Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
423
СОТҚАР БАЛА
Істейтұғын əр күнгі,
Қылығы бар əртүрлі.
Рогатка қолында
Құс қондырмай жолына,
Кез келгенді атады,
«Қызығына» батады.
Бақшаларды кезеді,
Құстар одан безеді.
Тіпті кірпі,
Тасбақа,
Ара жəне басқа да
Жəндіктер мен инелік,
Қорқынышты күйге еніп,
Көресінді көреді,
Шеттерінен өледі.
Барлығы да қашады,
Дегбір таппай сасады,
Ол жүрген жер оңбайды,
Құрт-құмырсқа болмайды.
Жемісінен айырылып,
Бұтағынан қайырылып.
Алмаағашттар мұңайды.
Гүлдер солып жылайды.
Міне, осындай баланың,
Қараңдаршы, жаманын!
* * *
Қолдарының кірін-ай!
Жуынбаған түрін-ай!
Əрі еріншек, көк жалқау,
Біздің мына Шырынтай.
Енді тəтті бермейміз,
«Шырынтай да» демейміз.
Сақтамаса тазалық,
Қалай көзге елейміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter