Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
13.02.2022
169
Ерке күшік
Үйінен шықса далаға Жүсіп,
Орнынан атып тұрады күшік.
Еркелеп келіп асылады оған,
Жатады кейде аяғын құшып.
Маңайда жүрсе тауық не мысық,
Кетеді қуып құйрығын қысып.
Жете алмай қалса, ыза боп өзі,
Қайтады кейін еңсесі түсіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter