15.02.2022
  125


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАМАНБЕК

Бастауышын сөйлемнің,
Күнде білмей тұрады.
Сиялап ап көйлегін,
Кезіккенді ұрады.
Сабағында есінеп,
Мазалайды Алманы.
Ескертсе де неше рет,
Тентектігі қалмайды.
Болса да аты Заманбек,
Жүргеннен соң жаман боп.
Атап кетті.
Баланың
Барлығы да «Жаман» деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу