13.02.2022
  173


Автор: Абдрахман Асылбек

Айна

Ойыншық ат үшін
Қызарып құлағым,
Ініммен шатысып,
Жата қап жыладым.
Сол кезде аға кеп,
Қойды да жай ғана:
– Бұл қандай бала? – деп,
Қаратты айнаға.
Ұсқынсыз өзімді
Көрдім де айнада.
Уқалап көзімді,
Дей бердім:
– Қай бала?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу