Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  208


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КӨККӨЛ ЖЫРЫ

Бек Тоғысбаевқа
Көккөл сені көргем жоқ,
Көгалыңа аунап бір.
Көңілімді көркемдеп
Көкше жырым қаулап тұр.
Атыңды айтқан сайын мен,
Əрленемін биіктеп.
Жақындайсың дəйім сен,
Жалғасы боп биік көк.
Қаламы оң жолының,
Қарап оң мен солыңа.
Қармақ алмай сол ұлың,
Қалам алған қолына.
Оның жазған кітабы,
Ел аңсаған күй сазы.
 Оның жазған кітабы,
Отау үйдің жиһазы.
Ат шылбырын бұратын
Ауыл болсаң,
Сенің де –
Беренім деп ұғатын,
Бегің осы тегінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу