Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  100


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

«ТРИБРАТА» ҮЙІН КӨРГЕНДЕГІ ОЙ

Алдымда үш үй.
Тұрмын көзді алмастан,
Айтылды-ау деп
қалай-қалай алғашқы Əн!
Іргелері бөлінбеген бұлардың,
Шатырлары бір-бірімен жалғасқан.
 Біреу,
екеу,
үшеу,
төртеу,
бес қабат!
Сырын білгенімше жоқ қой еш тағат.
Туған кезі орта ғасыр ортасы,
Тұрған жері – Ескі Рига десті алап.
Иесі оның батыр да емес, бай да емес,
Жер де құдай,
Аспандағы ай да емес,
Кəдімгі Адам.
Аты-жөні белгісіз –
Болса дағы,
Үш туысқан жай да емес!
Үшеуі де бір анадан туыпты,
Даугаваға кіндік қанын жуыпты.
Екі інісі ағасының айтқанын
Бұлжытпастан еңбекке бел буыпты.
Сөйтіп бұлар туысқандық жол сілтеп,
Бір-бірінен еңбек өнім өнсін деп.
Үй салыпты тұтастырып бір жерден,
Үйіміз де Біз сияқты болсын деп.
Олар қанша жыл тұрғаны белгісіз!
Апта болса – ғасырларға бергісіз.
Қанша бірге туысқанмен кей біреу,
Қаныпезер болып жүр-ау көргісіз.
Бұл өмірде туысқандық күші екен!
Мен де түйдім.
Сақта інішек ішке сен.
Жақындықты баспанамен көрсету,
Əлде Латыш халқына тəн іс пе екен?
Əлі қарап тұрмын көзім талмастан,
Ой, шатыры бір-бірімен алмасқан.
Іргелері бүгілмеген бұл үйде,
Инабатты дəстүр жатыр жалғасқан.
201
Бұған бола, барар жерден кеш қалдым,
Естіп тұрмын Риганың кешкі əнін.
Еріксізден көзге жасым үйіріліп,
Елде қалған екі ағамды еске алдым.
* * *
Риганың көшесінде көп халық,
Арасында цыгандар жүр топталып.
Қара көзі өңменіңнен өтеді,
Қарсы алдыңнан қарағанда оқталып.
Əйелдердің кең етегі шұбалып,
«Айналдырды» мені шетке шығарып.
Кооператив «джентельмені» сияқты,
Тек қана ақша табуға тұр сұранып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу