандығы соншалық, «Известия», басқа да орталық ор­ гандар редакцияға түскен ашулы, ызалы сын мақалаларға жол ашпай, оларды жарыққа шығармады. Редакциялар сол материалдардың кейбіреулерін Шахаңа танысуға жіберіп те жүрді.


Екі мың шақырымға созылған, әрбір 60­70 шақыры­ мында мұнай қыздырғыштары бар құбыр тартылып, Маң­ ғыстаудың мұнайы 40 жылдан астам уақыт бойы Самара бағытына айдалып келеді. Талай қатып қалу, жарылу, мұнай ағу сияқты апаттарды айтпағанда, ол құбырды ұстап тұру шығынының өзі, бір емес, бірнеше зауыт тұрғызуға жететін мөлшерден асты. Оған қоса, ол кезде Қазақстанда Атырау мұнай өңдеу зауытынан басқа зауыт та болған жоқ еді. Маңғыстаудан тағы бір зауыт салып, парафині мол, қоюланып кететін, алысқа айдауға көнбейтін мұнайды сол жерде өңдеп, пайдаға асыруға әбден болатын еді. Шахаң ұсынысының тиімділігі де даусыз еді. Әйтсе де, Орталық өз


 


саясатын өзгерткен жоқ, зауыт тұрғызылмады. Егемен­ дік заманы басталғасын Маңғыстауда мұнай өңдейтін за­ уыт тұрғызамыз деген шешім болған сияқты еді. Алайда ол шешім де қазір тіпті «сиыр құйымшақтанып» кеткен­ ге ұқсайды. Өндірілген мұнайдың бәрі жан­жаққа айдалып, бар зауыттар мұнайға жарымай, жарты мүмкіндігінде ғана жұмыс істеп жатқанда, жаңа зауыт қайдан салына қойсын.


Ол кездегі Маңғыстау мұнайының ашылуының маңызы ерекше болды. Батыс Сібір мұнайымен жағаласа дүниеге келген Маңғыстау байлығының өзіндік артықшылықтары баршылық еді. Мемлекеттің оңтүстігінде, ауа райы жұм­ сақтау, жұмыс жүргізуге, өмір сүруге қолайлы өңірде, теңі­ зден де қашық емес аймақта, Түрікменстан мен Өзбекстан сияқты газы мол өңірлерден орталыққа тартылмақшы газ құбырларының жолында орналасуы, бұлардың үстіне, тап осы өңірде аса ірі уран кен орнының ашылуы, Маңғыстауды Батыс Сібірмен терезесі тең аймаққа айналдырды.


Осыларға орай, газеттер мен радионы, тіпті министр­ лікті былай қойғанда, Орталық Комитет, Үкімет, Жоспар­ лау комитеттері Маңғыстау проблемаларына арнап ұйым­ дастырған мәжілістер жиі өтетін болды. Орталықтан әр түрлі деңгейдегі басқарушы органдардың комиссия­ лары да Маңғыстауға бірінен соң бірі келіп жатты. Ал қарайтын, шешетін мәселелері – Маңғыстаудан мұнай­газ кендерін одан әрі іздеп, тауып, барлау, табылған мұнайды тездетіп өндіру, өндірілген мұнайды орталыққа қарай ай­ дау, өңдеу, өндіріс қалай дамиды, қайда не болады, қанша адам еңбек етеді, олардың тұрмыс сүру жағдайын қамта­ масыз ету, электр энергиясы, су, оның ішінде ауыз су, жол қатынасы, оның ішінде темір жол, әуе қатынасы, су жол­ дары, автомобиль жолдары, құрылыс, тағы басқа өмірлік маңызы бар, күрделі мәселелер. Н.К. Байбаков, С.А. Оруд­ жев, Н.А. Кортунов, М.Ф. Мирчинк, В.Д. Шашин сияқты бел­ гілі мұнай­газ мамандары басқарған топтар жиі келеді. Ол комиссиялардың дәреже­деңгейіне қарап, олармен кездесіп, келісуге Қазақстанның жоғары деңгейдегі басшылары да жетеді. Бірақ, республикадан кім келсе де, қандай пікір айтса да, Есеновтің жөні бөлек еді. Министр не айтады, министрдің пікірі қалай деп, Шахаңды аттап өтпей, оның


 


көзқарасын білуге бәрі де тырысушы еді. Және оның пікірі­ мен есептесетін де еді. Мәскеулік мұнай саңлақтарымен Шахаң тең дәрежедегі, қатар деңгейдегі мамандарша сөй­ лесетін. Тағы бір ғажабы, қазақстандық басшылардың кө­ бінен Шахаңның шоқтығы биігірек көрініп, Қазақстанды да жоғары деңгейде көрсете білетін.


Осындай қарбалас тұста, 1962 жылдың күзінде, күт­ пеген жерден, Маңғыстауды игеру Түрікмпенстанға бері­ летін болыпты деген сыбыс қауға тиген өрттей лапылда­ ды. Басты дәлел – Маңғыстаудың жырақтығы, соған бай­ ланысты ондағы жұмыстың ілгерілемеуі, Түрікменстанның жағдайының Маңғыстаумен ұқсастығы, жақындығы. Бас аяғы бір­екі айға жетер­жетпес уақыттың ішін­ де мәселе шешілуге тақалып қалды деген де әңгіме тара­ ды. Кеңес Одағын Н.С. Хрущёв басқарып, Қазақстанның оңтүстігіндегі біраз жер Өзбекстанға алып берілген, сол­ түстік облыстар Ресейге қосылады екен деген әңгіме ба­ сылып болмаған кезең. Республиканың өз ішіндегі жағдай да шиыршықтанып тұрған. Д.А. Қонаев қызметінен боса­ тылып, орнына Ы. Юсупов тағайындалып, ол келген бой­ да Қазақстанның сойылын соғуға жарай ма, әлде айты­ лып жүрген уәждерді тойтара алмай, бұғып қала ма деген күмән­күдік өршіп, Маңғыстаудан айрылып қалу қаупі мең­ деген кез. Осындай жағдайда, Есенов Маңғыстауды қайтсе де бермеуге құлшына кірісіп, орасан көп жұмыс істеді. Министрлікте күндіз­түні жұмыс, анықтамалар дайын­ дау. Ғылыми еңбектерден, журналдардан Маңғыстауды Тү­ рікменстанға берудің қажетсіздігін дәлелдеуге септігі тие­ ді­ау деген деректер іздеу, әртүрлі нұсқада хаттар дайын­ дау. Олардың негізін бөлімдер, яғни біздер дайындап, бас­ тырып, бастықтар қарап, түзетіп, қосатындарын қосып, одан соң қайта бастыру сияқты жұмыс қызу. Бір күні Есе­ нов Түрікменстанның мұнай мен газына байланысты, оның ішінде геологиялық барлау қызметтерінің техникалық­эко­ номикалық көрсеткіштерін тауып әкеліп, осыларды пай­ даланыңдар деп бізге табыс етті. Ол көрсеткіштерге қа­ рағанда Түрікменстан Қазақстаннан ілгері кете қоймап­ ты, тіпті кейбір қызмет көрсеткіштері жағынан Қазақ­ станнан қалып та қойған. Қысқасы, Шахаң тауып берген деректердің көп септігі тиді. Дайындалған қағаздарды өзі


 


алып, Орталық Комитетке, Министрлер Кеңесіне кетті, қайтып келіп мына жеріне мынандай өзгеріс, ана жеріне анандай өзгеріс кіргізіңдер деп тапсырма берді. Дүзетілген нұсқаны тағы алып кетеді, тағы алып келеді. Ақырында сон­ шама сараптаулардан өтіп, әбден жетілдірілген құжатпен республиканың басшыларына барып, тіпті Юсуповтың өзі­ не де кіріп, ол кісіні Маңғыстауды бермеу мәселесін Хру­ щёвтың алдына қоюға көндірді. Осы жоспар жүзеге асып, сәтті аяқталып, Маңғыстау Қазақстанда қалды. Марқұм, Ысмайыл ақсақал, өле­өлгенше, Маңғыстауды мен алып қалып едім деп мақтанушы еді. Ал, оған бұл мәселені дайын­ дап, «пісіріп», табаққа салып берген Есенов еді.


1965 жылы Есеновті үкімет төрағасының өнеркәсіп жөніндегі орынбасары етіп тағайындады. Министрлер Кеңесіне ауысқасын да, Шахаң геологиядан, оның ішінде Маңғыстаудан қол үзген жоқ. Әрдайым уақыт тауып, я ша­ қырып, я телефон шалып, болып жатқан жағдаймен таны­ сып, ақыл­кеңестерін айтып жүрді. Шахаңа дейін де, Ша­ хаңнан кейін де талай министр болды ғой, бірақ Шахаңдай болғаны жоқ десем, артық айтпағандық болар деп ойлай­ мын. Ол кісі бойына ойы сай, оқшау тұрған таудай, жалын­ дап жанып тұрған оттай­ақ министр болып еді.


Маңғыстаудағы Жетібай мен Өзен мұнай­газ кен орын­ дарын ашып, тездетіп барлап, өндірістік пайдалануға тап­ сырғаны үшін 1966 жылы бір топ мамандармен бірге Есе­ нов Лениндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Бұл қажымай­талмай, жасампаздықпен еткен еңбекке, алынған қомақты нәтижеге берілген әділ де, жоғары да баға еді.


1974 жылы Шахаң екінші рет министр болып келді. Мен Гурьев қаласында орналасқан «Қазақстанмұнайгазбар­ лау» өндірістік­геологиялық басқармасында бас геологпын. Бозащы түбегінде геологиялық іздеу қызметін жүзеге асы­ ру үшін құрылымдық бұрғылауды пайдалану мәселесінде ми­ нистрлік келісімін ала алмай, ол өңірдің алғашқы кен ор­ ны Қаражамбаста министрліктің келісімінсіз, жанжалда­ сып жүріп, құрылымдық ұңғыма бұрғылап жатқан кезде, министр болып қайта келіп, жаңа міндетін атқара бас­ таған Шахаң мені қолдап, Бозащыдағы жұмысты алаң­ сыз жалғастыруға мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде Оң­ түстік Маңғыстау мұнайлы­газды ауданымен тең түсетін


 


Қаламқас, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы, Жалғызтөбе, Арман сияқты кеніштері бар жаңа мұнайлы­газды аудан ашылды. Министрліктегі мұнайшысымақтар түсінбеген, мән бермеген, я мән бергісі келмеген шаруаны Шахаң түсі­ ніп, елімізде тағы бір мұнай өндіретін ауданның тездетіп дүниеге келуіне көмегін тигізді.


Каспий ойпатының тұз асты тұнба жыныстарының мұнайы мен газын табуға бағытталған жұмыстар да Ша­ хаң министр болып оралған кезде қанат жайды. Сол кезде­ гі бастамалардың, атқарылған қызметтердің, жүргізілген зерттеулердің қатынасушыларының бірі ретінде Қарашы­ ғанақ, Кеңқияқ, Жаңажол сияқты әйгілі мұнай, газ, конден­ сат кен орындарының ашылуына Шахаңның тікелей ықпалы болды деп айта алам. Кеңқияқтан атқылаған алғашқы тұз асты мұнай бұрқағын Шахаң Гурьевте іс сапарда жүрген жерінен естіп, әдейі ұшып келді. Келгенде жалғыз келген жоқ, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хат­ шысы марқұм Саламат Мұқашевты, облыстық атқару ко­ митетінің бастығы Оңайбай Көшековті, «Эмбамұнай» бір­ лестігінің басшысы Бөлекбай Сағынғалиевты барлық орын­ басарларымен қоса ала келді.


Әйгілі Теңіз кен орны табылған жер де сол жетпісін­ ші жылдардың орта кезінде өндіруші сала КСРО Мұнай­газ өнеркәсібі министрлігіне Шахаңның қатынасуымен беріл­ ді. Ол жер құнарсыз, іштеңе шықпайтын жер деп есеп­ телгеннен берілген жоқ. Тап сол кездерде, бір жағынан, мұ­ най өндіріліп жатқан кәсіпшіліктердің тап қасынан геолог­ тардың ұңғыма бұрғылап, мұнай іздеуі қисынсыз деп са­ налатын. Геолог­барлаушылар жырақта жүріп, алыстан кен орындарын іздеп табуы шарт деген қағида үстем бо­ лып тұрды. Екінші жағынан, республиканың геологиялық барлау саласының дәрменсіздігі болашағы зор барлық алаң­ дарды, олардың ішінде мұнай өндіріліп жатқан өңірлердегі жерлерді түгел қамту мүмкіндігінің болмағандығы салда­ рынан, оларды мұнай өндірушілерге беруге мәжбүр етті. Нәтижесінде, 1979 жылдың желтоқсан айында мұнай мен газдың алып кен орны Теңіз ашылды. Кейін бұл жағдай ту­ расында да «геологтар мұнайшыларға Теңіз жатқан жер­ ді сыйлап жіберіпті», «барлаушылар Теңізді байқамай қа­ лыпты» деген әзәзіл әңгімелер айтылып жүрді. Бірақ, сол


 


Шахаң жасаған кеңпейілділік болмағанда, шөп қорыған ит­ ке ұқсап өзім де жасамаймын, өзгелерге де бермеймін де­ ген принциппен Теңіз табылған жерді мұнай өндіру саласы­ на бермей қалғанда, Теңіздің ашылуы біраз жылдарға кеші­ гетіні даусыз еді.


Ш. Есенов екінші рет министр болып тұрған кезде Кас­ пий теңізінің қазақстандық акваториясы Ресей геофизик­ терінің күшімен теңіздік­геофизикалық әдістермен зерт­ теліп, Каспий қайраңының мұнайлы­газдылығын анықтауға бағытталған алғашқы нәтижелер алынды. Дүниедегі ең алып кен орындарының бірі болып саналатын Қашаған кен орны алаңы да алғаш рет сол зерттеулердің нәтижесінде дараланып, карта бетіне түсірілді.


Есенов геология саласын екінші рет басқарып тұрғанда Ауғанстандағы мұнай мен газға байланысты геологиялық барлау жұмысын қазақстандық мамандардың қатысуымен жүзеге асыру мәселесін КСРО Геология министрлігінің ал­ дына қойып, өзі әлденеше рет барып, сол көтерген мәселесін әртүрлі деңгейде талқылатып, ақыр аяғында мәселені ше­ шіп, қазақстандық барлаушыларды халықаралық аренаға шығарды. Бұны Есеновтің ерлігі деп атаса да болады. Та­ лай қазақстандық мұнай барлаушылары Ауғанстан жері­ не барып, бір жағынан азаматтық парызын өтесе, екінші жағынан жер көріп, ел көріп, өзі ысылып, қызмет жасау­ ды үйреніп, табыс тауып қайтып жүрді. Басқаларын айт­ пағанда, сол кезде ығай­сығайлар ғана міне алатын «Волга» автокөлігін, сол жаққа барған қарапайым мамандардың бәрі алып келіп жүрді. Алайда, Есеновке, осы бір тындырған ісін бағалаудың орнына, «Ауғанстандағы геологиялық іздесті­ ру­барлау жұмысын Қазақстан мамандарының күшімен ат­ қару мәселесін, республика басшылығымен келіспей, бірден КСРО Геология министрлігіне шығарып, шешіп жіберді» деген кінә тағылды.


Геологиялық іздестіру­барлау саласында қомақты же­ тістіктерге қол жетіп, шаруа оң бағытта жүріп жат­ са да Есенов бұрынғысындай құлаш сермей алмады. Жоға­ рыдан қатаң бақылау, төменнен сыпсыңдаған өсек­аяң Шахаңды қимылдатпады. Шақабаев сияқты адамдарды оған орынбасар етіп қойып, қарсы әрекеттер де жасат­ ты. Олар Шахаңның әрбір сөзін, оның ішінде аңдамай, я


 


сәтсіз айтқандарын жамап­жасқаған толықтыруларымен әшекейлеп, жоғарыға жеткізіп отырды. Аяғын мүлт басса болды, орталық органдардың Шахаңның тырнағына таты­ майтын қиқым­сиқым шолақ шабармандары әңгіме қылып, айып тағып, сағын сындырып, басына әңгір­таяқ ойнатып, басынып­ақ жүрді. Осылардың бәрін естіп те, Алматыда іс сапармен болғанда көріп те жүрдік.


Бір ретте, Шахаңа кіріп отырғанымда, Орталық Коми­ теттен, бір бөлім бастығының орынбасары Шнейдер деген


«вертушка» деп аталатын телефонмен Шахаңа хабарлас­ ты. Әңгіме ұзақ, қолайсыз бағытта өрбіді. Министрлік­ тен жолданған бір қағаз дұрыс жазылмаған, мәселе дұрыс қойылмаған деп Шнейдер Шахаңды кіналайды. Шахаң дұрыс жазылған дейді. Әңгіме аяқталғасын уһ деп демін алған Ша­ хаң: «бұлардың сіркесіне дейін төбеңді тесіп барады» деп, екі қолымен басын ұстап, біраз отырды.


Шахаңа оң ниеттегі қызметкерлерді себепсіз айып­ тау, қудалау, қызметтен қуу сияқты жағдайлар да орын алды. Қызметтен қуылып, Ауғанстанға іс сапарға кетуге мәжбүр болғандардың біреуі өзім. «Қазақстанмұнайгазбар лау» басқармасының бас геологы қызметін атқарып жүріп, Орталық Комитеттің іссапармен келген нұсқаушысымен дұ­ рыс сөйлеспеді деп айыпталдым. Осы мәселеге байланыс­ ты, Орталық Комитетке тек түсініктеме жолдағаным үшін қызметтен босатылдым. Және босату бұйрығына Ша­ хаңның өзін қол қоюға мәжбүр еткен. Мұны мен көп кейін естідім. Сол кездерде геология саласында белсенді еңбек етіп жүрген, кезінде Шахаңның көмекшілері болған марқұм Латиф Қыдырбеков (Оңтүстік Қазақстан геологиялық бас­ қармасының бастығы), Әлімхан Ермекбаев (Орталық гео­ химиялық экспедиция бастығы) деген азаматтар да, айып тағылып, қызметтерінен аластатылды.


Бұның бәрі Есеновтің көп кешікпей министрліктен ығы­ стырылатындығының белгісі еді. Геологиялық қауым бұны байқап, әңгімелеп, айтып жүрді. Көп ұзамай солай болды да. 1978 жылдың жазында, елуге жетер­жетпес шағында, академик, геология­минералогия ғылымының докторы, про­ фессор, Лениндік, және Қазастан Мемлекеттік сыйлықта­ рының лауреаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депута­ ты, Қазақстан компартиясы Орталық Комитеті тексеру


 


комиссиясының мүшесі, екі Ленин орденінің иегері, небәрі екі­үш ақ жыл бұрын КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КПСС Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат болған Есенов министр қызметінен босатылып, Балқаш маңында орналасқан геологиялық барлау экспедициясына жіберілді. Орнына Шақабаев тағайындалып, ол Қонаев қызметінен кеткенше, сол орында мызғымастан сегіз жылдан астам уақыт отырды. 1986 жылдың желтоқсан айында Қонаев қызметінен алынды, 1987 жылдың басында Шақабаев та министрліктен босатылды.


Сол уақиғалар туралы қаншама ойлансақ та, әлі күнге дейін, Есеновті Қонаев ақсақалдың соншама қорлауының жауабын таба алмай­ақ қойдық. Бір кезде жақсы көріп, өзі көтермелеген Қонаевқа Есенов не себептен жақпай қалды? Есеновті соншама жаныштағаннан Қонаев не тапты? Шах­ марданды өндірісте бір күн қызмет атқармаған Шақа­ баевқа айырбастап не ұтты? Тек, Қазақстанның қадірін түсіргеннен басқа. КСРО Геология министрлігіне 1987 жы­ лы Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған геолог Ф.Қ. Салманов Шақабаевпен бір сұқбаттасқанда­ ақ, «мынау басқа пайдалы қазбаларды былай қойғанда, мұ­ найдың өзін дұрыс білмейтін біреу ғой, бұл қалай сонша­ ма уақыт министр болып жүр» депті дегенді де естіген­ біз. Сондай «қасиеттерімен» Шақабаев Қонаевтың өзін ұятқа қалдырған жоқ па? Осы сияқты сұрақтардың жауа­ бы жоқ.


Шахаң алып денелі, темірдей мықты, жан дүниесі жарқын адам болса да, көрген әділетсіздіктері, жеген соқ­ қылары ізсіз кетпеді, бар болғаны 67 жыл өмір сүрді. Оның да соңғы екі­үш жылын ауыр науқаспен арпалыста өткізді. Сол қиын кезде, жеңгеміз Шахаңның жанынан бір адым да алыстамай, оның жан азабын бірге тартты.


...Шахаңның «жүні жығылып», көңлі жүдеп жүрген тұста, Мәскеуде іс сапарда жүріп, бір топ жолдастары­ мен кездесуіне қатыстым. Жабырқаулау отырған Шахаңа бір мәскеулік ғалым: «Шаха, саған не десе о десін, сені қалай кінәласа, олай кіналасын, сендей қазақ болған жоқ, болса да өте сирек болды. Сен ұлы болдың, ұлы болып қаласың» де­ ді. Әркімнің тарихтағы орнын, оның ішінде ұлылығын, та­ рих өзі сараптап шешетін болар. Бірақ сол мәскеулік ғалым


 


айтқандай, біздің көзқарасымызша да, Шахаң ұлылар қата­ рында тұратын тұлға.


* * *


Есеновтің осынау еңбектерін қалай бағалаймыз? Шы- найы отаншылдық па, әлде өзіне міндеттелген қызметті ақ- адал атқарған абзал азаматтық па?! Қай-қайсысына теңесеңіз де Шахмардан Есенов тындырған жұмыс әбден-ақ лайық. Елі мен жерін жанындай сүйіп, ұлттық намысты қолдан берме- ген, нағыз хас батырдың бейнесі мен болмысы айшықталып тұрған жоқ па?! Елдің де, ердің де намысын қолдан бермей, арғы бабасы Қарақыпшақ Қобландыдай, бергісі Маңдай мен Деріпсалдай қазақ жерін, ен байлығын қорғай білді.


Бүгінгі күні сол Маңғыстаудың майлы түбегі Қазақстан абыройын асырып, экономикасын көтеруге ұшан-теңіз үлес қосуда. Біреулерге олжа болып кете жаздап, Шахмардан Есе- новтің табандылығының, намысқойлығының арқасында өзі- мізде қалғанын жастарымыз түгілі, есі бар ересектерміздің өзі де біле бермейді. Өкінішті. Жастарымызға: «Отанды сүйіңдер, партиот болыңдар» деп, құрғақ сөзді көйіткеннен олар отаншыл бола қоймайды. Оларды отаншыл ететін Есе- новтің, басқалардың сондай әрекеттерін нақты үлгі ету.


Кадр мәселесі көлденеңдеген бойда Шахмардан Есенов мұнайшы мамандығын меңгерген қазақтарды табудың түрлі жолдарын ойластырады. Шынында да ол тұста Маңғыстауда осы салада істейтіндердің көбі шеттен, басқа республика- лардан келген: орыс, әзірбайжан, грузин, өзбек, түрікпен, та- тар, башқұрт... не керек «қырық рудан» жиналғандар. Олар кімнің көсегесін көгерткелі жүр. Қалталары қампиған күні тайып тұрады. Мұны жақсы білетін Есенов: «жоқ, бұлай бо- ла бермеуі керек, өзіміздің жігіттер қайда?» деген сауалды алдымен өзіне қойып, іле-шала республика басшыларымен ақылдасты, табу амалдарын іздестірді.


Осы жәйтті Шалабаев Саламат былай баяндайды:



  • Шахмарданмен алғаш 1960 жылдың мамыр айында Қаныш Сәтбаевтың кабинетінде кездестім. Отыздың ішін­ дегі сымбатты жігіт бірден назарымды аударды. Сол жо­ лы Сәтбаев ағамыз: «екеуің де жассыңдар, еліміздің өркен­ деуі үшін аянбай қайрат етіңдер» деп бізге бата бергендей болып, Маңғыстауға шығарып салды...


 


Содан, бір жыл ішінде түбектің қара алтыны әр тұстан фонтандап атқылай бастады. Шахаң 4­5 мұнайшы посел­ кесін және мұнайшылар қаласын салуға рұқсат әрі қаржы алуға жан­тәнімен кірісті. Бұған қоса мұнай құбырын тар­ ту, темір жол құрылысын бастау керек болды. Ал, Мәс­ кеудегі мықтылар «Шевченкодан (бүгінгі Ақтау) басқа қа­ ла құрылысын жүргізуге қаржы жоқ» – деп, рұқсат бер­ меді. Міне, осы кезде Шахмарданның қажыр­қайраты, жан­ жақты білімі мен іскерлігі жарқырай көрінді. Мұнайдың бірінші басшысы Н.К. Байбаковқа Маңғыстау мұнайының болашағын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Мәскеу Геоло­ гия министрлігінің алдына ғасыр жаңалығы мен проблема­ сын қатар қойып, тырп еткізбеді. Сөйтіп барып, Жетібай жұмысшы поселкесінің құрылысы жолға қойылды. Жаңа Өзен қаласының құрылысы жоспарланды.


Алматыдағы Политехника институтының мұнай фа­ культетін кеңейттіріп, бірден 250 шәкірт қабылдатты. Әзірлік курсына 100 шәкірт қабылдатты. Жер­жерде жо­ ғары оқу орындарында мұнай, тау­кен факультеттерінде оқып жүрген қазақстандық студенттермен хабарласып, олардың тізімін алып, жағдай жасады. Кейіннен олардың көбін Маңғыстау жеріне жолдамамен шақыртты да.


Осындай маман жетіспей жатқан шақта маған Шахаң маңызды бір шаруа тапсырды. Баяғы жиналыс сайын ай­ тылатын бір әңгіме: «маман жоқ, мұнайшы жоқ, тіптен қара жұмысты істейтіндер де жоқ» деген. Бір жиналыс­ тан шығысымен мені Шахаң өзіне шақырып:



  • Сәке, мен Сізге маңызды жұмыс тапсырғалы тұрмын. Өте бір сабырмен, ақылмен істеу керек. Бұлай отыра бер­ сек, бір күні Маңғыстаудан айрыламыз, мұнайшыларың жоқ дей береді... мыналардың түрі жаман... Ебін тауып, Түрікменстанда жалданып жұмыс істеп жүрген өз ағайын­ дарымызды қайтару керек...–деді.


Аралас­құралас жатқан елміз ғой, Шахаңның тапсыр­ масын орындауға кірістім. Ой, айналайын қазағым­ай, ау­ зымнан шыққаны сол, ауылға қарай – Жетібай мен Өзен­ ге ағылмасы бар ма. Шахаңның бір тапсырмасын орында­ ғаныма мен де мәз, жұмыс қолы көбейгенге ол да мәз. Ас­ тыртын жүргізген амалымыз нәтижелі болып шықты.


 


Көп мұнайшыларынан айрылған түрікмендер біздің бұл амалымызды біліп қалып, ақырында Мәскеуге Шахаң үс­ тінен арызды бұрқыратты емес пе. Бетті Шахаң ондай­ дан тайсалған ба, Мәскеуге шақыртып, сұрақ­жауап ал­ ғандарға қасқайып тұрып: «Туған жерінен мұнай ашылған соң қайтып жатыр да. «Еліңе қайтпа!» дегенге қайтпай қалатын қазақ болса, түрікмендер алып қалсын, қарсылық жоқ. Бірақ: «ит – тойған жеріне» деген мақал қазаққа жүрмейді, – депті.


Бастық адамның қайсар, бетті болып, кезегі келіп тұр- ғанда күбіжіктемей, елі мен жері үшін ретті сөзін өлтірмей айтып салғанға не жетсін, шіркін! Мұндайда қазақ айтады:


«Ісің өлсе де, сөзің өлмесін!» деп. Бар іс сөзден басталаты- нын айтып тұр ғой, қазекем. Ал, Шахмардан дәл осы жолы сөзін де, ісін де «өлтіртпепті». Әлгі, «отаншылдық тәрбие дегеніміз не?» деген сауалға біздің беретін жауабымыз да, айтарымыз да осы!


Бір жылы Шахмардан жары Кәмила апаймен, балала- рымен Қырымда демалады. Бұлар түскен санаторийда Мәс- кеудегі Геология минстрінің мұнай жөніндегі орынбасары жатыр екен. Қызметтес, әріптес адамдар емес пе, күнде бол- маса да жиі араласып, әңгіме-дүкен құрып жүреді. Кәмила апай Шахмарданның атын атамай үнемі «Батыр» дейді ғой баяғы. Бұған министрдің орынбасары В.М. Игревский түсін- бей, ақырында:



  • Кәмила Қарабалаевна, сіз неге Шахмардан Есенович де- мейсіз, «Батыр» деген не сөз, – деп сұрайды.

  • «Батырдың» орысшасы «Храбрый» деген сөз.

  • Шын ба, шын айтып тұрсыз ба? – деді министрдің орынбасары кенеттен таң қалып.

  • Сіз не, бұл атауды ол кісіге ылайық көрмей тұрсыз ба?

  • дейді Кәмила жымиып.

    • Жо-жоқ, қайта «Батыр» деп дәл қойғаныңызға таң қа- лып тұрмын, – деп, шынымен-ақ ренжітіп алдым ба деген- дей жалпақтап, – Бұл пікірімді Сізге, Кәмила Қарабалаевна, дәлелдеп берейін, – деп, елпілдеп-ақ қалды. Сосын аз-кем ойланып тұрады да: – Маңғыстаудан мұнайдың мол қоры та- былып, Қазақстан басшыларының абыр-сабыр болып, проб- лемаларының көбейіп тұрған кезі болатын. «Жоқтары» кө-




 


бейіп, Мәскеуге келгіштеп жүрген... Бірде мұнайға байла- нысты Косыгинде өтетін жиналысқа бірге қатыстық. Жиі көре алмайтын болған соң министрлердің бәрі Косыгинге жетістігін емес, жетіспейтін жақтарын айтып, мемлекеттен көмек сұрап жатыр. Өте бай Орта машина жасау министрінің бір орынбасары (министрі Орталық Комитеттің мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Е. Славский) бізде анау жоқ, бізде мынау жоқ деп, зарлап тұрып алды. Бір кезде Сіздің


«Батырыңыз» қолын көтеріп, рұқсат алып, Косыгиннің тура өзіне қасқайып қарап тұрып:



  • Құрметті Николай Алексеевич, Сіз мені дұрыс түсі- ніңіз, талай жылдан қалыптасқан, қордаланған бай мекеме- нің – Славскийдің мамандары «жоқ» деп, ауыздарын құр шөппен сүртіп отырса, жаңадан ашылып жатқан Маңғыстау кен орындарының, оның мұнайшыларының күні тіптен қараң деуге болады. Техника, станок, құрылыс материалдары... тіп- тен Орталықтағы басшылардың оң қабағы, шын пейілдері де жетіспейді бізге! – деп салды. Алдын ала дайындалып келгендей-ақ жоғын тізіп, сандарды сөйлетіп шықты. Біре- улеріміз оның батылдығына таң қалып, екіншіміз «не дер екен?» деп, сынай қарап отырмыз. Обалы не керек, Косы- гин зейін қоя тыңдады да, көмекшісіне сыбырлады, сосын Шахмардан Есеновичке қарап «осының бәрін айтып, хат жа- зыңыздар» деді әдеттегі сабырлы қалпымен.


Шынымды айтсам, Шахмардан Есеновичтің батылдығы- на, Косыгиннің мәрттігіне риза болдым. Артынша Маңғыстау мұнайына орай бір емес екі қаулы шықты. Енді Сізге де ри- за болып отырмын, еріңізге ылайықты ат қойыпсыз, риза- мын, ризамын! – деп, Кәмилаға шын көңілін білдіріп, ағынан ақтарылды.


* * *


Мұнай табылуын табылды. Ал оны алу, өндіру кезін- де мың-мың мәселе туды. Сондай күрделі бір ғана проблема төңірегінде министр Шахмардан Есеновтің өзі былай деген:


– Мұнайды тасымалдау және оны өңдеу сияқты аса маңыз­ ды мәселелер әлі күнге шешілген жоқ. Табиғаттың керемет байлығын халық игілігіне жарату үшін мұнай өңдеу жөніндегі жаңа өнеркәсіптік комплекстерді экономикалық жағынан


 


тиімді орналастырудың зор маңызы бар. Мұнайды өңдеудің екінші процестері полимерлік материалдар, пластикалық масса, синтетикалық смола өндіруді қамтамасыз ететінін ұмытуға болмайды. Ал, бұл өнімдер неғұрлым көп өндірілсе, республикамыздың халық шаруашылығын алға бастыруға, еңбекшілердің тұтыну қажеттерін өтеуге елеулі үлес қо­ сылатыны сөзсіз.


Маңғыстау мұнайынан аса маңызды өнім – қоймалжың қышқыл мен жоғары сапалы спирт алуға болатынын атап айту керек. Осыған қарамастан, республикалық Мемлекет­ тік жоспарлау комитеті мұнай өңдеу кәсіпорнын Маң­ ғыстаудың өзінде орналастырудың қажеті жоқ, оны басқа аудандарға тасымалдау керек деп есептейді. Бұл,әрине, дұ­ рыс емес. Маңғыстау мұнайы жоғары сапалы болғанмен, онда парафин көп кездеседі. Ал, бұл мұнайды алыс жерге тасымалдауда қиындық туғызады. Демек, мұнайдан пара­ финді бөліп алатын қондырғыны жергілікті жердің өзінде салуға тез кірісу қажет!


Министрдің ұсынысын елемегендіктің салдарын ақыр соңында мұнайшылар көрді. Алынған мұнай парафині көп болғандықтан қатып қала берді, діттеген меже – сонау Ас- трахань мұнай өңдеу зауытына жеткізу ақыреттің ақыреті болды. Содан мұнай инженерлері 50-60 шақырым сайын мұ- най қыздыратын пеш ойлап тауып, оларды орнатамыз деп әбден әлекке түсті. Оның республикаға экономикалық зия- нын есептеп жату біздің шаруамыз емес, бірақ білеріміз – шыққан шығын шаш етектен...


Маңғыстау маңы қашанда да, қай замандарда да суға жарып, шөлі қанған ел емес. Бұл өңірде ауыз су елу-ал- пыс метр қазғанда ғана көрінеді. Оның өзін ата-бабасы- нан құдық қазуды кәсіп еткен әккі құдықшылар болма- са, басқалар жете алмаған. ХХ ғасырда, жеті қат жер ас- тынан, жүздеген, мыңдаған метр тереңдіктен мұнай алып жатқанда, беріде жатқан суға зәру болып отыру жарас- пас деген ой Есеновке маза бермей, бірден іске кірісті. Аң- ғарғаны, республикалық дәрежеде шешілмесе, бұл өлке суға жарымайды екен. Ақырында, Орталық Комитетке Су шаруа- шылығы министрлігінің өкілдері мен ғалымдар, мамандар, мұнайшылар шақырылып, алқалы бір ақылдасу болды. Сол


 


жерде мамандар «Түйесу», «Сауысқан» жер асты суын қа- зып, қажетке жаратуға болатынын меңзеді. Мамандар іс- ке кірісті. Министр барлаушылардың бар мұқтажын, құрал- саймандарын тауып берді, жағдайларын жасады, олардан тек су көзін табуды талап етті, өзі жұмыстың басы-қасында болды. Барлаушылар талай жерге бұрғы салды, ақыры тап- ты. Өзен поселкесінің солтүстік жағынан 70 шақырым жер- ден кәдімгі мөп-мөлдір ауыз су табылды. Кешікпей Өзен по- селкесіне, үйді-үйге су құбырлары тартылып, халық суға қарық болды да қалды. Техникалық мақсаттарға жұмсауға болатын су да табылып, өндіріс орындарының жұмысы жақ- сарып қалды.


Халық «бейнеттің түбі зейнет» демеуші ме еді, министр басымен аптап ыстық пен ақырған аязға қарамай, айлап, жылдап барлаушылар ортасында болып, олардың жұмыс істеуіне бар мүмкіндіктерді туғызып, жағдайларын жасаған, рахатынан бейнеті мол күндер босқа кетпеді. Бір топ мұнай- шыға 1966 жылы Лениндік сыйлық берілді.Олар мыналар: Ш. Есенов, Х. Өзбекқалиев, Д. Досмұхамбетов, Б. Дьяков, Н. Черепанов, Е. Иванов, Н. Имашев, В. Матвеев, В. Токарев, Х. Махамбетов, Н. Калинин. Сол уақыттың ең мәртебелі ата- ғын геолог-мұнайшылар арасынан бұлар алғашқы болып ал- ғандар еді. Және Есенов сол жылы геология-барлау қызме- тіне белсене қатысқаны, партия тапсырмасын мінсіз жүзеге асырғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.


Біріншіден, Есенов Шахмарданды Геология министрлігі- не тағайындап тұрып Қонаевтың: «Геологияны көтер!» деп берген тапсырмасы мен сенімінің нәтижесі деп қабылдады бұны көпшілік. Күш-қайраты жетіп тұрғанмен, тәжірибе же- те бермей, кей мәселелерде оның кібіртіктеп қалған кезде- рін байқаған білікті басшы: «батыл бол, артыңда Орталық Комитет тұр» деп, күш-қуат берген кездерін Шахмардан ұмытқан емес. Кейіннен, қандай тосын шешімдер мен баста- малар көтерсе де, ол сол сөзден қуат алып, арқаланып тұ- ратын. Бұдан артық қандай қамқорлық, қандай қолдау ке- рек?! Қалғаны, алғырлық, күш-жігер, білім, парасат, көп шаруаның арасынан ең маңыздысын атқару, кадрды дұрыс анықтап алу, таңдау... не керек, көш бастаушы адамға қажет қасиеттердің бәрі Шахмардан бойында бар еді.


 


Жас министрдің ісінің бәрі тосқауылсыз, кедергісіз жү- ріп беріпті-ау дегендей пікір қалыптаспас үшін сол уақыттың шындығын да жасырмауымыз керек. 1962 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Юсупов Исмайл (1962 желтоқсан – 1964 желтоқсан) сайланып, Д. Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1962 желтоқсан – 1964 желтоқсан) болып тағайындалды. Осыны күтіп тұрғандай домалақ арыздар қайта бас көтеріп, Орталық Комитетке Есеновті жамандаған хаттар келе бастады. Адам- да бір жаман кесепат бар, біреудің көп жақсылығын тез ұмы- тып қаламыз да, бір рет ренжітсе көңілге кетпестей етіп жа- зып аламыз, соның қарымтасын қайтаруды өмір бойы ойлай- мыз, есімізден шығармаймыз. Жас министр келісімен «Маң- ғыстаумұнайгазбарлау» басқармасының біраз басшыларын өзгертпеді ме. Ол басшыларды ауыстырса, мұны қарақан ба- сының қамы үшін емес, өзіне тапсырылған қызметтің жауап- кершілігін сезінгендіктен, жер қойнауының байлығын шаш- пай-төкпей халық игілігіне жаратуды көздегендіктен істе- ді. Жылы орнынан, лауазымды қызметтен айрылғанды кім жақсы көрсін, артынша-ақ Орталық Комитетке домалақ арыз- дар жетіп жатты. Халық кейде айтпай ма: «сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» деп, сол сияқты ол кезде Шах- марданның сүйенгені шын мәнінде абырой-беделі Алата- удан асып, Одақтас республикалар басшыларының арасын- да оқ бойы озық жүретін, ел мақтанышына айналып үлгерген республикадағы бірінші адам Дінмұхамед Қонаевтың өзі еді. Сол кісінің арқасында домалақ арызар домаланып барып, бір папканың арасына шықпастай болып түсіп жататын.


Ал, бірінші хатшы болып Юсупов келісімен домалақ арыздар қайта жазылып, Шахмардан Орталық Комитет- ке қайта-қайта шақырыла бастады. Өз әрекетіне сенімді, ісі- не адал ол бұған сасқан да, жауап беруден қашқан да жоқ. Елі үшін атқарып жатқан іс-қимылын табанды түрде дә- лелдей, қорғай білді. Оған да қарамастан, комиссия құры- лып, Есеновтің жұмысын тексеріп жатқанда, қайыра Қо- наевтың өзі бірінші хатшы болып сайланды. Бірінші хат- шының Есеновке деген оң пейілін білетіндер дәлелі дәрмен- сіз домалақ арыздарды жылы жауып қоя салған-ды. Есенов Шахмарданның нәтижелі, тындырымды жұмыс істеуіне Ор- талық Комитеттің мұндай қамқорлығы көп көмегін тигізді.


 


Осы кезде Қонаев пен Шахмардан арасы ресмиліктен гөрі ағалы-інілідей, сыйластықтың биік бір белесіне шығып еді. Олар, әсіресе Шахмардан бар шаруаны ол кісімен ақыл- дасып, келісіп шешетін. Кейбіреулер айлап-жылдап бірінші хатшыға кіре алмай жүргенде, Шахмарданға есік әрдайым ашық болды. Әрине, есік ашық екен деп үлкен кісіні орын- ды-орынсыз мазалаған емес, ретті, қисынды кезде ғана ке- летін. Тіпті мереке-мейрамдарды отбасы болып бірге өткіз- ген де тұстар болды. Әсіресе, Зухра жеңгей кішіпейіл, ина- батты жас Кәмиланы қатты ұнатып, үлкендік жолмен «қы- зым» деп біліп, сыйлас та, сырлас та болды.


* * *


Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында «Ақиқат» журналының тілшісі М. Мәжитов: «Сіз Лениндік сыйлықтың лауреатысыз. Кешегі бір аумалы-төкпелі заманда сол сыйлы- ғыңыз жөнінде де алып-қашпа, екіұштылау өсек-аяңдар бол- ды-ау, деймін?» деген сұрақ қойыпты. Түсінікті. Ол заманда жұмысшы мен қарапайым еңбек адамын көтеру, қолпаштау


«салт-дәстүрдің» ең бір озық түрі болғаны рас.


Сұрақтың астарын сезе қалаған Есенов:


– Менің жеке еңбегім, үлесім болмаса өзімді тізімнен өзім-ақ сызып тастар едім. Оған адамдық арым да, құдіретім де жетер еді. Мен жалпы өзімді билеп-төстей білетін кісімін. Өз ақылым өзіме төреші! Менің басқаруыммен Жетібай, Өзен мұнай орындары ашылды. Артынан Бозащы, Қаламқас, Қара- жамбас... мұнай көзі табылды. Мен сол жолы да білімімді де, тәжірибемді де ортаға салдым, – депті.


Көлгірсімейтін адамның сөзі де шын, ісі де шын. Және оны кесіп-кесіп те, көсіп-көсіп те айта алады.


Шындығына келсек, Маңғыстауға ат басын тіреп, жер- төледе тұрып, ыстық тамақтың орнына қалбырдағы консер- віленген ет пен балықты қорек етіп, желдің өтінде, құм боранның астында барлау жүргізген, бұрғы салған мұнай- шылардың бәрі де бұл сыйлыққа лайық. Министрмін деп шіреніп отырмай, барлаушы мен бұрғышы қасында, қос ба- сында болып, олардың бар мұқтажын шешіп, жоспардың межелі уақытта орындалып отыруына ұйтқы болған Есе- нов еңбегі бұл марапатқа тіпті ылайық. Өйткені ол «...та-


 


лап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз!» деген Абай сөзін өміріне бағдарлама еткен адам. Жастайынан жалындап тұрған Шахмардан шабытының, қабілет қайнарының көзі қайдан? деген сұрақ көңілге ұялай береді. Жауабын Шахаңның тек адал жары ғана болып қоймай, қамқоршысы, пікірлесі, досы бола білген Кәмила


апайдың әңгімесінен ұққандай боласыз:


– Менің бір таң қалатыным, тәулігіне он­он екі сағат жұмыс істегенімен, үйге келіп, тамағын ішіп алған соң кі­ тап оқуға кірісетін. Мұнысы тура молданың қаза ету­ ге болмайтын бес уақыт намазындай еді. Оқитындары геологияға байланысты арнайы кітаптар, журналдар және осы салаға байланысты шет ел басылымдары болатын. Ал, «Америка» журналын үзбей жаздыртып алып оқитын. Көркем әдебиет, тарих Батырдың өмірлік досы болды. Тіп­ тен тәулігіне үш­төрт сағат­ақ ұйқтайтын, ұзақ ұйқы тек демалыста, санаторийларда болмаса, оның өзінде де бәрімізден бұрын тұрып кететін. Бұл оның жас кезінен қа­ лыптасқан әдеті. Мен «бұл денсаулыққа зиян ғой» деп ескер­ ту жасасам, ол: «Батырым­ау, қажыр­қайрат, күш барда қыранға еліктеуім керек. Қыран тәулігіне бес­он минуттай ғана қалғиды екен. Рахаттанып, көсіле ұйқтауға болушы еді, бірақ, арайлап атып келе жатқан таңнан, жарқыраған Күн сұлудан ұят емес пе?! Уақыт деген ұлы құдірет! Ол пендесін ұйқтасын деп күтпейді...» деп, әзілдей күлетін.


Салыстырмалылық теориясын негіздеп бүкіл дүние ғы- лымына өзгеріс әкелген ғұлама Эйнштейн «Ғылымға қанат бітірген поэзияның желігі» деген екен. Сол поэзияны Пуш- киннен, Есениннен бастап Абай, Әбділдә, Қасымдарды оқып, жадына жаттап өскен поэзияның желігі ме, әлде, Жезқазғанда он бір жылда жиналған, геологияның өзі ашқан сырлары ма, әйтеуір, Шахмарданды бір «желік» ғылымға жетелей берді. Кен байлықтарының құпияларын құпия түрінде қалдырмай, ұққан сырын, ашқан жаңалықтарын көпке жариялап, арнайы ғылыми ортада қорғауды жөн көрді. Оның астарында ашқан жаңалықтары өндіріске еніп, халық шаруашылығын дамы- туға ықпал етсе деген игі ниет жатты.


Ғылым дегеніңіз қызық нәрсе, ол өзін үнемі жетілдіріп, жаңа идеялармен толықтырып отырғанды ұнатады. Бұлай етпесеңіз ғылым сізден іргесін аулақ салып, біртіндеп-бір-


 


тіндеп «ғалым» деген аттан айрыласыз. Бұны Шахмардан жақсы біледі, ұстазы Қаныш ағасы «ғалымның қасиеті – із- денісінде» дегенді талай-талай айтқан. Қанша жұмысбасты болса да, баяғыдан ойында жүрген, жастық арманы де- се де болады, ғылым кандидаттығын қорғау кезі келгенін түсінді, бірден қолға алды. Жезқазғанда жүргізген барлау мен геолог-инженерлігінен бір емес, бірнеше кандидаттық жұмыс жазуға болатын-ды. Соның ішінен ол «Қазақстан жағдайында кен орындарын іздестіру және барлаудың ерек- шеліктері» деген тақырыпты алып, он бір жыл өз қолынан өткен геологиялық барлаудың ерекшеліктерін талдап, кен байлықтарын даралап, оларға байланысты өзі тапқан жаңа- лықтарын дәлелдемек болды. Жалпы тақырыбы солай бол- ғанмен, негізгі зерттегені космонавтика мен қорғаныс өнер- кәсібіне аса қажет кендіртас кенін табу мен өндіру, өңдеу жолдары болды. Бұл еңбегін ғылыми кеңесте қорғап, гео- логия-минералогия ғылымының кандидаты атағын алды. Аталмыш жұмыс ғалымдар мен өндіріс мамандарының орта- сында жоғары бағаланды. Бағаланып қана қоймай, оның өндіріске енгізілуін талап етті. Негізі, Есеновтің есте қалар- лық бір ісі – ғылым мен өндірістің байланысына барынша көңіл бөлу болатын. Осыған орай: «Өндіріс салаларында жұ- мыс істеген кездерінде Ш. Есенов өзі жеке, кейде авторлар- мен бірлесе көптеген ғылыми еңбектер жазды, көбіне ондай жұмыстар өзінің теориялық жаңалығымен, көтерген тың мә- селелерімен көпшлікті қызықтыратын, өндірісте қолдау та- батын. Сонымен бірге ол Қазақстанда геологтар мектебінің қалыптасқан дәстүрін жалғастырды. Ғылым мен өндірістің шын мәнінде тығыз байланысын тұрақтандыруға күш-жі- герін жұмсады, өндірістің белгілі, тәжірибесі мол маман- дарын ғылым мәселелерін шешуге әрдайым қатыстырып отырды» делінген Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы шығарған «Ш.Е. Есенов» атты анықтама кітапшада.


* * *


Шахмардан өмірінің көп сәттеріне, әсіресе, студент кезі- не куә болған, геология-минералогия ғылымының кандида- ты, қазір Жаңа Зеландияда тұратын Игорь Толмачев оның отбасына мынадай хат жолдапты:


 


«Шахмардан Есенұлына Маңғыстау кен орындарын бі­ рінші ашқан тұлға атағының берілуі маған күшті әсер ет­ ті. Министр кезінде Ш. Есенов қаржыны Өзен ауданын­ дағы бұрын белгісіз, тың алаңдарды барлауға, терең го­ ризонттарға (Ембі ауданының мұнай кен орындары ме­ зозой шөгінділерінде жатқаны белгілі) бағыттады. Бұл жұмыстарды тікелей бақылауында ұстап, Маңғыстаудың жаңа аудандарының горизонттарының мұнай қоры бол­ жамы бойынша зор жетістіктерге жетті. Бұл атаққа ылайық екендігін ол ісімен дәлелдеген­ді.


Мен оны студент кезімнен білуші едім, кейде әңгімелесіп те қалатынбыз. Кейін кандидаттық диссертациясының ал­ дын­ала қорғалуында кездестік. Ол Жезқазған экспедиция­ сының бас инженері болып тұрған кезінде КСРО космонав­ тикасы үшін көгілдір асбест кенін барлаған еді. Жұмыс өте құпия жүргізілді. Асбест бірден байытылып, КСРО қорға­ ныс министрлігіне жөнелтілетін.


Ш. Есеновтің мәліметтері өте қызғылықты әрі жаңа­ лығы мол еді, ол толқи сөйледі. Нәтижесінде жұмыс қор­ ғауға ұсынылды, ал негізгі қорғау кезінде ол сенімді, батыл сөйледі, диссертацияның мән­мазмұнын терең ашып баян­ дады. Табиғатта сирек кездесетін минерал – көгілдір асбес­ ті іздестіру әдістемесін жан­жақты сараптап, диссерта­ циясын ойдағыдай қорғап шықты...


Оның бойындағы байсалдылық, өзіне­өзі сенімділік, адамдармен қарым­қатынасындағы қарапайымдылық ма­ ған ұнаушы еді. Әрқашан өзін сабырлы ұстап, сенімен қа­ тар адамдай сөйлесуші еді, Ерің! Ш. Есенов геологияға твор­ честволық көзқараспен қарайтын, оның Қазақстанға сіңір­ ген еңбегі ұшан­теңіз».


Қазақстан ғылымында металлогенияның дамуына Қ. Сәт- баевтан кейін зор үлес қосқан ғалым – Ш. Есенов. Оның дәлелі



  • геология, металлогения саласы бойынша мысты, құмтасты кен орындарын іздестіру, барлау, оның әдістері жөнінде жа- зылған еңбектері. Бұл еңбектерде Қазақстанда кездесетін әл- гіндей кен орындарының өндірістік маңызы, генезисі жан-жақ- ты зерттеліп, тың деректермен тұжырымдалған. Осы еңбегін ол докторлық диссертациясының тақырыбы етіп алып, оны Мәскеуде, 1968 жылы өте жоғары деңгейде қорғап шықты.


 


Халықаралық минералдық ресурстар академиясының ака- демигі Беспаев Халел осы сәт жайында былай дейді:


– Шахаң докторлық диссертациясын қорғау үшін Мәс­ кеуге баратын болып, маған да бірге жүр деген ұсыныс жа­ сады. Оның бұл өтінішін қуана қабылдап, бірге баруға ке­ лісім бердім. Өйткені ел маңдайына біткен Шахаңдай асыл тұлғалардың қасына еріп, әңгімесін есітіп, оның дос­жаран­ дарымен танысу мен үшін үлкен мәртебе еді. Докторлық диссерттация қорғалатын күн алдын­ала белгілі болатын, сондықтан ба, әйтеуір, ғылыми кеңес жұмысын бастай­ тын залға елімізге, шет елдерге танымал көптеген ғалым­ дар, өндіріс басшылары, геологиялық мекемелердің қызмет­ керлері келді, көбі мәскеуліктер, кейін аңғардық, кейбір Одақ­ тас және автономиялы республикалардан келген, Шахаңды сыйлайтын, оны пір тұтатын адамдар да жеткілікті екен. Әйтеуір, зал толық болды.


Шахаң докторлық диссертациясының қысқаша мазмұ­ нын берілген уақыт шеңберінде өзіне тән байсалдылықпен, қоңыржай даусымен асықпай баяндап шықты. Жан­жақ­ тан бораған сұрақтарға да, оппонентерінің кейбір ескерт­ пелеріне де салиқалы, деректі материалдарды негізге алып тұжырымды жауаптарын берді. Осыдан кейін диссертация көтерген проблемалар бойынша және оның практикалық маңызы, диссертанттың геологиялық теорияларды дамы­ туға қосқан үлесі жайында сөйлеген ғалымдар мен өндіріс мамандары көп болды. Бір ғана мысал келтірейін. Көп жыл­ дар бойы КСРО Геология және жер қойнауын қорғау ми­ нистрі болған, еліміздің аса ірі геолог­барлаушысы, Қаныш ағаның қимас досы, қазақ елінің жанашыры П.Я. Антропов бірінші болып сөз алып, Шахаңның диссертациялық ғылыми жұмысының ғылыми және практикалық маңызына аса зор баға бере келіп: Шахмардан Есенұлы елімізде, әсіресе, Қазақ­ станда минералды шикізат базасын ұлғайтуда талантты ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен көрнекті геолог, ол өз ұстазы Қаныш Имантайұлының идеяларын ба­ рынша қуаттап, оны дамыта түсуге барынша ықпал жа­ саған ізбасары. Жер қойнауындағы байлықтарды жан­жақ­ ты, жоспарлы зерттеуді қолдайтын шәкірттерінің бірі. Диссертацияда сөз болған мәселелер соның айғағы. Шах­


 


мардан Есенұлы геологтар арасында бұрыннан асқан ұйым­ дастырушылық талантымен белгілі болса, енді, міне, оның аса үлкен білімділігі де көрініп отыр. Диссертация – ғы­ лыми­зерттеу жұмыстарының теориялық тереңдігі мен практикалық тиімділігіне айрықша мән беріліп, халық шар­ уашылығына тікелей жол табуды нысана еткен ғылыми жұмыс. Геология ғылымы тек осындай жұмыстармен байи түседі. Бұл жұмыс біздің ғылымға қосылған үлкен жаңа­ лық, ал, оның өзі докторлық атаққа лайық адам, – деп, сөзін аяқтағанда залдағылар ду қол шапалақтады. Мұндай аса білгір адамның Шахмардан Есенұлына берген бағасын біз не­ гізін ұлы Қаныш аға салған Қазақстан геология ғылымының дамуы мен қол жеткен табыстарына берген бағасы деп түсініп, зор қуанышпен, көңіліміз марқайып қайттық.


Шахмардан Есеновпен алғаш танысуым алпысыншы жылдардың басында. Ол кезде мен Шығыс Қазақстан өңірін­ де, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Алтай бөлімшесінде қызметтемін. Ғылым шаңырағы астында қызмет істей­ тіндердің көпшілігі тездетіп кандидаттық диссертация қорғауды армандайтын. Үлкен ағалардың, әсіресе, Ж. Ай­ талиев, А. Қаюпов, тағы басқалардың кеңестерін тыңдап мен де диссертацияға кірісіп, оның кейбір мәселелерін ше­ шу үшін астанаға келдім. Мұнда институтта бірге оқыған жақын жолдастарымның кейбіреулері сол кезде жаңадын құрылған Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау ми­ нистрлігіне орналасқан еді. Министрлік ғимаратының екін­ ші қабатында әңгімелесіп тұрған бізге қарай баспалдақпен көтеріліп келе жатқан ірі, толық денелі, келбетті, аққұба, толқынды қара шашты, жас шамасы отыздың ішіне кір­ ген қазақ жігіті бұрылды. Бұрын көрмеген, танымайтын бізбен амандасқаннан кейін маңдайшасында “Қабылдау бөл­ месі” деген жазуы бар бөлмеге кіріп кетті. «Біздің министр


– Шахмардан Есенов осы» деді жанымдағы жігіттер.


Жас инженерді, әрі Жезғазған сияқты қиырда жатқан геология экспедициясының бас инженерін мұндай биік, лауа­ зымды қызметке шақырудың өзіндік сыры бар екен. Шахаң барлық геологиялық зерттеу, барлау жұмыстарынан мол тәжірибе жинақтағанын былай қойғанда, үлкен ұйымдас­ тырушы ретінде де көзге түсіпті. Қаныш аға сияқты Ұлы­ тау өңірімен біте қайнасып, сол өңірдің жер қойнауы қазы­


 


насын жан­жақты тексеру, табиғи ресурстарды комплекс­ ті игеру жұмысында шыңдалыпты. Осы кезде елімізде өндірісті интенсивті дамыту бағыты республика геологта­ рының алдына да аса зор міндеттер қойған­ды. Міне, осын­ дай күрделі істі жүргізу Шахаң сияқты ірі өндіріс ұйым­ дастырушысының қолынан келетінін Үкімет жақсы білген екен.


* * *


Шахмардан Есенов 200-ден астам ғылыми еңбек қал- дырған ғалым. Олардың арасында 16 монография, 150-дей мазмұны терең зерттеу мақалалар бар. Олардың ең шоқтығы биігі – әріптестерімен бірлесіп зерттеген, көпшілікке, қара- пайым оқырманға өте түсінікті тілмен жазылған «Қазақстан жер қойнауы» атты монография. Бұл еңбекте ғалымдарымыз Қазақстан жер қойнауының байлығын жан-жақты қарасты- рып, қай қабатта, қалай жатқанын, «нелермен» бірге, басқа қандай элементтермен қосарланып тұрғанын, не керек, жеті қат жер астындағы байлықты көріп тұрғандай дәл баяндай- ды. Бұл монография тау-кен факультеті студенттерінің және профессор-оқытушыларының әлі күнге дейін басты кітабы, оқулығы болып келеді.


Аталмыш кітапты жазуда олар Қаныш Сәтбаев, Қазақ- стан Ғылым Академиясының академигі И.И. Бок, корреспон- дент-мүшесі Г.С. Медоев, ғылым докторлары Г.Н. Никифо- ров, И.П. Новохатский, ғылым кандидаты Д.Н. Казанли ең- бектеріне сүйенді. Сәтбаев жасаған Қазақстанның тұңғыш металлогениялық картасы дүниежүзілік геология ғылымын- да жоғары бағаланған болатын. Әсіресе, сол еңбек бағдаршам болды.


Қаныш Сәтбаев геология саласындағы бытыраңқылықты қайта-қайта сынға алып, тиісті орындарға мәселе етіп талай қойған. Геологиялық барлау жұмысымен еліміздің бірқатар ведомстволары: қара және түсті металлургия, мұнай және көмір өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары


... министрліктері айналысқан. Олардың біреуі көмір, екінші- сі мұнай, үшіншісі темір іздейді, осылардың басын бір ми- нистрлікке қосып, барлау жұмысын комплексті жүргізіп, жер қойнауын кешенді зерттеуді ұсынды Қ.Сәтбаев. Ғұлама ғалымның онысы аяқсыз қалған жоқ. Геология министрлігі барлық одақтас республикалар арасында тек Қазақстанда құ- рылғаны соның айғағы. Сол бағдарды жалғастырған, мәселе етіп көтеріп, іс жүзіне айналдырған, табанды қорғаған, жү- зеге асырған өз шәкірті Есенов Шахмардан. Ол жер қойнауы- ның байлықтарына байланысты Қаныш ағаның ойларын орайлы жердің бәрінде қайталаудан тайған жоқ, респуб- лика өнеркәсіп орындарындағы кемшіліктерді жасырмай, үлкен мінберлерден айтудан тайсалған жоқ. Өзіме жау таба- мын-ау деп жасқанған жоқ. Өйткені оның мақсаты ел ыры- сын төгіп-шашпай пайдалану болатын. Жер қойнауындағы байлық шетсіз-шексіз емес, оның да таусылар кезі болады, сондықтан болашақ ұрпақтар үшін оны үнемдеп, ысырапсыз жұмсау керек дегенді басты қағидасына айналдырды.


«...Дала қойны – тұнған байлық. Біз бұл байлықтарды көздің қарашығындай сақтап, табиғаттың асқан жомарт­ тықпен беріп отырған әрбір грамм көмірі мен мұнайын, мырышы мен қалайысын, қорғасыны мен мысын, титаны мен сурьмасын, басқа да толып жатқан алтындай асыл, күмістей қымбат өнімін еліміздің халық шаруашылығына орнымен пайдалана білуіміз керек.


...Соған қарамастан «Карагандауголь» комбинаты мен


«Казахстаннефть» бірлестігінің кәсіпорындарында елеулі­ елеулі ысырапқа жол беріліп жүргенін атап айтпауға бол­ майды. Қара және түсті металлургия кәсіпорындарында да осындай рәсуалық кездесіп жүр.


Сондықтан, пайдалы қазбаларды байыту, өнеркәсіптік өңдеу жүйесінде ең жетілдірілген техника түрлерін қолда­ нуымыз керек. Атап айтқанда, Қазақстан Ғылым Академия­ сының ғалымдары тапқан руданы циклондық балқыту әдісі біздің кәсіпорындарымызда әлі кеңінен қолданылмай келеді.


Ең алдымен шахталардағы, рудниктердегі, цехтардағы, алып заводтар мен фабрикалардағы инженер­техник қыз­ меткерлердің жауапкершілігін арттыру керек. Бұлар қазба байлықты жер астынан алуда тәжірибеде өзін­өзі ақтаған озық әдістерді кеңінен қолдануға, прогресті жүйелерді мұ­ нан былай да жетілдіре беруге баса назар аударуға тиіс» деген Шахаң биік мінберден сөйлеген бір сөзінде. Айтып қана қоймай, іске асыру үшін де тиісті орындарға барған, арнайы хат та жазған. Ақырында, Жезқазған кен-байыту комбинатында мыс қана емес, басқа металдарды да ажыра-


 


тып алу ісі жолға қойыла бастады. Бұл өмір бойы Қаныш Сәтбаевтың да айта-айта жағы талған, іс жүзіне асырта ал- май келе жатқан күрделі поблемасы еді.


Осы арада Шахаңның өндірісте, ғылымды өрістетуде тындырған кейбір істерін нақтылап айта кету артық болмас. Ол – геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарын кешенді жүр- гізуді, әсіресе, геологиялық, физикалық және геохимиялық әдістерді ұштастыра жүргізуді ұсынып, іс жүзіне асырды.


Ол – Қазақстанда Бүкілодақтық Барлау-герфизика инс- титутының бөлімшесін ұйымдастырды.


Ол – Геология саласына кибернетиканы енгізу арқылы алғашқы есептеу орталығын ашты.


Осы тұста Қазақстан геологтарының жаңашылдығы, іс- керлігі Одақ бойынша жоғары бағаланып, Ш. Есеновтің есімі құрметпен аталды. Оның аса ірі ғалым және білікті ұйымдас- тырушы екені мойындалды.


Академик Герой Жолтаевтың естелігі соның айғағындай.


«Таң қаламын. Мына жарық дүниеге «сапарымыздың» жиырмасыншы ғасырға тап келгеніне. Ай төсіне адамның ая­ ғы тиді, атом мұзжарғыш кемесі Мұзды мұхитты шарлады, жеті қат жер қойнауында жатқан бар байлықтың көзі ашы­ лып, адамзат игілігіне жаратылды. Жұмыр жердің жетпіс пайызын басып жатқан алып мұхиттар мен көк теңіздер түбі зерттеліп, ғасырлар бойы жасырылған жұмбағы ашы­ лып, шашу болып шашылды. Бұл жаңалықтарға компью­ тер мен интернет желісінің кереметтерін қосыңыз. Жыл­ дап жүріп Меккеге, айлап жүріп ағайынға жеткен бабалар біздің бұл тіршілігімізге не айтар екен, өзі?!


Иә, ХХ ғасырдың кереметі көп. Осының бәріне таң қа­ лып, тамсанғаннан Адамзаттың басы айналып тұрғандай сезіледі кейде маған. Сонда дейміз­ау, бұл құдіретті жасап жатқан кім және не? Иә, ол – ғалым мен ғылым құдіреті. Абай ақын айтпай ма «Алланың бір аты – ғылым!» деп. Сол алланың бұйрығымен болар ғалымдықтың жүгін көтеріп, ғылымның жолын қуып, артында өз сөзі мен ісін қалдырған құрметті азаматтар біздің халқымызда аз емес. Шоқ жұл­ дыздар – Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Маша­ нов, Шапық Шөкин, Ермұқан Бекмаханов, Ебіней Бөкетов......


Осылардың сапында Шахмардан Есенов есімі тұрады.


 


Бәріміз де өмірді бастап, орта жасқа келген соң ізба­ сар іздеп, бастаған ісің орта жолда қалмас үшін шәкірт даярлауға кірісеміз­ау. Бірақ, біріміздің таңдауымыз дөп түсіп, біріміз мүлт кетіп, үміт еткен шәкіртіміз шикілеу болып, өкіндіріп жатады. Әуелі мен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың шәкірт таңдау талантына, ісін жалғастырар ініні дөп тапқанына таң қаламын. Қызылорда Педагогикалық техникумын бітіріп, Алматыға келіп, ұстаздықтың үлкен оқуына түскелі тұрған Шахмарданның алғырлығын аңға­ рып: «Айналайын, осы сен бәрін қой да, қазақ мамандары жетіспей жатқан тау­кен геологиясына барсайшы...» дей­ ді. Үлкеннің сөзіне құлақ асып үйренген жас «Қаныш ағам бір нәрсені біліп тұр­ау!» деп, ойланбастан Қазақ кен­ме­ таллургия институтының геология­барлау факультетіне оқуға түседі.


Ал, бес жылдан кейін сол аға: «Айналайын Шахмардан, ғалым болу үшін әуелі «әліппені» оқуың керек, қайла мен балғаның сабын ұстап, салмағын сезінуің керек...дала толған байлық...» деп, өзі талай кеннің көзін ашып, өндірісін дамы­ тып, кіші Жезқазғанды «Үлкен Жезқазғанға» айналдырған, қойнауы құт, елі дарқан жаққа қарай жол, сосын жөн сіл­ тейді. Бұл тұста да Шахаң естілік танытып, аға сөзіне құлақ асып, ғұлама ғалым жолымен – қаңбағын жел қуған, аптабы жерді қуырған далада қайласы мен балғасын он бір жыл арқалап, тау мен тасты аралап, талай­талай кен көздерін ашып, ел ырысын молайтуға өз үлесін аямай­ ақ қосты. Оның тікелей инициативасымен, басшылығымен Жезқазған кенді аймағының ірі көлемді геологиялық болжау картасы сызылып, онда мыс, қорғасын және мырыш... кен­ дері таралған аудандардың шекаралары айқындалды. Тіп­ тен кендердің таралу географиясы бұрынғы болжам мен тұжырымдардан да асып кетті. Елуінші жылдардың ішін­ де­ақ Жезқазған қорын 3­4 есе ұлғайтуға болатындығын Шахмардан Есенов айтқан еді.


Сол кездегі ел басшылары оның дарынды жас екенін танып, бар жоғы отыз үш жасар Шахмарданды Геология және жер байлығын қорғау министрінің орынбасары, бір жылдан кейін министр етіп тағайындады, 1961­1965 жыл­ дар ішінде Ш. Есенов Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізіліп жатқан, жүргізілетін геологиялық барлау жұ­


 


мыстарына басшылық жасады. Ол бірде кенді Алтайды араласа, енді бірде Маңғыстау мұнайшыларына барды, Ақ­ төбе мен Орал барлаушыларының ортасында болды, Жам­ был, Қаратау кеншілерінің жұмысымен, тұрмыстық­әлеу­ меттік жағдайымен танысты.


Маңғыстаудағы геологтар мен барлаушылар, бұрғышы­ лар жұмысын қадағалап, Мәскеу мен Алматыдағы мемле­ кет, Үкімет басшыларына беделін салып жаңа техниканың түр­түрін алдыртып, өндіріске енгізді, істі жаңаша ұйым­ дастырды. Нәтиже көпке аян.


Қазақстан Ғылым Академиясының президенті әрі Қ. Сәт­ паев атындағы Геология институтының директоры бола жүріп, бұрынғы қызметінен табиғаты, талабы басқашалау болса да талантының, алғырлығы мен адамгершілігінің ар­ қасында бар шаруаны үйіріп әкетті. Ол президент кезін­ де академиктер санын арттырды, корреспондент­мүшелер көбейді. Бәрінен бұрын жас ғалымдарға деген қамқорлығын ерекшелей айтқым келеді. Жастар арасында ғылыми еңбекке конкурс өткізіп, жас ғалымдардың өсіп шығуына мүмкіндік туғызды, оларды лауазымды мансаптарға өсірді.


Және айта кететін елеулі бір нәрсе, Шахмардан Есенов қазақ даласынан шыққан Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл­Фарабидің халқына қайта оралуына көп еңбек сіңірді. Фи­ лософия және құқық институтының жанынан арнайы «әл­ Фарабитану» бөлімі ашылып, оның еңбектері араб­парсы тілдерінен қазақ, орыс тілдеріне аударылып, жарық көрді. Ол еңбектердің сапалы, әрі дер кезінде шығуына басшылық жасады. 1973 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Ғылым Ака­ демиясы және Азия мен Африка елдері жазушыларының V Халықаралық конференциясы өтіп жатқанда Әбу Насыр әл­ Фарабиге арналған арнайы мәжілісті өзі ұйымдастырып, басты баяндаманы өзі жасады.


Менің өз басыма ол кісінің шарапаты мол тиді. 1962 жылы Политехника институтының инженер­геолог­мұнай­ шы деген нөмірі бірінші дипломын алдым. Бұл мамандық бойынша біз институт оқытып, дайындап шығарған бірін­ ші мамандар едік. Сол дипломымда Мемлекеттік комис­ сияның төрағасы Шахмардан Есенов деген қол тұр. Оны мен мақтан етемін.


 


Докторлық диссертациямды Мәскеуде қорғайтын тұс­ та қазақстандық ғалымдардан пікір керек болды. Оны шы­ найы көңілмен жазып бергендердің біріншісі Шахаң болды. Шахаңның Мәскеу ғалымдарының арасында абыройы биік еді ғой, пікірді оқып, бәрі де оған қосылып, бір кісідей қол көтерді десем өтірік емес.


Өзеннен мұнайдың мол қоры табылды, ал, оның қорының нақты мөлшерін есептеп шығару үшін Шахаң Маңғыстауда айлап жатты, сосын оны Мәскеуде өте білімділікпен, биік дәрежеде қорғап шықты. Маңғыстаулықтар Шахаңның бір бала мінезіне мәз болып, айтып отыратын. Бір ай жатқан адамды жора­жолдас қонаққа шақырады ғой, қазақ дәс­ түрімен. Кештетіп қонақтан қайтып келе жатқан Ша­ хаңның аяғына консервінің қалбыры даңғырлап ілігеді емес пе, баяғы. Сол­ақ екен, көңілдері көтеріңкі жігіттер емес пе, екі бөліне салып, қалбырды даңғырлата, поселкені бас­ тарына көтере, футбол ойнауға кірісіп кетеді. «Ұйқы бер­ медіңдер ғой, өңкей найсап... ойбай­ау, балалар екен десем өңкей зіңгіттей­зіңгіттей жігіттер ғой, мыналарың!» деп, қарсы үйдегі әйел шығып айғайламаса, кім білсін қашанға дейін қалбырмен футбол ойнарын.


Шахаң асыл адам еді ғой, «мен министрмін» деп шірен­ бей, қажет болған кезде екі білекті сыбанып жіберіп, мұ­ найшылар жұмысына араласып кете беретін.


Ақтөбенің Өріктау деген жерінен газ табылып, ел қуан­ ғанда Шахаң қасына одақтық мұнай өнеркәсібі комите­ тінің төрағасы, артынан одақ тарағанға дейін КСРО Мем­ лекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы қызметін ат­ қарған Николай Константинович Байбаковты ертіп келіп, атқылап жатқан газ алауын көздерімен көрді. «Шұбарсай» совхозының директоры Т. Мауышев ағай бұл қонақтардың құрметіне тай сойып қарсы алды. Жергілікті жігіттердің бұл құрметіне Шахаң аса риза болды.


Екеуміз де Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техни­ калық университетінде ұстаз болдық, кабинеттеріміз қа­ тар еді. Күнде кездесеміз. Өмірінің соңында әділетсіздік зар­ дабын тартып, жапа шеккені рас қой. Ішкі дүниесінде не болып жатқанын білмеймін, сырт келбеті қашанда да жар­ қын, жайдары, жалы жығылмай жүретін. Мен де ішімнен:


«асылдың асылысыз­ау!» деп, риза болатынмын.


 


Шахаңның лекциясынан бір студент қалмайтын, өте білімді, мәнді оқитын. Жастарды жанындай жақсы көретін, ал, білімге құштар белсенді жасты көрсе: «Міне, міне, біздің болашағымыз осылардың қолына тиюі керек, жақсылап тәрбиелеуіміз керек!» деп, жоғын тапқандай, балаша қуанатын.


* * *


Заңгер, ғылым кандидаты Х.Ш. Әлжановтың естелігін оқығанда Есеновтің дарыны мен азаматтығын бағалайтын, құрмет тұтатын жандардың мол екеніне көз жеткізесіз. Шах- мардандағы білім шалқарлығы, ой логикасының тереңдігі, нар тұлғасы бір көрген адамның жадында жатталып қала- тынын заңгер әдемі, әділ жеткізеді. Мұндай естеліктерді толық беруіміздің төркінін таратар болсақ, Шахмарданның көзін көрген, іс-әрекеттеріне куә болған адамдар сөзі бүгін арамызда жоқ оның бейнесін көз алдымызға әкеліп, оның азаматтығын, ғалымдығын, қайраткерлігін, қысқасы, толық болмысын ашып көрсетуге қызмет етеді:


– Біздің алғашқы кездесуіміз бір қиырдағы Сиам елін­ де, Бангкок қаласында, 1963 жылдың күзінде. Мен ол кезде Таиланд корольдігіндегі КСРО елшілігінің Бас консулымын. Одақтас республикалар өкілдерінің шетелдерде қызметте болуы некен­саяқ кездесетін. Екі қазақтың Сиам жерінде ұшырасуы жүрегіңді атқақтатып, жарылардай ететінін содан ұға беріңіз.


Ыстық тропикалық күн еді. Түскі астан кейін менің ка­ бинетіме елшіліктің екінші хатшысы Олег Басторин асыға кіріп, аэропортта Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан өңір­ лік жиналысқа келген делегаттарды қарсы алғанын, солар­ дың ішінде алматылықтар бар екендігін жайраңдап ха­ барлап алып, жерлес қазаққа қызмет етіп, қамқорлыққа алуымды өтінді. Көптен көрмеген ағайынмен (алыс ше­ телде жүргеніңде қазақтың бәрі ағайын) оқыс кездесетіні­ ме қатты қуанып, елшіліктің ауласына жүгіріп шықсам, тропикалық ананас пен банан ағаштарының арасында алыстан қарағанда бейнесі академик Қ.И. Сәтбаевқа ұқсай­ тын ұзын бойлы, сымбатты қазақ тұр екен. Мен тез ба­ сып жақындадым да, қазақы дәстүрмен сәлем беріп, «қазақ тілінде сөйлейсіз бе?» деп сұрадым. Ол «иә» деген соң біз ана тілімізде жеделдете желдіртіп сөйлесіп кеттік.


 


Алыстағы Сиам елінде қазақша сөйлесу маған әсем музы­ каның әсерінен кем болған жоқ. Менің алғашқы сұрақтарым Қазақстанның жаңалықтары, қазақстандықтардың өмірі туралы болды. Ол жылдары Алматының дүкендерінде ақ нан жоқ, ұн алуға да шектеу қойылған дегенді, т.с.с. еститін едік. Сондықтан сұрақтарымды бораттым­ай келіп.


Шахмардан Есенұлы әп дегеннен өзінің сымбатты пі­ шінімен, батырға тән бойымен, әдемі жымиысымен, Қа­ зақстан туралы көшелі әңгімесімен тыңдаушыларды өзіне еріксіз қаратып алды. Асықпай, жайлап сөйлейді екен. Де­ генмен қонақтардың ыстыққа шыдай алмай тұрғаны сезі­ ліп тұр, сондықтан мен оларды мейманханаға тезірек ор­ наластыруға асықтым. Әдетте, елшіліктің қызметкерлері бензин үнемдеу мақсатында шағын машиналармен жүреді. Қонақтың дене бітіміне менің көлігімнің тар келетінін бай­ қап, елшіліктің «шевроле» машинасын алдым да, Шахаң мен аудармашыны «Тай­Отельге» жеткізіп, жайғастыр­ дым. Бұл мейманханада жаныңа жайлы нәрсенің бәрі бар, бірнеше деңгейлі бассейндер, теннис корты, дәмді тағам де­ гендей. Тұрған жері де тыныш, жасыл­желекке малынған. Мейманхананың қымбатшылығы мені алаңдатқан жоқ, БҰҰ өзінің делегаттарын қаражаттан қыспайтынын білемін.


Шахаң мен аудармашысын бөлек­бөлек екі нөмірге ор­ наластырып болған соң кешкі асқа бардық, мені Қазақ­ станнан жеткен жеңсік дәмдермен сыйлады. Шахаң ас үс­ тінде БҰҰ­ның Азия және Қиыр Шығыс елдері үшін эконо­ микалық комиссиясы сессиясының күн тәртібімен таны­ сып алды.


Келесі күннен Шахаң сессия жұмысына бүтіндей кірісіп кетті. Менімен бірге оған көмекші, кеңесші ретінде О. Бас­ торин де жұмылды. Олег – тамаша дипломат, ағылшын және тай тілдерін қаяусыз білетін маман, Тайландтағы қызметін атқарып жүргеніне бірнеше жыл болған. Тай­ ландтан кейін дипломаттық қызметін Сингапурда біздің Қасымжомарт Тоқаевпен бірге жалғастырды. Қазір Олег Басторин Ресейдің Тайландтағы төтенше және өкілетті елшісі. Сол Олег, кейінгі жылдары ұшыраса қалсақ, Шахмар­ дан Есенұлына сәлемін жеткізуді ылғи бізге жүктейтын.


Жалпы Кеңес елінің Тайландтағы дипломаттары қазақ­ стандық министрді жиі еске алатын. Мынадай бір жәйтті айта кетейін: елге қайтар алдында Шахаңда әлі де біраз базарлық қалған екен. Тайланд жағдайында бұл «сувенир­ леріңіз» қомақты олжа – қара уылдырық, «Столичный» ара­ ғының бірнеше шөлмегі, Абай бейнеленген қобдишалар және т.б. Қайтар уақыт келіп, аттанар алдында Шахмардан Есенұлы оның барлығын елшілік қызметкерлеріне тарат­ ты. Бір шөлмек «Столичный» немесе бір қалбыр уылдырық кімге болса да олжа әрі ескерткіш. Сонда менің жұбайыма Абай бейнеленген шкатулка тиген еді, оны біз Шахаңның көзіндей әлі күнге дейін сақтап жүрміз.


Елшілікте Мәскеуден, Ленинградтан, республикалардан келген әртүрлі, көптеген делегаттар болды, бірақ олардың ешқайсысы да біздің Шахаңдай әсер қалдыра алған жоқ.


Шахаң Бангкокта (Азиялық Венеция) он күндей бол­ ды. Күні бойы жұмыста. Қыдырар уақытымыз кешкі­ лік, түн – қала араладық, музейге бардық, судағы базарды тамашаладық. Онда қайықпен жетесіз. Бүкіл сауда су үс­ тінде жүреді,бұл көрініс Шахаңды таң­тамаша етті, он­ дағы сауда ережелері мен тәртіп оған қатты ұнады. Хайуа­ наттар бағына апарғанда пілге мініп серуендеді. Тайландта пілдерді, әсіресе ақ пілдерді қадір тұтады. Абылай ханның ақ түйесіндей, ақ піл де Тай корольдеріне бақыт сыйлайтын көрінеді. Ертеде корольдер қарсыластарымен сайысқа піл­ ге мініп шығады екен. Күрестің нәтижесі көбінесе пілдің дайындығына байланысты болса керек. Әрбір тай азама­ ты маңызды шешім (үйлену, сапарға шығу, сауда мәселесі т.с.с.) қабылдарда, бақтағы ақ пілге жақындап, ниетін ай­ тып, бата сұрағандай болып, содан соң ғана ойындағы іске бел буатын көрінеді.


Түнгі Бангкокта да қыдырдық. Түнгі Бангкокта өзіндік ерекше өмір қалыптасқан. Түнгі клубтар, казино, түрік мон­ шалары, т.с.с. түнімен жұмыс істейді де, қала таңға таяу ғана ұйқыға кетеді. Шахаң қаланы аралап жүріп бірде­бір мас адамды көрмегенін айтты. Онысы рас, мұнда да ішеді, әсіресе амеркандық, еуропалық солдаттар, бірақ әдептен озбай, Шахаңның әлгі бір байқағанына сай, көңіл көтереді.


Сиамда спирттік ішімдіктердің пайда болу тарихын айтып бердім. Сиамдықтар өткен ғасырларда салауатты өмір салтын ұстанған. Күшті ішімдіктер мұнда Ресейдің соңғы императоры Николай ІІ әлі Ұлы князь кезінде «Авро­ра» крейсерімен осы елге келгенде пайда болыпты. Ол мем­ лекеттік істермен жүргенде, орыс теңізшілері сиамдық­ тарға күріштен самогон қайнатуды үйретсе керек.


Тайлықтар өздерінің жаратылысы бойынша қонақжай, көңілді халық. Олардың басты ерекшелігі – әрдайым күліп, жы­ миып жүреді. Мен көптеген тайлықтармен – сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерімен, бизнесмендермен, ғалым­ дарман араластым. Сондағы олардың көп сұрайтыны, неге орыстар тұнжырап жүресіңдер, неге жымимайсыңдар? Біз климаттың ауырлығын, өмір сүру салтымыздың қатаңдығын алға тартамыз. Олар үшін біздің баршамыз орыстармыз. Кеңес елінің өкілі екенсің – сен орыссың.


Солай ойлайтын тайлық мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, министрлер, бизнесмендер көңілі «таза орыс емес» геология министрі Шахмардан Есенұлына толды. Сондықтан өнеркәсіп министрі қазақстандық жоғары дә­ режелі қонақтың құрметіне үлкен қабылдау ұйымдастыр­ ды. Қазақ халқы туралы, оның әлеуметтік жағдайы, мә­ дениеті туралы, әсіресе мұсылман дінінің, мешіттердің жағдайы туралы шұқшия сұрады, біздің мемлекеттік сая­ сатты құптады. Қазақстанның геология министрінің са­ парын, баяндамасын олар көрнекі насихат деп бағалады. Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқу басқа да, Ш. Есенов сияқты адамның келіп, әңгіме­дүкен құруы тіпті басқа, кез­ келген үгіттен артық құбылыс деп сендірді олар бізді.


Қайтарында Шахаң Тайландттың мәртебелі тұлға­ ларына қарымта қонақасы берді. Әрбір халық туралы, сол халықтың өкілі танытқан білімділік, пайымдау қабі­ леті, өзін ұстау машықтары сол халық туралы пікір қалып­ тастыратыны ақиқат. Шахаң қазақ халқының даналығын, мейірімділігін, дүниетаным кеңдігін қолмен қойғандай етіп көрсетті. Мені, Кеңес Одағы елшілігінің қызметкерін, Тай­ ландтқа туған елдің осындай өкілінің келгені мәз­мейрам ет­ ті. Кейінірек Шахаңның үлгісімен, клубтардағы кездесулер­ де, кешкілік отырыстарда мен де еліміздің көп ұлттылығы туралы, туған халқым туралы кеңірек әңгімелей беретін болдым.


Шахмардан Есенұлы елге жүріп кеткен соң біздің ел­ ші А.Николаев менің жерлесім туралы жылы сөздерін аяған жоқ. А.Николаевтың айтуынша, Ш. Есенов – дарынды тұлға, өзінің пайымы мен іс­әрекеті бойынша ол қазақ халқының ба­ тыры. А. Николаевқа ерекше ұнағаны Шахаңның БҰҰ­ның Тай­ ландтағы өңірлік сессиясында сөйлеген батыл әрі мазмұны те­ рең сөзі. Ол сөзінде Шахаң адамзат болашағының өзекті про­ блемаларын терең, байыпты қозғаған еді, бұл турасындағы төл пікірлерін де жасырмай ортаға салған еді.


Шахаң елге қайтқан соң көп кешікпей Тайландқа А.Ад­ жубей келді. Менің жаныма жағымды әсер қалдырған Ша­ хаңнан кейін соның сапары. Барлық газеттер Аджубей Н.С.Хрущёвтің күйеу баласы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депу­ таты, «Известия» газетінің бас редакторы, ол Қиыр Шығыс және Оңтүстік­Шығыс Азия елдері сыртқы саясатына жаңа екпін береді деп жазып жатты. Аджубей менің қазақ екенімді білгеннен­ақ өзінің жанынан бір елі де қалдырған жоқ.


Сөйтсем өзі, анасы, бауырлары Ұлы Отан соғысы жыл­ дарында Қостанай облысында тұрыпты, «сонда біз бір қазақ ақсақалдың үйінде тұрдық, ол кісі бізбен барымен бөлісті, сол ақсақалдың арқасында тірі қалдық» дейді А. Аджубей.


Оның құрметіне елші қабылдау жасағанда Аджубей та­ ғы да Қазақстандағы өмірін еске алып, мейірімді қазақ хал­ қы үшін, оның Тайландтағы өкілі үшін тост көтергенде, әрине мен масаттанып отырдым. А. Аджубей жүріп кеткен­ нен кейін делегацияға көрсеткен қызметімді бағалап, елші маған бір айлық мөлшерінде ақшалай сыйлық тапсырды.


Мансабының биіктігіне қарамастан Шахаң әңгімешіл, кішіпейіл адам еді, әсіресе ол өзінің әріптестері – геолог­ тарды ерекше құрмет тұтатын. Тайландтан кезекті бір демалысқа келгенімде Шахаңмен «Москва» мейманханасын­ да кездестік. Кешке «Пекин» мейрамханасында жолығамыз деп келістік. Мен одан қанша адамға орын алып қояйын деп сұрадым. Оның жауабы: біз, геологтар көппіз, 10­15 орынға тапсырыс бер деді.


Келісілген уақытта өзінің геолог достарымен Шахаң кел­ ді, баршамыз қосылғанда 18 адам болып отырдық. Түннің бір уағына дейін біз, қазақстандық достар, орысша, қазақша ән салдық. Шахаң геологтар туралы әнді ұнатушы еді. Кеш та­ маша өтті, көптеген тостар көтерілді. Әдемі әңгімелер ай­ тылды. Мұндай кештер өмір бойы ұмытылмас әсерлер сый­ лайды. Содан бері мен көптеген геологтармен, жер қойнауын барлаушы тамаша жандармен достасып кеттім.


 


1970 жылы «Қазақстан ғылымының күндеріне» байла­ нысты Шахаң бастаған Академия делегациясы Қызылорда облысына баратын болды. Делегация құрамында академик­ тер Б . Жұбанов, А. Қасымжанов, заң ғылымының кандида­ ты К. Наменгенов (марқұм) тағы басқаларымыз бар, Деле­ гацияны обкомның бірінші хатшысы Тәнекеев қарсы алып, ел аралатты. Ол кісі қазақ тілі мен қазақ халқы тарихының біл­ гірі екен, баршамыз шын риза болдық.


Делегация Сырдарияның жағасындағы обком резиден­ циясына жайғасты. Онда коттедждермен қатар екі киіз үй тұрды. Біздің академиялық қауым коттеджді таңдады, сондағысы есік, терезені жауып алып, масадан қорғануға болады­мыс. Шахмардан Есенұлы киіз үйді таңдады, біз Наменгенов екеуміз де солай жасадық. Шахаң қамалып қал­ ғандардың «тапқырлығына» рахаттана күліп алып, киіз үй­ дің ауасы кең, адам жер­анаға етене, бауыр басатындығын және т,б, артықшылықтарын айтып тастады. Шахаң ер­ темен сағат 6­ға жақын тұрып алып, дарияға түсіп, шо­ мылып шықты. Бұған оны геологиялық экспедициялардағы бұрынғы өмірі үйретіпті. Сағат таңертеңгі 8­де ұйқыбас академиктер бригадасын оятып, «ауасыз номерлеріңде тұн­ шықтыңдар ма?» – деп әзілдеді.


Шындығында киіз үйде демалу жанның рахаты екен. Басқа рахат – жұпар ауа, жиденің иісі, бір кесе шұбатпен салыстырғанда өзіңді өзің алдау ғана екен. Біз «люкс» киіз үйде демалып, тыңайып тұратынбыз.


Осы сапар барысында Шахмардан Есенов қарапайым халықтың ортасына судай сіңіп, тастай батты. Бақсақ, ол туған жерінде жиырма жылдан астам уақыт болмаған екен. Ол шын ниетімен бүтін бір кештерін жергілікті тұр­ ғындармен өткізіп, әрбір жерлесінен өмірі туралы, туыс­ қандары жайлы әңгімелесуден бір жалыққан жоқ. Үлке­ нінің де, кішісінің де әңгімесі оған қызық еді. Ауылдағы тұр­ мыстың кейбір ыңғайсыздықтары оны мазалған жоқ, бар­ лық жерде өзін ыңғайлы сезінді. Ол киіз үйді таңдады, еркін жатты, біздің ұлы аталарымыз сияқты ортақ дастар­ қаннан сүйсіне ішіп­жеді.


Сапар бағдарламасында белгілі диқан, екі мәрте Социа­ листік Еңбек Ері Ы. Жақаевпен кездесу көзделген екен. Ака­ демия президенті күріштің атасы Ыбырай ақсақалмен дас­


 


тарқан басында ұзақ әңгімелесті. Оқушылар мен күрішшілер бас күрішшіге арналған әндерін айтты. Соңында делега­ ция Ы. Жақаевқа арнаулы сыйлығын тапсырды. Кезде­ су Шахмардан Есенұлына қатты әсер еткен болуы ке­ рек, Жақаевты құшақтап суретке түсті, қолындағы ал­ тын сағатын шешіп алып Ыбырай атаның білегіне байла­ ды. Өткен замандарда Абылай хан, Кенесары және басқа да қазақ қолбасылары ерлігімен көзге түскен сарбаздарына өздерінің қылышын немесе садағын сыйлаған. Екатерина ІІ өзінің жаужүректеріне гаухар тас жаудырған, Ұлы Отан соғысында қолбасшылар ерлік көрсеткен солдаттарға қару немесе сағат сыйлаған. Республика Ғылым Академиясының президенті ерлік еңбегі үшін Ы.Жақаевқа өзінің алтын брас­ летті алтын сағатын сыйға тартты. Бұл көріністе бір ке­ ремет символика бар екендігі даусыз.


* * *


Ол өзінің айналасында болып жатқан тірліктің бар­ шасын сабырлы, түсіністікпен қабылдайтын. Маған ол еш­ қашан ешкімге ашулану былай тұрсын, дауыс көтермеген сияқты болып көрінетін. Оның ұстамдылығынан біздің ха­ лықтың үздік дәстүрлері мен өркениетті дейтін әлемнің игі әсерін байқағандай болатынсың. Мұнымды дәлелдеу үшін мына бір оқиғаны еске алайын. Қызылордаға бару үшін ұшаққа отырғанда Шахаң плащын маған шешіп берді, мен оны ұшаққа кірер есіктің тұсындағы гардеробқа іліп қой­ дым. Қызылордаға қонып, ұшақтан түсерде плащты тап­ падық. Орта жолда, Жамбылға қонған сәтте, сонда түсіп қалған жолаушының бірі қымбат киімді ала кетсе керек. Мен әбден састым, Шахаң болса, киімді ажырата білер адам екен, сол құрғырды Канадаға барғанымда сатып алып едім деді де қойды.


Тағы бір жәйт. Қызылорда салтанатпен шығарып сал­ ды. Облыс басшылары әрқайсымызға сыйлық әзірлемек те болыпты. Оған Шахаң үзілді­кесілді қарсы болып, делега­ ция мүшелерін «сіздерге бір нәрсе қажет болса, Алматыға барғаннан кейін өзім реттеймін» деп бір­ақ кесті.


Бұл оқиға үлкен адамның мөлдіреген тазалығын көрсетсе керек. Оның бойында ғажайып адами қасиеттер молынан кез­ десетін, ең көрнектісі олардың шынайы қарапайымдылығы еді. Ол адамдарды үлкен, кіші деп бөлмейтін, қарапайым адамдарға жоғарыдан төмен қарамайтын, лауазымы үлкен екен­ау деп те жалпақтамайтын. Есесіне, шын ақылды, да­ рынды адамдарды бағалай білетін. Әңгімелерінде Қаныш Сәтбаев туралы, Келдыш туралы және басқа да әлемдік деңгейдегі ғалымдар туралы жиі айтатын. Шахаң өзінің оппоненттеріне, қызғанышқа бой алдыратындарға қатыс­ ты ешқашан ғайбат айтпайтын.


Осыларды айта келіп өз басым: Қазақ зиялыларының жарқын өкілі, патриот, мемлекеттік қайраткер, ғалым, хал­ қымыздың нағыз ұлы деп біліп, онымен танысқан күнімді өмі­ рімнің ең бақытты сәттерінің біріне балаймын. Оның жар­ қын өмірі өзім және отбасым үшін, көптеген достарым үшін эталон – ең жоғары үлгі еді, онымен араласудың өзі жарқ ет­ кен сәуледей әсер ететін еді. Осы бір өмірге құштар, байсал­ ды да мейірімді, кесек денелі адам туралы айтқым келе бе­ реді; Көптеген отандастарымыз оның істерін мақтан етеді, бюрократиялық жүйенің оған тұсау салып, мүмкіндіктерін Қазақстанның игілігіне жаратуына кедергі болғанына қынжылады, геологтар барлап тапқан байлығымызды ше­ телдік бизнесмендер мен жергілікті бюрократтар та­ лан­таражға салып жатқан мына тұста Қазақстанның байлығы – мұнай, газ, түсті металдар туралы айтқанда, республиканың болашағы туралы толғағанда көзі жайнап, рухтанып кететін Шахаң болса ғой деймін.


Шахаңның тағы бір қасиетін – ұлт қамын ешқашан ұмытпағандығын мына бір лебізден де байқаймыз.


– Бұрын геология саласында жергілікті халықтың өкіл­ дері, яғни, қазақтар көбіне жай инженер, аға геолог деген атақтан әрі аса алмайтын. Бастықтар, жетекші кадрлар негізінен Орталықтан, Мәскеуден жіберілетін. Шахаң ми­ нистр болысымен қазақтарға көп көңіл бөліне бастады. Аз уақыттың ішінде көптеген ұлттық кадрлар есепке алы­ нып, олардың өсуіне қолайлы жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде көптеген іскер қазақ жігіттері жетекші, бас­ қарушы қызметтерге тартыла бастады. Солардың қата­ рында мен де 1964 жылы 32 жасымда астанамыз Алма­ тыға «Қазгидрогеология» тресіне бас инженер болып та­ ғайындалдым.


 


«Қазақ барлығын да үйренеді, барлығын да игереді, егер тиіс­ ті органдар, жауапты қызметкерлер дұрыстап бағыт­ бағдар бере алса!» дейтін. Тәуелсіз жас мемлекетіміз қаз­ қаз тұра бастаған шақта көптеген газет­журнал бетте­ рінде: «қазақтарда жөнді маман жоқ, дайындағанымен ештеңе шықпайды, ал бүгінгі орыс тілді мамандар кетіп қалса, өнеркәсіп салалары қараң қалады...» деген, ұлттық намысқа тиетін, саяси астары бар мақалаларды оқығанда еріксіз Есенов еске түседі. Ол: «қазақтар мұнайды игере алмайды, кадрлары жоқ, мұнайлы өңірді әзірбайжан мен түрікмендерге беру керек» деген көзқарасқа қазіргідей сөз бостандығы жоқ, нағыз тоталитарлық жүйенің дүрілдеп тұрған шағында іс жүзінде тойтарыс берген Шахмардан ағамыз еді. Сондай ұлтжанды, адал ұлдар қазір де керек қой деген ой үнемі мазалайды» – дейді, академик Әбдіғаппар Жәкелов ағынан ақтарылып. Иә, бұл Әбекеңнің ғана жа- нын жүдетіп, миына маза бермей жүрген мәселе ме екен?! Жер қойнауындағы, қазақ геологтары ашқан байлықтардың талан-таражға түсіп, ел асып, жер асып кетіп жатқанын көзбен көріп жүргендердің бүгінгі қоғамға Шахмардандай ұлтжанды, халықтың қамын ойлайтын абзал азаматтың қа- жеттігін сезінгелі қашан!Шахаңда терең қалыптасқан мынадай пікір болатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу