Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
191
Нан мен балалар
(Бертольд Брехттен)
1
Балалар мұрнын шүйіріп,
Қарамай нанға шулады.
Тас жұтқан жақсы түйіліп,
Деп олар текке тулады.
2
Көгерді сол нан көп тұрып,
Аузына ешкім алмады.
Өкпелі нанға бет бұрып,
Жәшік бір сөзін арнады:
3
«Іздейді әлі-ақ сені олар,
Аңсары үзім нан болып.
Қабығыңды да жеп алар,
Қоқымыңа да зар болып».
4
Балалар бірде кезді елді,
Адасты жолда арып та.
Ақыры олар кез келді
Діндері бөлек халыққа.
5
Балалар жүрді қапада,
Өңдері қашқан, аш, арық.
Нан түгіл сұйық атала
Бермеді ешкім қасарып.
6
Уақыт сырғып өтуде,
Талықсып өзек күн ұзын.
Іздеді талшық етуге
Қадірлі нанды – бір үзім.
7
Көгерген нанды сол беттен
Тауысқан тышқан тағылар.
Сұрағанменен жер-көктен,
Үзім нан қайдан табылар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter