Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
223
АҚ ҚОЯННЫҢ СУРЕТІ
Ақ қояным,
Қояным!
Сені бағып, жаямын.
Шыққан кезде күн көзі,
Шығармауға аядым.
Жерді аралап жер сіңген,
Жайылшы бір еркіңмен.
Ақша бұлттың бөлшегін,
Көрем сенің көркіңнен.
Жерді аралап жер сіңген,
Жайылшы бір еркіңмен.
Көлде жүрген аққуды,
Көрем сенің көркіңнен.
Ақ қояным,
Аппағым!
Жақсы өссін деп баптадым.
Қорқа көрме,
Естісең
Біреу мылтық атқанын.
Секем алма, жар сынса,
Үйрен адам даусына.
Үрейленбе доп қуған,
Балалардың даусына.
Қорғаныңмын бір өзім,
Қорықпасын жүрегің.
Бұралқы ит пен мысықтан
Қорғап, сақтап жүремін.
Жеші шөпті,
Бүргенді.
Аппақ түсің түрленді.
Қуанышым өзіңдей,
Қуандырып тұр мені!
Ақ қояным,
Қояным.!
Батпақ бопты аяғың.
Шомылдырайын десем мен,
Тоңа ма деп аядым.
Ақ қояным,
Қояным.!
Сені еркіңмен жаямын.
Мына еркін тірлікте,
Қалай қамап қоямын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter