Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  128


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Іркілме сайыстарда күшің барда,
Мейлі сен жолықсаң да ысылғанға.
Сəлемдес, кішілерді кісі санап.
Діндері будда ма, əлде мұсылман ба?
Ағаңның өзімсініп осқанынан,
Зиян жоқ, қираса да қос қабырғаң.
Аяма астыңдағы атыңды да,
Өзіңмен өзегі бір достарыңнан.
Өзіңе əкелік сыр осы өлеңім,
Өмір-Дос! Қобызына қоса бер үн.
Үйіне шөберемнің аттанарда,
Мендегі сағынышты қоса бердім.
Ойлама, деп сөзімді: жалық етті,
Тілеймін жанарыңа барлық отты.
Ұмытпай есіңе ал, көз ұшында –
Бабаңның басы қалған арғы бетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу