14.02.2022
  254


Автор: Абдрахман Асылбек

Кезекші

Ерте тұрып әр таңда,
Сыныбыма келемін.
Сүртіледі партам да,
Жуам тақта, еденін.
«Сынып қандай тап-таза,
Кезекшіміз керемет!» –
Деп мұғалім мақтаса,
Одан артық не керек?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу