Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.02.2022
175
ТАРБАҒАТАЙЫМ
Өзің қандай жылы ең,
Қар басқанмен шоқтығың.
Батысыңнан шығып ем,
Шығысыңа кеп тұрмын.
Күн батқанмен батпаймын,
Таңмен бірге келемін.
Сезімін таза сақтаймын,
Сен деген ұлы өлеңнің.
Болса да аз күн тынығып,
Бөленіп ойға жатайын.
Түсініп іштей, мұны ұғып,
Тұрсың ба, Тарбағатайым!
Аумайды елім еліңнен,
Жасаған еңбек қолдаса.
Тартылған тура беліңнен,
Шекара ғана болмаса.
Айналаң жатыр құп алып,
Ағайын дəмін татайын.
Тұрсың ба, тағы қуанып,
Қадірлі Тарбағатайым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter