Өлеңдер ✍️
ƏДІЛБАЙ БАУЫРЫМА
Адалдықты көңілге нықтай түйген,
Адамдықтан басқаны ұқпайсың сен.
Арқандалған алтынның жебіменен,
Алқасынан Есіктің шықпайсың сен.
Жылдан-жылға келесің баршындалып,
Басады алға қадамың аршындалып.
Торғайларын тотыға айналдырып,
Қарғаларын келесің қаршыға ғып.
Есік деген шығарған даңқың дана,
Есік деген қазаққа алтын қала.
Шыққан сайын шығыстан күлімдеп күн,
Көрінеді болашақ айқындала.
Сол қалада Əдеке тұрасың да.
Үлес қостың бабаңның мұрасына.
Келе жатыр дүние кемелденіп,
Қол ұстасып бір асыл бір асылға.
Сол қалада есейдің кісі болып,
Торғын тонның көріндің іші болып.
Алтыны боп сомдалып жүрмесем де,
Жатсам жақсы болар ем мысы болып.
* * *
Көне жұрт көз алдымнан кетпеуші едің,
Мынандай болыпты ғой жеткен шегің.
Тамдардың орны қапты, изен шығып,
Талымнан тұлдырда жоқ еккен менің.
Топшылап қарап шықтым жердің бəрін,
Қыстаудан көрдім əлгі белгі барын.
Бəйге алған үш жүз аттан жалғыз келіп,
Анау жер, қорасы еді керқұланың.
Ақсудың талай орған көп құрағын,
Толқынның көріп жүріп соққыларын.
Мынау жерде Сарықұсын шоқысындай,
Керемет маяланған шөп тұратын.
Шыққан шие кетіпті түбірленіп,
Ежелгі төргі бөлме түбінде өніп.
Осында анам айтқан ертегілер,
Келіп тұр құлағыма күбір болып.
Барлығын жіктеп айту бірақ қиын,
Інді де көңіліме сұрап түйдім.
Аяулы ағалардан үйреніп ем,
Осында домбыраның құлақ күйін.
Ол кезде жап-жас едім,
зерек те едім.
Білмеймін.
Табылатын керектерім.
Болса да менен басқа төрт баласы,
Анама кенже болған, ерекше едім.
Осы маң жүрегіме жылы қыстақ,
Тұратын қысы-жазы күні құсап.
Жан анам анау жерде бие сауса,
Жанында тұрушы едім, құлын ұстап.
Мына жақ көрінбейтін жасыл талдан,
Ал қазір алабота,
Сасыр толған.
Сүтіне енесінің тойып алған,
Сол маңда қозы-лақтар асыр салған.
Жарылып қара сирақ жіліншігім,
Анама еркелеуден біріншімін.
Келеді таңдайыма мейіз дəмі,
Еске алсам сол кездегі ірімшігін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter