Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.02.2022
112
ЖАМБЫЛ КҮЙІ ТОЛАССЫЗ КҮМБІРЛЕГЕН - ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР
(Бұл өлеңге К. Шалқардың жазған əуені бар)
Құбылып дидарыңдай таң нұрының,
Заманнан заман өтіп жаңғырды үнің.
Ешқандай Гомер емес, Қазағымның
Тауының асқарындай Жамбылымсың.
Тасқындап тау өзендей келеді ойым,
Халықпыз жомарттықты елемейтін.
Жайлауда қымыз ішкен қарт жырауды,
Сыра ішкен ел қатарына теңемеймін.
Өмірде қуанышпен күйік көрген,
Ақылгөй абызысың сүйікті өлең.
Атанып қартайғанда Алып ақын,
Қазақтың құдіретімен биіктеген.
Ақындық тасымас талант əлі бізде,
Қыста айтсақ таусылмайтын кəрі күзде.
Құламас шын бақыттың шыңы болған,
Жəкеңнің жасын берсін бəрімізге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter