15.02.2022
  120


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМЕН СЫРЫ

Қиналып келгеніңді түсінемін,
Менің де шумақталды ішіме мұң.
Серік боп сендейлерге,
қиянатшыл –
Залымнан құйылады ішіме мұң.
Қорқаудың хор қызына ғашық болып,
Жеткенін өлкемізге асық болып.
Білгемін,
Балтықтағы дөңбекшіген,
Неше рет арнасынан асып-тасып.
Бейкүнə адамдардың қырылғанын,
Ойран боп ойыңдағың, қырыңдағың.
Қоң етін ойып жеген Егеуқұйрық,
Естігем сəбилердің шырылдарын.
Олардың тас денесін ерітетін,
Əн ғана.
Сөндірмейтін сенім отын.
Инараң асқан əнші.
Сол өнермен
Əлі-ақ ол орнатады еліне күн.
Ол үшін менің иір бұтағымнан
Кокле1 жаса,
одан құт ағылған,
 Қызыңа берсең мұны өзі-ақ
шертіп,
Əн қосып, қолдарына тұтады сəн.
Əрине қолдаушыңа тиын қартым,
Алдымен «Көкейкесті» күйін тартсын,
Онан соң «Туған елім» əнін айтсын.
Əйтпесе кетуі хақ қиындап күн.
Осындай жайлар ғана айтатыным,
Сақ болғай барлығына, байқа, күнім.
Балтық та жəрдемдесар өз кезінде,
Сенімнің ақталатын айғағымын ...
Қорықпа Инараң.
Құтылады,
Ал «анау» торға түсіп тұтылады.
«Сабыр түбі – сары алтын» дегендейін,
Дұрыстап сабырлы бол, күтін əрі.
Орманшым.
Не айтасың, содан табыламын,
Тірлікте сенсің мықтап танығаным.
Тегінде мен мықты емес, сендер мықты
Адамға өмір бойы табынамын.




1 Латыштың үш ішекті музыка аспабы. Бұл Куакла деп те айтылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу