Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.02.2022
98
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-02-12-01-42-30.png)
ЛАТЫШТЫҢ ГАУСАР ƏНДЕРІ
Тыңдасам əн мен қай хорын,
Жүрегімменен сеземін.
Қалғып тұрғандай болдым,
Қайығындай өзеннің.
Көп қоңырау сыңғыры
Көмейлерде жатқандай.
Музыканың мың тілі
Қанаттарын қаққандай.
Ақ самалға теңселген
Ақ қайыңдай болдым мен.
Ақ толқынға еңсерген
Шағаладай болдым мен.
Құлағымда ең ізгі үн
Сый-құрметі сезімнің.
Толқындары теңіздің
Тербеткендей сезіндім.
Латвия өңірі
Орманындай қалың əн.
Асқақ ақын көңілі
Алыстаса сағынған.
Ғасырлардың сырларын
Ғажайып əн ұқтырып –
жатса.
Осы ғой жырларым
Бұдан артпас мықтылық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇