14.02.2022
  128


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СЫРҒАНАҚТА

Анаған да бір қарап,
Мынаған да бір қарап.
Қолғапты үйге қалдырып,
Тебе алмадым сырғанақ.
Қолшанам жоқ қолымда,
Ұмытыппын оны да.
Онсыз тепсем сырғанақ,
Кір жұғады тоныма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу