Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
178

Айлакер
Тапты Болат талайдан
«Екі» алмаудың амалын.
Айла асырып ағайдан,
Шыта қояр қабағын.
– Тұра қойшы, балақай,
Дайын ба еді сабағың?
– Айтар едім, ағатай,
Ауырады тамағым.
– Олай болса жаза ғой,
Отыр-дағы алаңсыз.
– Жазуларым таза ғой,
Бірақ, қолым жарамсыз.
– Онда, үйде шығарған
Есебіңді көрейін.
– Шығарғам ғой, шығарғам,
Ертең әкеп берейін.
Кере алмадым, досым-ай,
Өтіріктің пайдасын.
Бірақ, Болат осылай
Асырып жүр «айласын».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter