Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
1138
Құрылысшы
Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам.
Үйлерімнің үнемі
Биіктейді еңсесі.
Мектебіміз – біреуі
Бірі – колхоз кеңсесі.
Жиі-жиі келетін
Жұртқа толы маңайы.
Бірі – ойын көретін
Мәдениет сарайы.
Үйлерім көп орасан,
Біреуінен бірі артық.
Тамашалай қарасаң,
Көз алмайсың құмартып.
Қалада да,
Далада
Сап түзесе сан үйлер,
Қуанады бар ана,
Қуанады сәбилер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter