Өлеңдер ✍️
ЕРЛІК ЖОЛЫНДА
Ғажайып үн
– Шыныменен өңім бе бұл,
Түсім бе бұл?
Елес пе ғашықтығым үшін де бұл?
Естілді құлағыма ғажайып «үн»,
Езіле бастады-ау ішімде кір.
Жұмсарып келе жатыр денем менің,
Адамзат сен осындай терең бе едің.
Алпыс екі тамырын қозғайды ғой
Мен тұрмақ,
құлағы тас кереңдердің.
Шынында балқып келем, еріп келем,
Қаны жоқ қара тастан берік денем.
Қанша жыл патша болып жүрсе дағы,
Бір минут былайынша желікпегем.
Мынау «үн» шуағындай өзіме күн,
Оралды мейірімсіз көзіме мұң.
Мен патша емес, «үн» патша секілденіп,
Өзімді құл орнына сезінемін.
Мынау «үн» алтыннан да күшті ме өзі,
Құштар ғып баурап алды іш мінезді.
Бағана алыста еді.
Келді міне,
Қанат қып алған ба əлде құсты өзі.
Не сұмдық!
Не сұмдық бұл тілсімденген.
Ұға алмай, түсіне алмай тұрсың кеудем.
Сиқыршы едім, менен де асып кетті-ау!
Құр босқа не шығады күрсінгеннен.
Шынында майдай балқып еріп келем,
Оқ өтпес тас едің ғой берік денем.
Біртүрлі жылылық бар тұла бойда,
Жүректің соғуымен желікпегем, –
Дегенше жаушы келіп мəлімдейді,
Баяндап айтып шықты бəрін тегі.
Көргенде Инараның ару жүзін,
Патшаның күлді тұңғыш залым көзі.
– Дəл өзі!
Нағыз өзі Инараның, –
Деді де сотқарлығын тиды алаңның.
Сызылтты осы кезде сұлу тағы,
Еліне, туған жерге сыйлар Əнін ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter