14.02.2022
  134


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БІР ТАЛ ШАШ

Көрді де бір ақ талды.
Қалғандай-ақ басып от.
Айгерім ап дағдарды,
«Бұл əжемнің шашы» деп.
«Əжем келген кезінде,
Көрсетем сол күйінде».
Деді абыржып өзі де
Алып барып үйіне.
Жоғалтпасқа жүр бекіп,
Болды дағы ермегі.
«Тастайсың, – деп, – кірлетіп»,
Сұрағанға бермеді.
Еріксізден елтисің,
Сəби жанын біліп сен.
Сөйтсе, əлгі, көрші үйдің,
Боз тайының қылы екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу