15.02.2022
  203


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАЙШЫАУЫЗ

Көктемнің ыстығы
Керек емес,
Қарасаң.
Жұмыртқалап қыс күні,
Шығарады балапан.
Жіті қарап жан-жағын,
Балапанын бағады.
 Қарағайдың жаңғағын,
Қақыратып шағады.
Жоқ мұның еш тылсымы,
Қылқанды орман тұрағы.
Жаралғаннан тұмсығы,
Қайшыланып тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу