Аңыздар ✍️

  14.02.2022
  135


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КИЕЛІ ІНГЕН

 Бұл оқиға қай ғасырда, қай жылы
Болғандығын айта алмасам да əйгілі.
Хиджаз тауын мекендеген Таумад,
Бір тайпаның болғаны рас қайғылы.
Хиджаз тауын мекендеген бұл тайпа,
Жүрген екен өрлей көшіп, құлдай да ...
Өз дегенін өр өрекпумен істейтін,
Болашағын болжамапты, ойлай да...
Тұманданып басындағы ақ нұры,
Қаба сақал болған дейді жақ жүні.
Қыңырлықтан қырсық шалып,
ғажайып,
Қиын халге түскен екен тағдыры.
Таумад деген міне осындай ел екен,
Əреке боп шығады екен берекең.
Сондай бақытсыздықтан соң
Хиджаз тау –
Қарғыс атып, иен қалған жер екен.
Оған алғаш пайғамбар ғып Салықты,
Жібергені бір құдайдың анық-ты.
Еңкейген қарт, еңбектеген бала мен,
Оған Таумад қарсылығын танытты.
– Құдай жолы рас болса,
Бізге Сен,
Жақпар тастан жаратып бер бір інген.
Ботасы оның алтын болсын!
Сонан соң,
Сүтін оның емденейік тегіннен.
Жаратқанға жетті Таумад талабы,
(Құдірет күш жартасты қақ жарады).
Ортасынан інген шығып, боталап
Көріктенді Хиджаздың бар алабы.
 Таумадтарға келген інген киелі ед,
Құт еді ол, жүрсе олар ие боп.
Алтын көшті көздің жауын алардай,
Ай-əлемдеп ботасы ерген түйе боп.
Сұлулыққа бөлегендей алабын,
Таңғажайып шуақтанған дала күн.
Ботақанын ерткен сол бір інгенге,
Кешке дейін келіп тұрар қарағың.
– Алтын бота менен анау інгенге,
Тиіспеңдер, жүрсін сөйтіп күнгейде.
Шөлін басып тұнық судан қанықсын,
Есесіне сүт береді иігенде.
Жаратқанның күші осында, байқашы,
Бұдан былай тоқтат бізбен айқасты.
Ұрпағыңның ұрпағына жетеді,
Інген сүті.
... Ей, Таумадтың тайпасы! –
Деді Салық көзін қадап қырағы,
Таусылғандай тұрды олардың сұрағы.
Мұнан кейін Таумадтардың ішінде
Құдай жолын қабылдады біразы.
Ал біразы, сиқырлықпен түйені,
Күмəнданды екеніне киелі.
Одан гөрі сол баяғы əдетпен,,
Пұтқа барып, табынып бас иеді.
Көбі оның сол бетінде қалады,
Қанша орындалса дағы талабы.
Алтын болғандығы үшін қызығып,
Жас ботаны жанған отқа салады.
Сонда өртеніп бота жылап-боздайды,
Мұңды даусы қасіретті қозғайды.
Күңіреніп атыраптың барлығы
Құсаланып, мойындарын созбайды.
 Інген оған оңайлықпен көнбейді,
Екі көзден ыстық жасы селдейді.
Ақырында азаптайды інгенді,
Салық айтқан сөздеріне сенбейді.
Қарғысына жолығып сол киенің,
Тамудтарда етек алған жиі өлім.
Сондай қатты қорыққаннан
көздері
Содан дейді үлкейгені түйенін.
Осы кезде тау тербеліп, тас сынып
Жаратушы қаһарланған ашынып.
Аспан мен жер ойран-асыр болыпты,
Хиджаз жақта асқыныпты асылық.
Хиджаз тауы талқандалды сойылып,
От жаңбырын құйды аспаннан қою бұлт.
Содан бастап содыр-сотқар атанған,
Таумад тайпалары кетті жойылып.
Ғұмырында лайлаған тұнықты,
Қабылдамай біздің діни ғұрыпты.
Алла сөзін аяқ асты етем деп,
Арабиядан Таумад мəңгі құрыпты.
«Құран кəрім» қасиетті берекем,
Елсіздерді осыменен ел етем.
Хиджаз тауы жан баласы баспаған,
Дінсіздіктен қарғыс атқан жер екен.
Оны ешкім бармайды екен қоныс қып,
Онда өсімдік өспейді екен толысып.
Аспаны оның тұрады екен өртеніп,
Ал жүруге мүмкіндік жоқ, жол ыстық...
Құлшынудан жалықпаймыз хаққа мың,
Тағдыр бізге туғызса да ақпанын.
Жерімізді қарғыс атқан Хиджаз ғып,
Елімізді Таумад қылудан сақтасын!
 Бізді Алла жаратқан соң құлы ғып,
Көктеп жатыр көңілімізде дін-үміт.
Тек Аллада суымайтын жылылық,
Тек Алладан таралады ұлылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу