Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  106


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Теңестірме үйеңкіні қайыңға,
Сал қармақты шабаққа емес, жайынға.
Жүрегіңде жанған жұлдыз болмаса,
Жұртқа сенбей, жүргенің жөн жайыңа.
Айлар тұрмақ, күндер өткен сайын да,
Созбағайсың қолдарыңды дайынға.
Балуандықтың бас бəйгесі нар емес.
Намыс үшін!
Майданға шық тайынба.
Терің сіңген тесік тасты тастама,
(Қасиет бар тамған тер мен таста да).
Бұл өмірде басқа «еркелік» жетеді,
Бүлік салма қарап тұрып басқаға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу