Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  136


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚҰСТАР ƏНІ

Құстар əні сан құбылтып айналаны,
Бірде қонып,
бірде ұшып айналады.
Түріменен жайқалған түрлі гүлдің,
Түрлендіріп жүреді сай-саланы.
Теңіз құсы,
Гүл құсы,
Орман құсы
Бəрінің бір ұшуы,
толғанысы.
Тұлғалары кішкене болғанменен,
Бір-бірімен үндескен зор дауысы.
Мұның да бар:
ақ, қара, қоңыр түсі
Толымсызы кезеңі,
толымдысы.
 Үндерінен бұлардың естіледі,
Құлағыңа қонымды,
қонымсызы.
Жемге, орынға өзара таласуы
Бұларда бар – табиғат жарасымы.
Бір-біріне болғанмен жан ашуы,
Бір-біріне білмейді данасуды.
Бірін-бірі абайлап тору жағы,
Бір-біріне жақтасып қору жағы
Болғанменен.
Бұларда кездеспейді
Байлық жиып,
Мансапты болу жағы.
Ал əн айтса еркімен көсіледі,
Демей мынау:
«сиыр түс, бесін еді!».
Бұтақтарда бұлбұлы,
Көлде аққуы
Самал болып саз үні есіледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу