Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
122
МЕН ЕКЕУМІН
– Аға, осы санашы,
Нешеумін мен,
Нешеумін?
– Ал санадым,
Біреусің.
– Таба алмадың.
Екеумін.
– Кəне, айтшы, құлыным,
Оған қалай сенем мен.
– Білмейсің бе, соны да?
Өзім жəне көлеңкем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter