Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  217


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЛАТЫШТАР

Анайы сөз кездеспейді тілінен,
Бұл бір үлкен мəдениет білінген.
Адамдарды ғайбат сөзге қарамай,
Түсінеді екен бірден тілінен.
Киіміндей кір шалмаған жаны да,
Тазалықты тілейді екен таңына.
Өзің адал болып келсең,
өзіңді,
Саған туыс
таны,
мейлі таныма.
А дегенде ашылмайды кісіге,
Көрінеді тəкаппарлау пішінде.
Кездескенде өз тілінде сөйлейді,
Жұмысы жоқ түсін, мейлі түсінбе.
Көрсе егер сенен ұлттық көнені,
Қадірлейді ойларымен келелі.
Таулары жоқ болса дағы
шетінен
Бір-бір тау боп көрінгісі келеді.
Аз болсада дəстүріне қанықтым,
Сөйлемінің сөздерінен Əн ұқтым.
 Шеттерінен шұғыла боп тұрса да,
Барлығы да күнге ғашық халықтың.
Махаббаттың белгісіндей аруы,
Таусылмайтын қасиеті бар ұлы.
Қарапайым жұмысшы боп жүріп те,
Қатар алған қалам менен қаруды.
Сертке берік,
Сөзге ұстамды мəрт екен,
Деме оның қарсы алдында «жалт» етем,
Байлығы оның мəшинесі,
дача емес,
Байлығы оның туған ұлты,
халқы екен.
Осылайша сүйеді екен өз елін,
Тат түсірмей таза сақтап өзегін.
Қасіреті –
баласының оқудан
Құлауы емес,
Ластануы өзеннің…
Олар үшін жапырақтың өзі күн,
Гүлдендірген жүрегінің сезімін.
Ормандарын.
Қорғандарын шетінен,
Қорғайды екен қарасындай көзінің.
Тарихына бір кісідей қанықтым,
Көздерінің жанарынан танып күн.
Жері толған бұлбұлдардың бағы екен,
Жезтаңдайлы латыш деген халықтың.




1 Лачплесис – эпос кейіпкері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу