Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  159


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАМБЫЛ ТАУЫ ТУРАЛЫ

Көз ұшында мұнартып көрінесің,
Көтеріліп көңілімдей өріңе күн.
Сағынышты сазым бар саған деген,
Самалындай сабылып өрілетін.
Құстарым көп асығып қанат қаққан,
Көктем келе жатқандай парақтап əн.
Етке біткен ежелгі қазақылық,
Көңіліммен ұмтылам далақ қаққан.
Қызығыңды қызықтап тоймағанмын,
Орманындай ойланам ойға қалың.
Алатаудың шыңына шығып алып,
Абай болып өзіңді ойға аламын.
Суы мөлдір, саялы тал бастауың,
Сұлуыңмен жайғасқан жалғас жаным.
Гомер ақын мың жерден туса дағы,
Шүйіншіге алмаймын Парнас тауын.
Сұлулығың тамыздың таң нұрындай,
Ыстықтығың жазылған жан жырымдай.
Қазағыма қадірлі киелі тау,
Ұлылығың қарт жырау Жамбылымдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу