14.02.2022
  164


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚОЯНЫММЕН ЖАРЫСТЫМ

Қояныммен жарыстым,
Алдан самал гуледі.
Жолдың жақын, алымын
Жүгіргенмен білмеді.
Ештеңеге ұрынбай
Зыттым!...
(Басты тер енді).
Ақ қояным бұрылмай
Ақ құйын боп келеді.
Білем жақсы жер сырын,
Жүрем тіпті түнде мен.
Баласынан көршінің,
Талай озып жүрген ем.
Ирек, ирек жолдан соң,
Өттік шауып дөңменен.
Төрт аяғы болған соң
ғана озды ол менен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу