Өлеңдер ✍️
ӨМІР ҮШІН
I
Жоқ болса да кегіміз,
Мысқылменен күлетін.
Бір бөлмеде сегізбіз,
Жұмыс істеп жүретін.
Айтпаса да арнап əн,
Бар бізде жұрт қалауы.
Əрқайсымыз əр жақтан
Шыққан жолдың тарауы.
Болмаса да кісіге
Бұзық мінез ұятты,
Осылардың ішінде
Тентегі мен сияқты.
Қанды қанша тасыттым,
Бірақ өмір өлеңім.
Айтқанына бастықтың
Сондықтан да көнемін.
II
Оны өзі отырады аңғарып,
Жүргендігін қулығымен жан бағып.
Ал біреулер түсіне алмай бұл істі,
Аңқаулыққа батар, тоба-ай, таңданып.
Кейбіреулер түймедей ғып түйені,
Қаралауға қолына алса күйені.
Ал біреулер бадырайтып барыңды,
Бұл өмірде сені ғана сүйеді.
Айтпай қалсаң бірлікте егер бір күн əн,
Ертеңінде арызданар сыртыңнан.
Өмірі үшін өтірікті сіміріп,
Кейбіреулер бұзады өстіп шырқыңнан.
Кейбіреулер білсе дағы білмейді,
Шамырқанып, шаттығына күлмейді.
Шыңға шықсаң шыңырауға жол салып,
Шылым шегіп күйінеді, күндейді.
Өтсе дағы талай күндер талмастан,
Осылайша бір-бірімен арбасқан.
Осылайша сау адамды «қотыр» ғып,
Жүретұғын кездер бар-ау!
О, тірлік...
III
Желге жүзін желпіте,
Кəнігі аңшы Бақталы.
Бір күні ерте жемтікке
Құрды шойын қақпанды.
Тұрса дағы «кел бері»
Болса дағы асық татқанға.
Ашықса да ол бөрі,
Жоламады қақпанға.
IV
Көзін əлі ашпаған
Ұяда үш балапан.
Тірлікті енді бастаған,
Таң қаласың қарасаң.
Демін алып жыбырлап,
Денелерін қозғайды.
Жатпаса да тыным ап,
Мойны ұядан озбайды.
Келсе анасы жем алып,
Шырылдайды, қонбастан.
Сондықтан да дем алып,
Отырмайды ол бастан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter