Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  159


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БОЛАР МА ЕДІҢ, ҚАСЫМДА

Ақ түскен шашыма,
Бақ болып менің басыма.
Боталап бота көздерің,
Болар ма едің қасымда.
Ойыңда жоқпын білемін,
Тілегің адал,
тілегің.
Ауырған мына жүректің
Табамын қалай бір емін.
Күйіне сезім ерейін,
Көңілді жырға бөлейін.
Ойымды ұғар ма екенсің,
Осы өлеңді оқып берейін.
Көктемнің соңғы басында,
Бақ болып менің басыма.
Көктеміңді алып көңілге
Гүл болып келші қасыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу