14.02.2022
  608


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚЫС

Тұратын аңырап түн,
Аңырап күн,
Қары мол түбітіндей ақ лақтың.
Қорадан шығармайды қой отарын,
Күздегі кең өріске бағылатын.
Көрінбес қыс құбыжық бейнеменен,
Сұрамас аяз жайды кейде сенен.
Сондықтан тон киеміз тоңбау үшін,
Жүрмейміз жаздағыдай жейдеменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу