Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  168


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - БІРІНШІ ЖЫР

Тоқай қажы Шалқарұлының рухына бағыштаймын
БІРІНШІ ЖЫР
Өртенді-ау менің өзегім,
Өртенді-ау менің өзегім!
Əлемде мынау, жан аға,
Əкейден қалған көз едің.
Көз едің жалғыз, көз едің,
Өртенді менің өзегім.
Жаратқан ием берді-ау,
Ажалдың ерте кезегін.
Сөйлесе бітпес сөз едің,
Шешеннің асып кезеңін.
Барыздың ұлы Шалқардың
Аумаған аға, өзі едің.
Тілегімде жылы едің,
Жүрегімде жыр едің.
Өмір бойы əкемді
Ұмыттырып жүр едің.
Алдымда тұрған биігім,
Асылдан қалған қиығым.
Алдымда ағам қалмады,
Басылды-ау төмен иығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу