Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
221
Орта баға
Жалқаубектің сабақты
Түсінуі күш болды.
Болмаған соң талапты,
Бағасы тек «үш» болды.
Үйге берген тапсырма
Ол да шала істелді.
Осынысы жақсы ма?
Және алғаны «үш» болды.
Ерте жатып ол енді,
Тәтті-тәтті түс көрді.
Күнделігін көр енді:
Оған тағы «үш» қонды.
Төсегінен тұрғанша,
Күн де шығып, түс болды.
Жалқаубектің бірқанша
Бағалары «үш» болды.
Жалқау бала оңа ма?
Жалқаубек шын күшенді.
Айналдырмай бола ма?
«Төрт» пен «бесті».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter