Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
217
САУЫҚ КЕШ
Күн батты.
Кетті əне сам жамырап,
Домбыра сағағында сан жаңа ырғақ.
Аспанның бар жұлдызын бауырына алып,
Көл жатыр кірпік қақпай таңданып ап.
Жайылған алдымызда дастарқан тоқ,
Қызықты өткізуден басқа арман жоқ.
Біреулер шын көңілден көрсетсе өнер,
Біреулер тəлімсиді басқарған боп.
Орнады шұғыласы от арманның,
Арулар дидарындай атар таңның.
Аққудың қанатының сыңғырындай,
Дыбысы қолға ұстаған бокалдардың.
Шампандар құйылады қаз тамақты,
Тағы да, жадыратып жаз қабақты.
Əлдилеп атырапты жүректерден,
Аспанды астарлайды саз қанаты.
Бұл кешке тақалған жоқ ұйқы жолы,
Тірліктің кезікпейді күйкілері.
Қыздар мен жігіттерді қызықтырып,
Барады бұл кештегі би түрлері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter