Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
94
* * *
Қасқыр көрсең түспесін ит есіңе,
Азаяды ол бар жерде несібе.
Уақыттың кездемесін ұйқы етіп,
Балап жүрме сəске түсті бесінге.
Жылан көрсең кесірткі деп ұғынба,
Тұнықтық жоқ тұманданған ұғымда.
Күн нұрына жатқанменен жылтырап,
Арылмаған ажал жатыр жылымда.
Шеңгел гүлін
қызғалдаққа балама,
Шың тұрғанда шынар басын қалама!
Жақсылықтың көптігіне шүбəм жоқ,
Жамандық та болуы хақ ғаламда?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter