Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  152


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАЙРАН, АҚБОЗ!

Қайран, Ақбоз! Əкемнен қалған маған,
Ешкімнің де жеміне алданбаған.
Сені ойласам түсемін сергелдеңге,
Сеңгірімнен шықпайды зарланған əн.
Қайран, Ақбоз!
Ұшатын қанатым ең,
Бауыр басқан бауырымдай бала күннен.
Шығатұғын шыңыма құстай ұшып,
Күткен жерге уақытында баратын ем.
Кім болғанын білдіріп көліксіздің,
Амалым не, Ақбозым өліп тындың.
Тасбақаның тірлігі тағдырым боп,
Маңдайыма жазылдың күлкісіз күн.
 Өкініштер жанымды тербегенде,
Күйге түсем қабағат елден өзге.
Арманыма жетер ем,
əттеген-ай,
Құлагердей Ақбозым өлмегенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу