Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.02.2022
117
ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - ҮШІНШІ ЖЫР
Төсегіңде жатырмын, аға, сенің,
(Осы жерден алсыншы қаласа өлім).
Өзіңменен жаным бір туысқанмын,
Өзің туған əкенің баласы едім.
Барызұлы Шалқардың баласы едім,
Қажы атанған атағың дара сенің.
Мұң шағамын ағатай рухыңа,
Мұңаямын кəдімгі балаша өзім.
Əлек болған мен бейбақ əлін білмей,
Теңселемін тыншымай жаным бүрлей.
Жамылғанда көрпеңді жан ағаекем,
Алғандайсың құшаққа кəдімгідей.
Рақатқа бөлендім бойым балқып,
Қуат табам оралып ойыма құт.
Төсегіңе жатқанда тал бесіктей,
Тарағандай болады ғой бойыма сүт.
Қағаз дайын, жазуға қалам дайын,
(Өртке оранған жатырмын адамдайын).
Сықыр етсе есіктің босағасы,
Кіріп келе ме екен деп алаңдаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter